бағаналы карбонаттар қабат біртіндеп аналық жынысқа (С)
ауысады.
Карбонатты қара топырақтың кәдімгі қара топырақтан
айырмашылығы – олардың көпіршуі беткі қабаттан байқалады,
яғни топырақ кескінінің өн бойы карбонатты. Топырақтың
түйіртпектілігі салыстырмалы нашар.
Кебірленген кәдімгі қара топырақтың В
1
қабаты белгілі
деңгейде нығыздалған, гумус қабатының жоғары бөлігі ептеп
шаңданған, В
1
қабатының түйіртпектілігі бағаналы. Осы нышан-
ның айқындалуына байланысты кебірленген қара топырақ тегі
түрге бөлінеді: әлсіз кебірленген, орташа кебірленген, күшті
кебірленген.
Кебірлі-сортаңды кәдімгі қара топырақ – морфологиялық
тұрғыдан кебірленген қара топырақтан айырмашылығы аз. Тек
бұл топырақта жеңіл еритін тұздар ақ қабыршақты немесе басқа
жаңа жарандылар түрінде кездеседі. Сонымен қатар гипстер
майда кристалды немесе қатты шоғыр ретінде айқын байқалады.
Осолодтанған (шақаттанған) кәдімгі қара топырақтар
гумус қабатының астында аморфты кремний қышқылының шо-
ғырлануымен және В
2
қабатында айқын байқалатын иллювиаль-
ды қабатының бағаналы түйіртпектілігімен ерекшеленеді.
Түйіртпектер қырларында айқын жылтырлықпен гумус жағын-
дылары кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: