оның құрамында қара жусан, ақ жусан, қараматау, изен, көкпек,
бетеге, т.б. шөптер өседі.
Кебір топырақтардың бетінде көп мөлшерде балдырлар
кездеседі.
Дала кебір топырақтарының кескіні генетикалық
қабат-
тарға айқын бөлектенген. Жеке бөлектенген карбонатты қабат-
тың 45-50 см тереңдігінде ақ көзді дақтар кездеседі, оның ас-
тында гипсті, одан төмен суда жақсы еритін тұздар жинақталған
қабат орналасады. Бұл кебірлер көбінде шақатты болғандықтан
жартылай гидроморфты, гидроморфты
кебірлерге қарағанда
сілтісізденген кескінді болады. Бірақ тұзды жыныстар жақын
орналасқан жағдайда бұл кебірлердің кескіні сортаңды болады.
Тұзданудың хлоридті-сульфатты типі басым келеді.
Далалы кебірлерде содалы тұздану өте сирек кездеседі. Жарты-
лай гидроморфты кебір топырақтар (шалғынды далалы) жайыл-
ма үстіндегі бірінші немесе екінші терассаларда, дөңдер орта-
сындағы және көлдер маңындағы ойпаңдарда ыза судың қосым-
ша әсерімен немесе аралас ылғалдану салдарынан пайда болады.
Ыза су деңгейлері 3-6 м тереңдікте ауытқиды. Көп кездесетін
өсімдіктер:
қара жусан, Шренк жусаны, кермек және бетеге.
Жартылай гидроморфты кебірлердің кескіні бойында карбо-
натты және гипсті қабаттар гидроморфты кебірге қарағанда
айқын бөлектеніп тұрады. Көп жағдайда гипсті қабат карбо-
натты қабатпен бірге де кездеседі. Гипстің ең көп шоғырлануы
карбонатты қабаттың астында байқалады.
Аталған екі қабат
топырақ бетінен таяз орналасады (30-40 см). Бұл кебірлер текке
тұздардың сапасы бойынша бөлінеді. Хлоридті-сульфатты тегі
басым болады.
Гидроморфты кебір топырақтар (шалғынды, шалғынды-
батпақты) өзен жайылымдарында, көлдер маңындағы және
дөңестер аралығындағы, басқадай да ойпаң жерлерде шалғынды
өсімдіктер астында қалыптасады.
Шалғынды кебір топырақтар
ыза су деңгейі жер бетіне жақын (3 м дейін) жағдайда пайда
болады, сондықтан тұзды-сулы ерітіндінің әсеріне тап болып
тұрады. Сол себепті бұл кебірлер иллювиальды қабаттың ас-
тында көп мөлшерде суда жақсы еритін тұздарды жинайды.
Шалғынды кебір топырақтар тұздардың сапасы бойынша текке
бөлінеді, олардың содалы және содалы-хлоридті тұздану типі
басым болады. Шалғынды кебір
топырақтардың ішінде ерекше
кебір сор топырақтар кездеседі. Бұл топырақтар беткі қабаттың
басым суда еритін тұздардың жинақталуымен және тығызданған
иллювиальды қабаттың бірге қалыптасуымен сипатталады.
Сібірдің орманды далалы зонасында шалғынды-батпақты кебір
топырақтар кездеседі. Бұл кебірлердің иллювиалды қабатының
үстінде шым тезекті қабат қалыптасып,
кескіннің төменгі жа-
ғында глейлі қабат орналасады. Жоғарыда сипатталған кебірлер-
дің типшелері келесідей түрлерге бөлінеді: 1) гумусты-эллю-
виалды (А) қабатының қалыңдығы бойынша – қабыршықты –
қабат қалыңдығы 5 см кем, таяз-5-10 см, орташа 10-18 см және
терең 18 см қалың; 2) кебір қабаттағы сіңген натрийдің мөлшері
бойынша өте аз ( қалдықты) 10% дейін, аз натрийлі 10-25 %,
орташа натрийлі 25-40%, көп натрийлі 40%; 3) кебір В
1
қаба-
тының түйіртпектілігі бойынша – бағаналы, жаңғақты, приз-
малы; 4) шақаттану деңгейі бойынша – әлсіз шақаттанған, орта-
ша және күшті шақаттанған.
Достарыңызбен бөлісу: