Кебірдің генетикалық қабаттары тек қана морфологиялық
белгілері бойынша бөлектеніп қоймай, физикалық және химия-
лық қасиеттері бойынша да өте бөлек болып келеді. Өте қолай-
сыз қасиеттермен тұнба фракцияларға байыған және алмаспалы
натрий катионы көп кебір қабаттар сипатталады. Кебірлердің В
1
қабатында алмаспалы натрийдің мөлшері топырақтың сіңіру
сыйымдылығының 15-тен 60 % құрайды. Содалы гипспен
тұзданған кебірлерде алмаспалы натрийдің мөлшері хлоридті-
сульфаттарға қарағанда әжептеуір көп болады.
Кей жағдайға алмаспалы негіздердің құрамында көп мөл-
шерде магний кездеседі. Құрамында сода кездесетін кебірлердің
реакциясы ортасы өте сілтілі болады (рН 8-11). Бейтарап тұздар
бар кебірлердің реакция ортасы сәл сілтілі болып келеді. Кебір
топырақтардағы гумустың мөлшері оның таралған зонасына
және гранулометриялық құрамына байланысты кең көрсеткіш
арасында ауытқиды. Қара топырақ зонасының кебірлері қара-
қоңыр топырақ зонасының кебірлерімен салыстырғанда көп
гумусты болып келеді. Құмбалшықты кебірлерде гумус құмайт
кебірлерге қарағанда көбірек болады. Кебір қабат гумусының
құрамында гумин қышқылдарының фульво қышқылы басым.
Кебір топырақтар нашар сулы-физикалық және физика-ме-
ханикалық қасиеттермен сипатталады. Су өткізгіштігі өте төмен
өсімдіктер пайдалана алмайтын ылғал қоры жоғары болып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: