Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет57/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

қатты фаза 
(минералдық және органикалық), 
сұйық фаза
(топырақ ерітіндісі), 
газды фаза 
(топырақ ауасы) және 
тірі 
фаза 
(топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір-бірімен 
өте тығыз байланыста болады. 
Соныме бірге, топырақ – ашық, жылжымалы жүйе, өйт-
кені ол биосфераның басқа жүйелерімен үздіксіз қарым-қаты-
наста болып тұрады. 


Топырақтың табиғи дене ретіндегі ерекшелігі – ол өте 
күрделі зат құрамдары және негізгі көрсеткіштері өзгерулері 
заңдылықтарының бар болуы. Сонымен қатар ерекше, тек 
топыраққа ғана тән органикалық заттары (қарашірінді), химия-
лық элементтерінің әртүрлі құрамдарының болуы. 
Топырақтың қатты фазасы 
көлемінің топырақтың 
табиғи 50-60%-ын алады. Қатты фаза құрамына топырақтың 
минералды және органикалық бөліктері жатады, ал минералды 
бөлік топырақтың қатты фазасының негізін құрайды. Топы-
рақтардың құнарлы қара шіріндісіне (гумусқа) бай беткі қаба-
тының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95%-ы, төменгі қабатына 
99 % және одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың минералды 
құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың минералдық 
құрамын сақтайды. 
Топырақтың сұйық фазасы – 
бұл топырақтағы ылғал, 
топырақ ерітіндісі. Топырақтағы құрамы және көлемі бойынша 
оның өте жылжымалы бөлігі сұйық фазаны − топырақ денесінің 
“қаны” деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көл-
денең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар 
бөлінеді. 
Топырақтың газды фазасы – 
топырақтағы судан бос ке-
уектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы 
ауадан өзгеше болады. 
Топырақтың тірі фазасы 

 
бұл топырақты мекендейтін 
және топырақ түзу үдерісіне қатысатын тірі ағзалар. 
Табиғатта топырақтар осы барлық фазалардың бірлігі 
арқылы бір физикалық дене сияқты қызмет етеді. 
Топырақ фазаларының құрамдары туралы төменде жеке-
жеке айтылады. 
Топырақтың минералдық құрамы. 
Майда ұнтақталған тау 
жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктері 
өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: 
алғашқы және 
екінші. 
Алғашқы – магматикалық және метаморфикалық аса 
қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі – жердің үгілу немесе 
топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық 
үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақ-
талған өнімдері түзілген минералдар. 


Алғашқы минералдар. 
Химиялық құрамы жағынан тау 
жыныстарындағы алғашқы минералдар – негізінен элемент-
тердің оттегі қосылыстары, тотықтар мен силикаттар. Тотық-
тарға кварц SіO
2
, гепатит Fe
2
O
3
, магнетит F
3
O
4
, рутил TіO
2,
т.б., 
ал силикаттарға дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, амфи-
болдар және оливиндер жатады. Кварц – ең кең тараған мине-
рал. Жер астынан анықталған, шөгінді, үйінді және топырақ 
құрамындағы тау жыныстарында ол 25-40% мөлшерде, ал 
кварцты құмдар мен құмтастарда 90 %-дан астам мөлшерде 
болады. Кремний оттегі қосылысы бекем қаңқалы құрылым 
түзгендіктен, үгілу құбылыстарына да берік болады. Сондықтан 
олар топырақтардың элювиалді қабаттарында қалдықты мине-
рал ретінде көп кездеседі. Топырақта гематит пен рутин не бары 
0,5% - дай ғана. 
Силикаттар – көп таралған минералдар тобы. Мұнда да 
кремний оттегі қосылыстары SіO
4
, берік төртбұрышты қаңқалы 
құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады. 
Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала шпаттар 
минералдары жатады. Олардың қаңқаларының ортасында крем-
ний және алюминий иондары орналасқан. Ал төртбұрышты қаң-
қалар кальций, натрий және калий иондарымен жалғасқан. Дала 
шпаттары SіO
2
:AІ
2
O

қатынастары 5–6-ға тең болған жағдайда 
қышқылды, ал ол қатынас 2-3-ке азайған кезде негізді болып 
саналады. Қышқылды дала шпаттары құрамында калий мен 
натрий бар. Олардың қатарына кең тараған калий дала шпаты – 
ортаклаз немесе микроклин K (AІS
3
O
8
) және натрийлі дала 
шпаты - альбит - NaAІS
3
O
8
, ал негізгі дала шпаты қатарына
анортит Ca (AІ
2

2
O
8
) жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет