Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет35/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Аэробты бактериялар 
– оттегі еркін келіп тұрған жер-
лерде өмір сүріп, көбейетін микроағзалар, оттегі болмаса олар 
жойылып кетеді. 
Анаэробты бактериялар 
оттегісіз ортада дами береді. 
Олар оттегі бар болғанда да, онсыз да өмір сүретін факуль-
тативтік және оттегі бар ортада өмір сүре алмайтын облигатты 
бактериялар болып бөлінеді. 
Саңырауқұлақтар 
– кең көлемді ағзалар тобы. Олардың 
ішінде топырақтың органикалық заттары мен лигнин клетка-
ларының ыдырауына, қарашіріктің пайда болуына қатысатын 
микроскопиялық саңырауқұлақтар – актиномиценттердің орны 
ерекше. Сонымен бірге көгеретін және басқа да микроско-
пиялық саңырауқұлақтар да үлкен рөл атқарады. 
Балдырлар 
– органикалық заттардың, қарашіріктің пайда 
болуына, топырақ түзілуінің алғашқы үдерістеріне қатысатын 
хлорофилді микроағзалар. 
Қарапайымдар 
– бір клеткалы (инфузориялар, т.б.) аэроб-
ты ағзалар. Олар топырақ бактерияларымен қоректенеді. 
Микроағзалардың саны топырақта өте көп, олардың 
салмағы топырақтың 2,5 см қабатында 1 гектарға шаққанда 5-7 т 
жетеді. Олар органикалық және минералдық заттардың барлық 


негізгі қоректік элементтерін босатады, топырақтардың жоғарғы 
қабаттарын қара түске бояйтын және топырақтың минерал 
бөлігіне едәуір әсер ететін ерекше шіріткіш қышқылдар синтез-
дейді. 
Топырақ түзілуінде топырақтарды 12 м тереңдікке дейін 
тесіп жол жасайтын жауын құрттары маңызды рөл атқарады. 
Жауын құрттарының көпшілігі бір жарым метр топырақ 
қабатында тіршілік етеді. Топырақта жол жасау арқылы жауын 
құрттары оларды аэрациялайды да, өсімдік тамырлары жүйе-
сінің дамуына септігін тигізеді. Бір жыл ішінде жауын құрттары 
100 т жапырақты өңдей алады және 1 гектар жердің топырағын 
қопсытып немесе араластыра алады. 
Жәндіктердің көптеген бөлігі ормандарда немесе өсімдік 
жамылғысында, не топырақтың біраз тереңдіктерінде болады. 
Олар өсімдік қалдықтарын ұсақтап, солармен қоректенеді және 
топырақтың жоғарғы қабаттарында жол жасап, қопсытып су 
сіңіру және қоректену режимдеріне әсер етеді. 
Топырақ түзілуіндегі сүтқоректілердің рөлі салыстырмалы 
түрде үлкен емес, олардың біраз бөлігі ғана топырақта өмір 
сүреді, бұлар суырлар, тышқандар, саршұнақтар т.б. Микро-
ағзалар, жауын құрттары, жәндіктер және сүт қоректілер орга-
никалық заттарды белсенді ыдыратады, оларды минералдайды 
және қоректік элементтер айналымын қамтамасыз етеді, 
оларсыз топырақ түзілу үдерісінің жүруі де мүмкін емес. 
3. Топырақтүзілуде климат жағдайларының маңызды әсері 
бұрыннан белгілі. Топырақты энергиямен (жылумен) және 
маңызды түрде сумен қамтамасыз ету климатпен тікелей байла-
нысты. Топырақ түзілу үдерісі жыл бойы жинақталатын жылу 
мен ылғалдың тәуліктік, маусымдық таралуына және климат 
ерекшеліктеріне байланысты. Қатты аяз болған жылдары 
топырақтың үсікке шалдығатын кезі де биологиялық үдерістер-
дің нашарлауы және физика-химиялық үдерістердің күрт 
бәсеңдуі байқалады. Жауынсыз ыстық жылдары да дәл сондай 
заңдылықтар болады. Ауа массасының қозғалысы (жел) топы-
рақтың газ алмасуына әсер етіп, топырақтың кішкене бөлшек-
терін ұшырып шаң-тозаңға айналдырады. Сонымен қатар 
климат топыраққа тек тікелей емес, жанама да әсер етеді, 


мысалы, топырақтағы биологиялық үдерістер (жоғарғы саты-
дағы өсімдктер мен микробиологиялық әрекеттер). Жер шарын-
дағы климаттық жағдайлар экватордан полюстерге, ал таулы 
аймақтарда тау етегінен жоғары қарай биіктеген сайын заңды 
түрде өзгереді. Осы заңдылықтар бойынша өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі де өзгереді. Айта кететін нәрсе, климат 
элементтері ғана емес бір-бірімен байланысты топырақ түзуші 
факторлар да бірлесе әсер ете отырып топырақ типін өзгрете 
алады. 
Жалпы климат өзінің элементтері мен топыраққұралу үде-
рісінің бағытына қарқынды әсер етеді. Метеорологиялық эле-
менттердің (жағдайлардың) ішінде топыраққұралуда басты 
қызметті жауын-шашын, температура және жел атқарады. Осы 
климат элементтерінің мөлшері мен олардың өзара септесулері 
бұрынғы КСРО территориясының әр жерінде әртүрлі. 
Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және топырақ құнар-
лығының элементі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет