«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет152/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Бастапқы білім 
Сөз мәдениеті және шешендік өнер 
Тірек сөздер 
Сөз қадірі, «арық сөйлеп, семіз шық», шаршы топ, ділмар 
және т.б.
 
Қажетті ресурcтар 
https://library.wksu.kz/dmdocuments/
 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
 
Оқылымалды тапсырма 
 
1-тапсырма. Берілген сөздерден мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құра. 
 
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша ойлан. 
1.
Шешендіктің жалпыадамзаттық мәні неде деп ойлайсың? 
2.
Шешендік өнер ретінде, ғылым ретінде қайдан бастау алады? 
3.
Шешендік өнер тарихындағы қандай даналарды білесіңдер? 
 
 


Оқылым тапсырмасы 
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықтап, берілген мәліметтерге өз 
бағаңды бер. 
Шешендік өнердің теориясы мен практикасы ретінде шешендіктану ғылымы біздің жыл 
санауымызға дейінгі V-IV ғ.ғ. Ежелгі Грекияда қалыптасты.
Шешендік өнер Египет, Ассирия, Вавилон, Үндістан сияқты ежелгі мемлекеттерде де 
жоғары бағаланған. Шаршы топ алдында сөйлеу механизмін қалыптастыру бағытындағы 
алғашқы тәжірибелік зерделеу қадамдары осы аталған мемлекеттерде де қолға алынуы 
әбден мүмкін, дегенмен шешендіктанудың теориясы туралы жүйелі жұмыстар Ежелгі 
Грекияда пайда болғаны ақиқат. Шешендік өнердің пайда болуы мен гүлденуі б.э.д. V-IV 
ғ.ғ. Ежелгі Грекиядағы қоғамдық құрылыспен байланысты да түсіндіріледі. 
Кімде-кімнің табиғи шешендік өнері болмаса, амал жоқтықтан бұны оқып-үйренуі тиіс 
еді. Тап осы тұста өзге ғылымдарға қоса /алғашқы кезекте философия/ шешендік өнерге 
де оқытып-үйрететін, баулитын ақылы оқытушы-софистер пайда болды. Софистер сөзді 
ойната, құбылта қолдана білді, олар шешендік өнердің практикасына ғана емес, 
теориясына да үлкен мән берді. Шешендік өнер туралы ғылым ретінде 
шешендіктанудың /риторика/ негізін де осылар қалады. 
Грек философтары Платон (б.э. дейінгі 427-347 ж.ж.) мен Аристотель (б.э. дейінгі 384-
322 ж.ж.) шешендіктің теориясына орасан зор үлес қосты. Платон: «Шешендік – 
сендірудің шебері, оның бар мәні де, міндеті де осында», - деп шешендіктану ілімінің 
салмағын анықтайды. 
Шешендіктану теориясы дамуының тұтас дәуірін ежелгі грек философтарының феномені 
болған Аристотель шығармашылығы алады. Шешендік өнерін дамыта келе Аристотель 
шешендіктану пәнін оған дейінгі айтылған көзқарастармен салыстыра отырып, біршама 
деңгейде кеңітті. 
Ежелгі Грекия шешендік өнерінің атақты шеберінің бірі – Демосфен (б.э. дейінгі 384-
322 ж.ж.). Ол құл иеленушілік кезеңінен тәлім алған өкіл ретінде демократиялық 
құрылымның қорғаушысы болды. Ежелгі Римдегі шешендік өнер дамуының ұшар биігі 
әлемдегі ең атақты шешендердің бірегейі Цицеронның іс-әрекеті болып табылады. Марк 
Тулий Цицерон (б.э. дейінгі 106-43 ж.ж.) – шешендіктің белгілі теоретигі.
Цицеронның ойынша, шешеннің күшті болуы – тыңдаушыларын өзіне бағындыра 
білуінде. Кімде-кім форумда не азаматтық сот процесінде тыңдаушыларды иландыра, 
өзіне бағындыра, рахат сезімге бөлей сөз сөйлей білсе ғана шешен деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет