«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет150/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Тыңдалым тапсырмасы
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тақырып бойынша терминдер мен 
негізгі ұғымдарға, тілдік оралымдарға назар аудар.
Тыңдалым мәтіні: 
Ныязбекова 
К.С., 
п.ғ.к., 
Абай 
атындағы 
Қазақ 
ұлттық 
педагогикалық университетінің доценті:
Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен 
билеу өнері. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен 
өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең 
меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы 
айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің 
кеңдігімен тамырлас. Демек, шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін 
сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің 
ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, 
Сөз мәдениеті –
 
әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-
тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде 
мәдениеттілік, әдептілік таныту. 
Шешендік өнер
– 
іс-әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. 
Шешендіктану 
(риторика) – өзінің нысанасы, теориясы, тарихы бар жеке ғылым саласы. 
Шешендік сөз
(ораторство) – шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. 


сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, 
өз дүниетанымының нәтижесі. 
Нұрлан Шүленбаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
терминология бөлімінің ғылыми қызметкері: 
Мәдениеттің өзін екіге бөліп жүрміз: материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде, 
тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Академик Р.Сыздықова бұл мәселедегі ойын 
«Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс 
құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау 
(орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау 
(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру» деп сабақтаса, ғалым 
Н.Уәли өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, 
жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл 
айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық» деп жазады. Қандай адам болмасын, ой-
өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған 
жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» 
деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, 
күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса -
солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін 
бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет