«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет52/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

сұхбат 
мақала 


Кітапхананың құны қаншалықты бағаланғанына төмендегі жолдар куә. «Қарт, тыңда! 
Менің де өлер шағым таяу, оны өзім сезіп жүрмін. Бірақ осы күні маған зор уайым маза 
бермей жүр, ол – мына кітапхананың тағдыры. Осы кітапханада өзіңмен бірге отырып 
кеңесіп, талай таңды атқызған кездерімде мына асыл кітаптарды, осы ғылым байлығын 
қандай зор қиындықпен жинағанымды өзіңе де талай айтқанмын. Дүния жаралғаннан 
бергі адамзат ақылының ең қадірлі, ең жақсы, ең қымбатты туындыларын өз сарайыма 
жинау үшін қаншама ғұмырымды, қаншама күшімді, қайратымды жұмсадым. Тілегіме 
жеттім. Бірақ ой-һой, жолына жанымды қиып жинаған байлығым – кітапханам мен 
өлгеннен кейін тозаңға айнала ма деп қорқамын. Өйткені, бұл байлықты балаларымның 
сақтай алатын түрі жоқ. Егер менімен жауласатын жауымның мен өлгеннен кейін 
кітапханамды сақтайтынына көзім жетсе, бар байлығымды қиналмай-ақ, қарсыласпай-ақ 
соған берер едім», – деп әйгілі әмірші Ақсақ Темір кітапханасын қимай көп толғаныпты 
[Жұлдыз, №5, 1993 ж.].
Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасу тарихына 200 жылға жуықтапты. Тұңғыш 
кітапхана 1831 жылы Орал қаласындағы әскери училище жанынан ашылса, 1858 жылы 
А.Столыпинның бастамасымен көпшілік кітапханаға айналады. Бүгінде бұл шаңырақ 
Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 
ретінде қызметін жалғастыруда. Келесі көне кітапхананың бірі – Абай атындағы Семей 
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. 1883 жылы кітапхана оқырмандарға қызмет 
көрсете бастайды. Ең ескі ЖОО кітапханасы – 1932 жылы Орынбор училищесі негізінде 
іргесі қаланған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 
кітапханасы. 1931 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы құрылып, 1991 жылы 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мәртебесіне ие болды. 2004 жылы Қазақ 
мәдениетінің 
жылнамасы 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
академиялық 
кітапханасымен толықты. Сонымен қатар, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы 
аясында Дамаскідегі Сұлтан Бейбарыс кесенесін реставрациялау кезінде 200 мыңға жуық 
қолжазба мен кітап сақталған кітапхананың табылғандығын қазақ зиялылары сүйіншіледі.
Үстіміздегі жылғы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанынан «әл-Фараби 
кітапханасының» ашылуы да – бірегей бастама. Демек, кітапхана – мемлекеттің мәртебесі, 
кемел келешектің сенімді кепілі.
https://e-history.kz/kz/publications/view/1881
© e-history.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет