«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет54/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
2-тапсырма.
«Сұхбат алушыға кеңес» мәтінін оқы. Маңызды тұстарын есіңе сақтап ал. 
Сұхбат алушыға кеңес: 
 

Қояр сұрақтарыңды ойластыр. Алғашқы сұрақ сұхбат берушінің тұлғалық қасиетін ашуға 
арналғаны абзал. Тақырыпқа қатысты маңызды сұрақтарды үшінші кезекке қойсаң болады. 
Сұрақтар реті де бір-бірімен байланысып тұруын қадағала. «Иә», «жоқ» деп бір сөзбен шорт кесіп
қысқа қайыратын мардымсыз сұрақ емес, толық жауап беретін нақты сұрақ қой.

Бұл кісімен әңгімелесу кімге қандай пайдасын тигізерін сарала. Бір сәтке мына жайттарға 
көрерменнің көзімен қарауға тырыс:
- Көрермендер нені білгісі келеді?


- Олар ненің түсіндірілуін қалайды?
Өзіңе ғана емес, өзгелерге де қызықты боларлық сұхбат жүргіз.

Әңгіме барысында тағы да сұрақтар туындауы мүмкін. Қосымша сұрақтар артық 
болмайды. Сұхбаттасушың сөйлеп отырғанда, көңіліңді басқа ешнәрсеге бұрмай, жауабын мұқият 
тыңда. Себебі үшінші сұраққа жауап беріп отырғанда, жетінші сұрағыңның да жауабын қамтып 
кетуі мүмкін.

Ауызекі сөйлеу стилін публицистикалық стильге түсіріп, өңде. Бастауыш пен 
баяндауышын орнықтырып, сөйлемнің басы мен аяғын тұтастыр. Сөйлем мағынасын өзгертіп 
алмайтындай етіп, өз сөзіңді қосып, көркемдеуге де болады.

Сұхбатты оқырманға түсінікті тілмен жеткіз. Халықтың өміріне жақын мысалдар келтір. 
Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол. Көрермендер сұхбатыңа сенуі тиіс. Егер 
адамның аты-жөні, сан, цитатадан қате жіберсең, аудиторияңның сенімінен айрыласың. 
www.massaget.kz
  
 
3-тапсырма. 
Тапсырманы жұппен орында. Сыныптасыңмен рөлді бөліп алыңдар. Бірің – 
сұхбат беруші, екіншің – сұхбат алушы.
 
Сұхбат алушының міндеті: мәтін бойынша 
сұрақтар әзірлеу (4-5 сұрақ). Сұхбат берушінің міндеті: мәтін бойынша маңызды 
ақпараттарды түртіп алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет