«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма



Pdf көрінісі
бет83/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
2-сабақ 
Оқу мақсаттары 
10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша 
негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу 
(конспектілеу)
Сабақ тақырыбы 
Ғылымның дамуы – елдің дамуы 
Сабақ мақсаттары 
Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды іріктеп 
(ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу) және 
берілген ақпараттарды жүйелеу 
Құндылықтарды дарыту 
 
Өмір бойы білім алуға шақыру 
Пәнаралық байланыс 
технология 
Тірек сөздер 
Ой азаттығы, рухани қасиет, терең білім, ғылым әлемі
ғылымның дамуы (пргогресс), болашақ жастар,
постиндустриялық әлем,
жаһандық позициялау жүйесі 
(GPS “Джи Пи Эс”)
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырмасы.
1-тапсырма
.
Топ болып Елбасының терең білім мен ғылым инновациясы туралы
мағыналы сөздерін талдаңыз. 
1-топ. Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны.
 
2-топ. Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге 
қарай жылжып келеміз»
3-топ. Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне
жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы
4-топ. Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман
5-топ
. Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда 
теңдесі жоқ қару болып табылады.
 
2-тапсырма. Оқылым ақпаратын түртіп алудың 5 түрімен танысыңыз.
1-топқа «Корнел» әдісі 
Бұл әдіс идеяларды жинақтап ой түйіндеу үшін қолайлы. 
Дәптер беті үлгідегідей үш бөлікке бөлінеді: 
жазба
 (сабақ кезінде), 
ойға салу
 (сабақтан соң), 
қорытынды 
(сабақтан соң).
1.
Жазба
 – тыңдалым кезінде ақпараттарды жазып алу үшін қолданылады.
2.
Ойға салу 
– тыңдалымнан соң ақпараттарды қайта қарап толықтыру, еске салуға 
қажетті нәрселерді жазу үшін қолданылады. Немесе тыңдалым бойынша сұрақтар 
құрастыру үшін қолданылады.


3.
Қорытынды
 – оқушы тыңдалған материал бойынша өз ойын қорытындылап 
жазады. Осы жерде мәтіннің негізгі идеясын атап көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет