«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет84/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

2-топқа «Салғастыру» әдісі 
Бұл әдіс тақырыптар арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі.
Дәптер беті үлгіде көрсетілген кестеде тәрізді ұйымдастырылады.
Ортада 
негізгі тақырып 
жазылады. Негізгі тақырып астына 
тақырыпшалар 
жазылады. Әр 
тақырыпшаның астына мәтін бойынша 
детальдар
жазылады. 
3-топқа «Жоспарлау» әдісі
Бұл әдіс тақырып бойынша көп детальді мәлімет жазған кезде қолайлы.
Әр бөлігіне 
тақырып
жазылады. Әр тақырыптың астына 
тақырыпша 
жазылады. Әр 
тақырыпша бойынша 
негізгі детальдар 
жазылады. Жазбалар анық көрінуі үшін 
үлгідегідей алдына орын қалдырып отыру керек.

4-топқа «Кесте» әдісі 
Бұл әдіс ақпараттарды бағандарға бөліп көрсетумен ерекшеленеді. Тақырып бойынша тым 
көп мәлімет жазған кезде және тақырыптар арасындағы байланысты көруге қолайлы.
Дәптер үлгідегідей бірнеше 
бағанға
бөлінеді. 
Алдымен 
негізгі тақырып 
жазылады. Негізгі тақырып бойынша 
тақырыпшалар
бірнеше 
бағанға
бөлініп жазылады. Әр тақырыпшаның тұсына детальдар жазылады. 
 
 
5-топқа «Сөйлем» әдісі 
Бұл әдісте ақпараттар сөйлем түрінде ғана жазылады. Алдымен тақырып жазылады. 
Оқушылар тыңдай отырып 
негізгі идеяларды (ақпараттарды)
жазып алады. Әр идея жаңа 
жолдан басталып жазылады. Мәтінде бірнеше тақырып қамтылған кезде тақырып атауы 
жазылады, ал астына негізгі идеялар сөйлем түрінде беріледі.
 
 
Оқылым тапсырмасы.
 
3-тапсырма.
 
Оқушыларға Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрыновтың «Ғылымның дамуы – елдің 
дамуы» тақырыбындағы мақаласы ұсынылады. 5 топ осы ақпаратты өздеріне берілген 
(конспектілеу) түртіп алу сратегиясының түрімен ақпаратты іріктеңіз. 

Ғылым мен инновациялық технологияның дамуы – халықтың тұрмыс жағдайының 
жоғары деңгейге көтерілуімен тікелей байланысты әрі ел экономикасының дамуы және 
қоғамның тұрмыс жағдайының артуы тұрғысынан да стратегиялдық маңызы зор. Елімізде 
жүргізіп келе жатқан ғылым мен жаңа технологияны дамыту саясаты осы бағытта қолға 
алынып келеді. Нақты айтар болсақ, ІЖӨ-нің ғылымға бөлініп отырған 0,13 проценттік 
қаржы көлемін, Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық 
бағдарламасы бойынша, 2020 жылы 2%-ке жеткізу көзделіп отыр. Бұл – жоспарлы түрде 
кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаруа. Елбасы Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде жыл сайын 
қосымша кемінде 100 миллиард теңге қаражат бөле отырып, 5 жыл ішінде ғылым, білім, 
денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ІЖӨ-нің 10%-не 
дейін жеткізу керектігін тапсырды. Жолдауда ел экономикасын көтеру мақсатында 
жасалған осындай маңызды қадамдардың бірі – индустрияландыру мәселесі. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері, Елбасы мемлекеттің индустрия саласын 
дамытуды әрдайым назарда ұстап келеді. Қазіргі уақытта қандай ел болса да, ғылым мен 
технология саласында қол жеткізген жетістіктерін жаңа технология арқылы (инновация) 
көрсете алады. Олардың жаңа табыстарын білім мен жаңа технология арқылы үнемі 
қуаттап, демеп отырса ғана әлем нарығында басымдыққа ие болады. Сөйтіп ел 
экономикасын күшейтіп-қуаттандыруға қол жеткізеді. Дамыған Батыс елдерінде мұны 
«Scientific support» («ғылыми демеу, қуаттау») деп атайды. Яғни, өндірісті ғылыми 
тұрғыдан демеу, ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу деген сөз. Сатып алынған (трансферт) 


қандай да ең жаңа технология өнімі болса да, әрі кетсе 5 жылда ғылым мен 
технологияның тез дамуына байланысты тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан 
кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми тұрғыдан демеп сүйемелдеу арқылы 
өнімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға болады. Мысалы, АҚШ, Батыс Еуропа, 
Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осындай 
жүйеге негізделген. Ал керісінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ауылшаруашылық 
дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамастан, кедейшілікте өмір кешуде. 
Себебі ол елдерде индустрия дамымаған, ал ол жағдай өз кезегінде жоғары техникалық 
білім мен ғылымның жетілмегендігіне байланысты орын алып отыр. Индустрияның 
кенжелеп артта қалуы, өз кезегінде, жоғары техникалық білім мен ғылымның кері кетуіне 
әкеліп соғуы мүмкін. Технология және оның негізін қалайтын білімнің өндіруші күш 
халіне келуі қазіргі кезеңнің басты айырмашылығы әрі басымдығы болып отыр. 
Сондықтан «Ғылымсыз даму (прогресс) болмайды» – деген аксиоманы әрдайым естен 
шығармаған жөн. Елімізде ғылым арқылы ең соңғы жетілдірілген технологияның берік 
тұғырын қалыптастырып, қарқындап дамуға жан-жақты алғышарттар жеткілікті. Соның 
бірі және бірегейі ретінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы «Алтын көпір» 
болу мүмкіндігін атап өткенді жөн көреміз. Алдағы басым мақсаттардан бірі – 2050 жылға 
дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру екені белгілі. Бұл – оңай алынатын асу емес. Осы 
тұрғыдан жаңа Жолдау Қазақстанның әлемдік экономикалық және әлеуметтік, мәдени 
салалардағы түбірлі өзгерістерге бейімделуіне жол көрсетеді. Бұл құжат «Мәңгілік ел» 
атану жолында жүктелген міндеттерді орындауға бағыттап, болашағымызды жарқын 
етуге негіз болмақ. Жолдауда белгіленіп берілген маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру 
– Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын биіктетіп, жолын айқындап берері даусыз. Тек 
сонда ғана өркениетті елдер қатарында ілгерілеп дамуға мүмкіндік аламыз. Алға 
ұмтылмайтын ел болмайды. Елбасы Жолдауын Ұлттық ғылым академиясының 
академиктері мен корреспондент-мүшелері, жалпы, барлық ұжым толығымен 
қолдайтынына және оны жүзеге асыру барысында аянбай еңбек ететініне сеніміміз мол. 
 
https://egemen.kz/article/175718-murat-zhurinov-ghylymnynh-damuy-eldinh-damuy
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет