Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет37/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
Өзін тексеру сұрақтары: 

Ш. Құдайбердиевтің "Үш анық" еңбегінін маңызын көрсетіңіз 

Шәкәрімнің жан мәңгілігі идеясын түсіндіріңіз

Шәкәрім философиясындағы “ар ілімі” мәселесі ашып беріңіз 

Шәкәрімнің тіршілік жаратылуы жөніндегі ойларын сипаттаңіз 

Ш. Құдайбердиевтің дүниетанымдық көзқарасын талдаңыз

 Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

Ш. Құдайбердиевтің дінге байланысты пайымдауларын саралаңыз 


151 

Шәкәрімнің рухани әлемін көрсетіңіз 

Абай және Шәкәрім идеяларының байланысын көрсетіңіз

Ш. Құдайбердіұлының қазақ философиясында алатын рөлін
анықтаңыз

Шәкәрім философиясындағы адам мәселесін салстырмалы түрде
түсіндіріңіз 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


152 
----------------------------------------------------------------------------------------
 
 
V. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ
 
 6.1 Қазақ зиялыларының саяси әлеуметтік ой-пікірлері және
ұлттық мемлекеттік құрылым идеялары 
М.Әуезовтің бейнелі сөзімен айтсақ: "Қазақтың еңкейген кәрі, 
еңбектеген жасынан түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз 
денесіне қан жүргізіп, күзгі таңның салқын желіндей шиыршықталған етек-
жеңін жиғызған "Қазақ" газеті болатын!" Осы тарихи кезеңдерде, 1913-
1918 жылдары Орынборда шығып тұрғанда бұл жалпыхалықтық үнқағаз-
дардың редакторы әрі баспагері Ахмет Байтұрсынов болды. Көрнекті
қайраткер, жан-жақты, сан-салалы білімдар ғалымның тілеулестері, 
сенімді серіктестері Міржақып Дулатов пен Әлихан Бөкейханов, Мұстафа 
Шоқай, т.б. сынды демократиялық интеллегенцияның ірі өкілдері де 
қазақтың жоғын жоқтады. Халқымыздың осы үш арысының ұлттық
сана-сезімімізді оятып, рухани мәдениетімізді қалыптастырып, оны 
дамытудағы ерен еңбектерін бағалау - асыл парызымыз.
Үш алып шығарып тұрған "Қазақ" газеті 20- жылдардағы жалпы 
ұлттың ойы мен пікіріне жарқын сәуле болып себілді. Ұлттық-
демократиялық интеллигенцияның негізгі іс-қайратының жемісі Алаш 
партиясы еді. Ол 1917 жылы Орынборда өткен жалпы қазактың бірінші 
съезінде құрылды. Бұл - қазақ халқының тарихындағы ең алғашқы партия. 
Оның іс-мақсаты қазақ халқының тең құқықты, тәуелсіз ел болуына арналды. 
Алаш басшылары ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси 
тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана 
қазақ елін апаттан құтқарып, бостандық жолына алып шыға алады деп 
түсінді. Тұтас халықтың тарихы. Халық болып қалыптасқан кезден бастап 
ұлттардың күнделікті өмірінен үлкен тарих пайда болады. Бір біріне 
ұқсамайтын сан алуан халықтар әртүрлі жағдайда өмір сүрген, 
тарихнамасы әртүрлі. Соның ішінде қазақ халқының бастан кешкендері
ерекше бір тарих. XVIII ғасырда қазақ халқы Ресей империясының
тәуелділігіне түскеннен кейін сан қилы заманды бастан өткерді. Жайдары
ашық күндерге қарағанда, қара бұлт жүзін жапқан күндердің басым


153 
болғаны жасырын емес. Алайда қазақ – жауынгер халық. Алғашқы кездері
қолға қару алып «жауға» қарсылық жасаса, уақыт өте келе билік
«санаға» берілді. ХХ ғасырдың басында ұлттық интеллигенцияның рөлі
артып, халықтың санасының оянуы шарықтау шегіне жеткен еді... 
«Интеллигенция» латын сөзі, қазақ тілінде маманданған, ой еңбегімен 
шұғылданатын, әлеумет мүддесіне қызмет ететін, шығармашылыққа ие 
адамдар тобы, яғни зиялы қауым өкілдері деген мағынаны білдіреді. 
Сонымен қатар латынның intelligens сөзі қазақ тілінде: түсінетін, ойлай 
білетін, парасатты деген түсінікке ие. Демек, интеллигенция ұғымының мәні 
тарихи тұрғыда, рухани негізде халық даналығымен ұштастырылып кеңінен 
қарастырылуы тиіс. Кешегі өткен кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам 
тұсында бұл ерекшелік феноменіне көңіл бөліне бермеді.
Ұлттың өмірлік тәжірибесі арқылы жүйеленген зиялыларымыздың 
ұлттық мүдде мен халықтық рух деңгейіндегі озық идеялары, қазақ 
қоғамының мәңгілік даму жолын жоспарлап кеткен. Оның ішіндегі басты 
құндылық ұлт болмысын сақтау, ұрпақ өмірін қадағалап отыру идеясы. 
Мәселен, М. Дулатовтың 1918 жылы «Абай» журналында жарық көрген: 
«Алашқа» деген мақаласы толықтай халық игілігіне арналған. Бұл 
мақаладағы қазақ зиялысының елге айтқан сөздері бүгінгі күні де талапты, 
ерікті, саналы адам үшін өшпес рух, салмақты ой. Тарих бойы бабаларымыз 
жеке өмірлерін сарп еткен қазақ идеясының әлеуметтік мәні мен тарихи 
негіздері, 
алдымен 
оның 
әлеуметтік 
бағыт-бағдарында 
жатыр. 
Мемлекеттіліктің басты жолы ұлт пен ұрпақ болмысының рухани мінсіздігі 
болса, ол үшін ұлтқа ауадай қажет бірлік. Бірлік еркіндіктің, рухани 
дербестіктің басты жолы. Түсінік бар жерде бірлік бар. Тұлғаларымыз үлгі 
еткен осы ұлттық идея арқылы қанаттанған түсінік - өрелі танымның негізі, 
әлеуметтік тұтастықтың өзегі. Сол себептен ұлттық идея алдымен ұрпаққа 
ұлттық ойлауды үйретеді. Ұлттық ойлау ұлттық сананы қалыптастырып, 
оны шыңдап отыратын тарихи мағынаға ие рухани әлеуметтік негіз. Ұлттық 
сана ұлт болмысын сақтайды. Ұлттық болмыс қоғамның беріктігін, 
руханиятын арттыра түспек. Тарихта қазақ елі мен оның зиялыларының 
арасында, әсіресе ұлттық мүдде қажеттіліктерін қамтамасыз ету 
мақсатында ортақ ұлттық сана болды деп айта аламыз. Бұған қазақ 
зиялылары көтерген «Алаш» идеясы куә. Бұл ұғым ұлттық идеямыздың 
тарихи қалыптасу жолдарын негіздейді. Мемлекеттіліктің, халықты 
мемлекеттілікке бастап отыратын елдіктің де үлгілері тарихымызда
қалыптасып, ұлттың өмірлік тәжірибесімен өңделіп, зиялылардың ой 
таразысынан өтіп отырғандығын ескерсек, зиялыларымыз көтерген Алаш
идеясы түркітілдес халықтардың рухани ішкі тұтастығын, сол тұтастықтың 
тарихи бейнесін де сомдайды. Зиялыларымыз айтқан, «Алаш - қазақ ұраны».
Бұл мәселе жөнінде қазақ тұлғаларының қай-қайсысы да жазып кетті. Ұлт 
тұлғасының бостандығы - оның еліне деген әділетті қызметінде, сол 
қызметке негіз болып отыратын елдік рухында. Бұған алаш
зиялыларының «Қазақ» газетіндегі ойлары толықтай дәлел. «Қазақ» газеті 
«Қазақ идеясын» насихаттаушы мұра. Сан ғасырлар бойы елдік пен 


154 
теңдікті, бірлік пен еркіндікті тірек еткен ұлт мұраты бойында өмір сүрген 
тұлғалар қызметінің ізімен жаңа уақыт талабына сай жаңа ғасыр 
табалдырығында жарық көрген дүние. Кез келген ұлттың өзіндік мүддесі 
бар. Сол мүдде оның өмір сүруін қамтамасыз етіп отыратын қазына, ұрпақ 
үшін мұра. Қазақ зиялылары ашқан баспасөз құралдары осы ұлттық 
мүддеге қызмет етуімен тарихта қалды және ұлттық философия мен 
мәдениетіміздің феноменіне айналды. Сонымен қатар әрбір қазақ баласы 
үшін ұлттық мүдде негізі - атамекен. Ә. Бөкейхановша айтсақ: өмір 
мәселесінің ең зоры. Асан қайғыдан бастап алаш зиялыларына дейін жетіп 
отырған зиялылықтың қадір қасиеті ұрпақтың «жер мен ел қадірін» қатар 
түсініп, оны сақтай білуінде. Тарихымызда орын алған зиялылар қызметін 
ұлттық мүдде шеңберінде сомдайтын болсақ, алдымен осы ерекшелікті де 
ескереміз. Тейяр де Шарден атап көрсеткендей, мұндай белгілі бір мақсатқа 
бағытталған әлеуметтік түсініктің тұтастығы, тұлғалық ойдың тұтастығын 
туғызған, тұлғалық ой тұтастығы көп түрлі дараланған ойлаудың негізінде 
қалыптасқан. Дараланған ойлау халықтың ел мен жер туралы түсінігінің 
жетістігі: ұлттық идея. Оны жүзеге асырудың басты жолы - елдік. Елдік, 
ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи тұлғасын даралай түсетін басты 
қасиет. А. Байтұрсынов пен М. Дулатов сынды алаш зиялыларының рухани 
мұралары осы жолмен дүниеге келген. Қазақ зиялыларының ұлттық мүдде 
төңірегінде көтерген келесі бір мәселелері - әділеттілік және кеңдік түсінігі. 
Әділеттілік кез келген ұлттық идея мақсатына тән, кеңдік сан ғасырлар бойғы 
ұлт даналығы негізінде дамып отырған қазақ идеясының түйіні. Жер, дін, 
оқу-ағарту ісі білім мен ғылым мәселесінің негізі әділеттілікте тұрса, кеңдік 
адам болмысының, ел болмысының тұлғалық келбетін сақтайтын, ел 
мәдениетінде адам еркіндігі мен құндылығының көтерілуіне негізделген 
идея. Ұлттық идея халық мұрасы болса, алаш зиялыларының ұлттық идея 
мәселесін ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттіліктер негізінде қалыптасқан сан 
ғасырлық ұлт тұлғаларының руханияты тұрғысында көтеруі негізсіз емес, 
мұның тарихи себептері мен құндылығын арнайы зерттеудің өзі тың мәселе, 
жаңа толғаныстағы тақырып. 
Ұлттық мәдениет ұлттық интеллигенция өкілдерінің кейінгі ұрпаққа 
жетіп отырған рухани-әлеуметтік қызметінің өнімі. Сол себептен ұлттық 
интеллигенция өкілдерінің әлеуметтік тұлғасын ұлт мәдениетінен ажыратып 
түсіндіру мүмкін емес. Қоғам мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. 
Кез келген әлеуметтік мағынаға ие тұлғалық құбылыс мәдениеттен ғана орын 
иеленбек. Тарих осы тұлғалық құбылыстың әлеуметтік шындығын сақтаушы. 
Тарихта әлеуметтік шындықтың нақты көріністері ғана бар. Ұлттық мәдениет 
әлеуметтік шындықтың нақты көріністерімен шектелмейді, осы шындыққа 
ұйытқы болып отыратын адам рухының туындыларына куәгер. Тұлғаның 
мәдени ізденісінің тарихи ішкі көрінісі руханилық, ал іс-әрекет оның сыртқы 
бейнесі ғана болады. Тұлғалық істің өзегі руханилық болса, рух оның 
әлеуметтік-мәдени көрінісі. Қашанда халық ішінен шыққан жекелеген 
тұлғалардың ішкі рух серпілісі алдымен өздерін, содан соң халықты мәдени 
өзгеріске бастап отырған. Осы себепті ұлттық мәдениет ұлт пен зиялылар 


155 
қызметінің негізінде өсіп, жетіліп отыратын тұлғалық сананың халықтық рух 
деңгейіндегі көрінісі және зиялылықтың сан ғасырлық жемісі. Қай уақытта 
да қазақ мәдениетінің ерекшелігі, алдымен ұрпақтың зиялылығы арқылы 
айқындала түскен. Ж. Аймауытов жазғандай: «Қазақ күнелту жағынан 
мәдениеттен мешеу қалса да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен 
айтқанда, рухани мәдениетінен кем емес...».
Кейінгі ұрпақ мүддесі үшін төл мәдениетінің тұлғасын танудың өзі 
үлкен жетістік. Тұлғаның ұлттық мәдениет тұрғысындағы қызметінің мәні 
алдымен оны тұтастай алып қарауымен, сол тұтастықтан рухани 
құндылықтардың орнын ұрпаққа ажырата түсіндіріп отыруымен де айқын. 
Алаш зиялыларының қазақ мәдениетіндегі әрбір тұлғаның орнын, тектілігін, 
даналық тағылымын халыққа жазып кетуінің тарихи мәні осында жатыр. 
Ұлттық интеллигенция өкілдерінің халық игілігі мен рухына негізделген 
әлеуметтік-мәдени қызметін даралайтын экзистенциалдық ізденіс. Алаш 
зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы экзистенциалдық ізденістерін 
екіге бөліп қарастыруға болады: біріншіден, ұлттық мәдениет феномендері, 
ән мен күйдің рухын халыққа насихаттап, зерттеп, жазып мұра ретінде 
қалдыру және ғасырлар бойы жиналған ұлт руханиятының түпнұсқаларын 
зерттеп, елдің әлеуметтік-философиясының өрісіне енгізу. Сонымен қатар 
олар адамның бостандығы мен жауапкершілігіне, халықтың игілігіне үлесі 
мол еңбектер де жазып қалдырды. Атап айтсақ, Ж. Аймауытов пен М. 
Дулатовтың романдары, М. Жұмабаевтың руханияты терең әңгімелері 
халықтың әлеуметтік философиясына және ұлттық философиямыздың 
экзистенциалдық арнасына қосар үлесі мол туындылар. Әсіресе Абай мен 
Шәкәрім 
сынды 
ойшылдарымыздың 
экзистенциалдық 
сарындағы 
философиялық еңбектерін заманнан тыс қалады деп ешкім де айта алмас. Бұл 
жөнінде алаш зиялыларының өздері де жазып кеткен. Осы тұрғыдан 
қарайтын болсақ, зиялыларымыздың ұлт мәдениетінің болмысын халықтың 
руханияты тұрғысынан зерделеуі ұлт мүддесі тұрғысынан үлкен жетістік 
болып табылса, ғылым саласында мәдениет пен қоғам болмысының 
тұтастығын әлеуметтік философия тұрғысында зерттеудің методологиялық 
бағдары. Қай уақытта да ойшыл тұлғалардың рухани ізденістерінің мақсаты 
елдің, халықтың бойында үрей сезімін ұялатпайтын уақытқа жеткізу. Ұлт 
мәдениетінің феноменіне айналған тұлғалық ойлаудың рухы осымен ерекше. 
Кез келген зиялы істің мақсаты халықтық рух пен ұлттық мүддеде жатыр. 
Яғни, әрбір ұлттық мәдениет, ұлттың және ел ішінен шыққан зиялы 
тұлғалардың бойындағы руханият құбылыстары арқылы дүниетаным, салт-
дәстүрімен де өзінің түпкілікті ұлттық негіздерін сақтап отырады. Сол 
рухани негіздері арқылы әлем мәдениетінің кеңістігінде өз жолын 
қалыптастырады. Заман құбылыстарының мәні мен маңызы қай кезеңде де 
осы ұлт тұлғаларының ой елегінен өтіп отыруы тиіс. 
Қазақ зиялыларының шығыс және батыс мәдениетінің болмысын 
сомдаған идеяларынан, сол уақыттағы қазақ қоғамының алдында тұрған 
әлеуметтік қажеттіліктермен бірге, мәдени дамудың заңдылығын терең 
пайымдаған эволюциялық және субстанционалдық көзқарасты байқаймыз. 


156 
Олардың өздері арнайы зерттеген, қоғамды заман талабына сай ілгерілететін 
мәдениет «ми мен қол-аяқ қатар жұмыс істеген жерге орнықпақ». Бұл 
дегеніміз адамның идея мен тәжірибені ұштастыра білуі деген тұжырым. 
Идея мен тәжірибенің өнімі мәдениет дамуының қозғаушы күші. Алаш 
зиялылары мәдениет дамуының жолын зерттеп, оның бойындағы ірі 
ойшылдардың қоғам дамуының негіздері туралы идеяларын бетке ұстай 
отырып, жалпы мәдениеттің тұрақты, қоғамның өз арнасымен дамуына 
ұйытқы болатын екі шартты негізді ұсынады. Олар: 1) ұлт шаруасы өзгеріп, 
ілгері басуына шеберлік керек; 2) шаруашылық өнерлі кәсіп дәрежесіне 
жетсе, жер аздық қылмайды. Мәдени құндылық - әр елдің өзіндік салт 
дәстүрі мен тұрмыстық өмірін сақтап отыруы. Игіліктің өзі де сол. Оған 
даналық қажет. Даналық барлық елде де бар. Қазақ зиялылары қоғамның 
дәстүрлі мәдени жолмен дамуының басты феноменін хакімдікпен 
ұштастырған.
Алаш зиялыларының шығыс пен батыс мәдениетінің құндылықтары 
тұрғысындағы 
әлеуметтік-философиялық 
көзқарастарын 
зерделеуде 
А. Байтұрсыновтың 1923 жылы жазған «Мәдениет тарихы» атты еңбегін де 
ескеруіміз керек. Өкінішке орай, бұл еңбек кеңес билігінің тарапынан 
қудаланып жарық көрмеген. Сол бір аумалы-төкпелі уақытта алаш 
зиялыларынан соң шетелде жүріп, елді әлем халықтарының әлеуметтік 
жағдайымен таныстырып отырған М. Шоқайдың қызметін де ерекше атап 
өтуіміз қажет. Оның «Яш Түркістан» журналында жарық көрген мақалалары 
халыққа сол кездегі заман шындығын сомдаған тарихи білім береді.
Қазақ зиялыларының қоғамдық көзқарастары - өркениеттіліктің 
негізі. Өркениеттілік әр адамның, әр елдің өз мүддесінің қажеттіктерін тани 
білген тұлғалық істерінен басталған. Өркениетті қоғам бүгін немесе алда 
болғанымен, қоғамды өркениетке бастайтын құндылықтар ел мәдениетінің 
түптамырында. Оны зерттеп, ел бойына таратудың үлгісі тарихтағы зиялы 
тұлғалардың әлеуметтік-философиялық идеяларында.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының
«ақтаңдақ» беттерінің біразы Алаш партиясы мен Алашордаға тікелей
байланысты.
«Алаш» немесе «Алашорда қозғалысы» - бірнеше құрамдас
бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олар, біріншіден, саяси партия
ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі алаш, 
үшіншіден, осы автономияны басқаруға тиіс болатын Алаштың Ордасы
туралы мәселелер. Нақты сөзбен айтқанда, осы үш мәселе жиынтығы
Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдіреді. Алаш
партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш
автономиясы мен олардың Совет үкіметімен арақатынасы хақындағы
алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919 – 1920
жылдардан ақ жариялана бастаған. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам
тартушылар көшбасында Алаш пен Алашорданың белгілі басшыларының
бірі Ахмет Байтұрсынов пен қазақ зиялылары қатарынан шыққан
алғашқы большевиктердің бірі Сәкен Сейфуллин тұрды. 1919 жылы


157 
тамызда РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органында 
Ахмет Байтұрсыновтың «Революция және қазақтар» атты мақаласы 
жарияланды. Осы шағын көлемді еңбегінде А. Байтұрсынов 1917 жылғы 
Ақпан және Қазан революцияларын қазақ халқының қалай қарсы 
алғандығына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның 
үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетті. 
Революциялардан кейін халықтың жағдайы нашарлай бастады. Ақпан 
революциясынан кейінгі уақытта, бір жағынан, ұлт азаттық күрес жаңа 
тыныс алып, елдің өз бостандығы үшін күреске ынтасы анық байқалса, 
екінші жағынан, керісінше, отаршыл күштер мен оның жергілікті сүйеніш-
тіректері ұлт-азаттық көтерілісті басып жаншуға бейімділік танытты.
Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекет құру 
туралы мәселенің қойылуы негізді болатын. Тура осы ойды білдіріп «Қазақ» 
газеті «Ел қорғау» деген бас мақаласында: «Ел қорғау екі түрлі: халықтың 
құқын қорғау бар, мал-мүлкін, жер-суын қорғау бар. Қазақ орысқа қарамай 
тұрған шағында ел басына дау келсе, халық құқығын қорғайтын билері 
болған, елге тиер жау болса, халықты қорғайтын батырларына ерген 
азаматтары болған... Қазір бізге басыңды, мал-мүлкіңді, жер-суыңды қорғама 
деп тиятын Ресей жоқ, пана болып қорғарлық та Ресей жоқ... 
Қазаққа өз жабдығыңды өзің ойлап, өлмес қамыңды істе деп 
отырғанымыздың мәні осы... Ресейге паналамаған кезде қазақ едің: өлер ме 
едің, яки өлмес қамыңды істер ме едің? Өлмес қамыңды істер болсаң, 
істейтін шақ міне туды » деп жазды.
Кез келген елді алға ілгерілететін

ұлттық идея. Тіпті бүгінгі 
қырық тұрпатты Америка Құрама Штаттары да ұлттық идеяға табан 
тірейді. Кеңістік түсінікте ұлттық идея ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл 
қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Ал ұлттық идея 
дегеніміз — мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретін
ұғым.
Алаш идеясы қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың
«Алаш» атауын таңдауы да жайдай-жай емес. Алаш жаңа түрдегі еліміздің 
байырғы айбарымыздың әмірі еді. Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің 
көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің аты "Алаш 
Республикасы " болуы әбден мүмкін еді. Алаш ұғымында рухтық, 
асқақтық, өрлік мағына бар. XX ғасырдағы ең ұлы идея - Алаш идеясы 
екендігінде шек жоқ. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасының бірі - осы 
идея. Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары
ақыл мен жүрек айбатымен күрескен кездері 1907 жылдан 1937 жылға 
дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осы 
кезеңді ғана қиыпты. 
Қазақстан болашағын М. Шоқай Швециядай, Сұлтанмахмұт пен 
Смағұл Жапониядай болады деп елестетіп жүргені бекерге айналып бара 
жатты. Одан кейінгі жайы белгілі: атылды, ресми тарихтан, ел жадынан 
өшірілді. Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 
жылы Ресей патшасы алты миллионға жеткен қазақ секілді ұлттарды 


158 
сайлау және сайлану құқығынан айырды. Зиялылардың табанды күресі 
осы шақтан басталды. Петербоp, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді қалалар 
XX ғасыр басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық 
күрестің шындалу мектебі болды. 
1 9 1 7 жылдың жазында Уақытша өкіметтің комиссары қызметінде 
жүріп жазған мақаласында ол: "Бостандық, теңдік, туысқандық 18-ші 
ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған
Франция жұртың саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, 
інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан 
табылады. Көзі ашық талантты ер іздесе, бұл үш ұраннан бөлек адам 
баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған 
хайуандыққа қайтқан болады", деп жазды. Бөкейханов сияқты қазақ 
оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа caпаға көтерілуіне 
тұңғыш орыс революциясы ықпал етті. 
1905 жылы маусым айында Қоянды жәрмеңкесінде жазылған 
Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі 
есебінде мынадай талаптар қойылды: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту 
жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін 
шектеулерді жою, ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де 
жүргізілетін мектептер ашу, қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға 
қажет құрал-цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат 
беру, жаппай қоныстану қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің 
қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді 
олардың заңды меншігі екенін мойындау, мемлекеттік аппаратта, сот 
орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың жұмысында 
қос тілділікті жолға қою, т. с. с. 
Деректік материалдардағы көрсетулерге қарағанда петиция 
авторларының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және басқа сол 
кезеңдегі белсенді қазақ интеллигенттері болған. Ол турасында М. 
Дулатов кейінірек: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да 
басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын 
қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының 
оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жол-жоба 
крөсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып,
қалғандары сенімсіз болып қалды», деп жазды. Ұлт лидерлері шықты: 
Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Барлыбек Сырттан, Ахмет Байтұрсынов, 
Халел 
Досмұхамедұлы, 
Жаһанша 
Досмұхамедұлы, 
Міржақып 
Дулатұлы, Хале л Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш 
зиялыларының 
алдыңғы 
толқыны 
болып 
есептелетін 
осынау 
тұлғалардың әрқайсысы мемлекет басшысына лайық болатын. Бұлардың 
көшбасшысы, ірі, қайталанбас тұлғаның бірі Әлихан Бөкейхан болатын. 
Әлиханнан қалған мынадай сөз бар: «Түген деген хан, пәлен деген би, батыр 
өткен, ерлігі, еңбегі көп деп мақтанамыз. Олар сондай болса, қазақ неге 
сорлы? Біздің кемшілігіміз - әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге 
апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі». Әлихан Бөкейхандар, міне, 


159 
өздері артқан "жүкті" қияға қарай көтеріп шықты. Бұл буынның қатарында 
М. Жұмабаев, С. Садуақасов, К. Кемеңгеров, М. Шоқайұлы, Ж. Аймауытов, 
М. Әуезов, т.б. бар еді. 1909-1919 жылдар аралығында артынан ерген елді 
ояту үшіп Алаш зиялылары газет-журнал шығарып, кітаптар жариялады. 
Таза саяси күресте жүргендер Ресейдегі түрлі партияларға кіріп, сол 
арқылы халқына бостандық әпергісі келді. Бұл ізденіс дәуірі еді. Ресейлік 
шындықта қазақ мемлекетін қалпына келтірудің жолы іздестірілді. 
1917 жыл келіп, большевиктер бүлік жасады. Большевиктер жеңіп, билік
басына солардың келетінін ешкім болжамады. Большевиктердің 1 9 1 7 -
1 9 1 9 жылдар ішіндегі жеңістері Алаш зиялыларының «елді оятамыз» 
деген өз идеясын быт-шыт қылды. Күрес тактикасы мен стратегиясын 
басқаша құру қажет болды. 19 19 -20 жылдардан бастап Алаш зиялылары 
оқу-ағарту, баспасөз саласына топтасты. Қиындықтарға қарамай Алаш 
зиялылары большевиктік ағарту жұмысын өз ыңғайларына қарай бұра білді. 
1920 жылдан мемлекеттік баспа құрылып А. Байтұрсыновтың ұйытқы 
болуымен жаңа оқулықтар жазыла бастады. 1920 жылы Мәскеуде ашылған 
« Күншығыс » баспасының жұмысын да Әлихан мен Нәзір Төреқұлов ел 
игілігіне айналдырды. Газет-журналдардың аты кеңестік болғанымен, заты 
Алаштікі еді. Ұлттық идея халыққа жаңаша формада ұғындырылады. 1923 
жылы Әлихан Бөкейхановтың, Д. Әділұлына жазған хатында: «Кітап жазып, 
газет-журналға мақала шығарып, алашқа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі»,
- дейді. Е л қ амын ойлаған азаматтар ұлттық идеяны кеңестік идеямен 
тоқайластырғысы келді. Большевиктердің сынына ұшыраса да, өз 
кезеңінде елді тәрбиелеуге өз көмектері тиді. « . . . озғандарға жету керек, 
жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырысқандар, төрден орын 
алып жатыр. Тырыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге 
тырысайық, басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, бізде солардың 
ісітегенін істейік», деген талап қояды Ахмет Байтұрсынов. 
Бұл қазақ зиялыларының, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов
бастаған ұлт көсемдерінің саяси бағдарламасы, стратегиялық бағыты болып 
табылады. Алайда бұл бағдарлама - бағыт кеңес тарихнамасында мейлінше 
бұрмаланып, теріс мағынада түсіндіріліп келді. Оған ұлтшыл, үстемтап 
өкілдерінің сөзін сөйлейді деген сындар тағылып жүрді. Ал шындығына 
келгенде Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды жалынды 
ұлт көсемдері бастаған зиялылар халықты тапқа жіктеп, «аз ғана үстем тап 
өкілдерінің мұң-мүддесін қорғаған» жоқ, б і р т ұ т а с қазақ ұлтының
мүддесін көздеді. Оның көзқарастарының философиялық аспектісіне 
осы мәселеден іздеу керек. Қазақтың зиялылар мен ақын-жазушылары 
"үстем тапты" емес, қазақ атты халықты оқытып-ағартуды, ол халықтың 
ұлттық сана-сезімін, ұлттық намысын оятуды көздеді, ұлттық тіл мен 
мәдениетті өркендету жолындағы қиян-кескі күресінде олар ұлт тіліндегі 
баспасөз бен ұлттық әдебиеттің дамуына ерекше көңіл бөлді. 
Ә. Бөкейхановтың саяси әлеуметтік көзқарасында 1916 жылдың 
дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына 
көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Мәселен, әскерге адам беру 


160 
мәселесін "Қазақ'" газетінде 1915 жылы көтеріп, бүкіл қазақ жұртын қамтыған 
пікір-сайыс туғызып, елдің ортақ пікірін біліп, мынадай тұжырымдар жасаған 
болатын: «Қазақтан осы соғыс үстінде солдат алынбау; солдат алудан бұрын 
метрике түзеу үшін муфтилікке қарау; лажсыз алынатын болғанда, жаяу 
солдат болмай, атты әскер болу қазақ-орыспен жер-су һәм правода 
теңгерілу». Кейіннен Ә. Бөкейханов кеңестік лауазымды қызметтерде 
жүргенде де өзінің ұлтына деген адал принциптерінен танған жоқ. 
Оны сол кездегі Басқа аймақтардан Қазақстанға қоныс аударуды 
қолдаған Веращагинге берген жауабынан анық байқауға болады: 
«Профессор Веращагин бұрын да қазақтардың жерін тартып 
әперіп орыс помещиктері мүддесін қорғаған еді. Егер ол айтқандай 
Тула шаруалары шынымен де жерге мұқтаж болса, біз қазақтар 
олармен Верещагин сияқтылар арқылы емес, тікелей келіссөз
жүргізуді қалаймыз. РСФСР Егіншілік комиссариаты ұсынып 
о т ы р ғ а н ж е р нормасы қазақтарды қанағаттандыра алмайды, 
өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтан да 
бұл нормалар б о л а ш а қ т а Қ а з а қ с т а н д а ж а ң а о т а р л а у
с а я с а т ы н ж ү р г і з у г е бағытталған. 
1917 жылы Алаш автономиясын құру жайында Орынборда үлкен 
съезд болып, желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялады. Алашорда 
Алаш автономиясының Ұлт кеңесі құрамына 5 адам сайлайды. 
Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Әлихан 
Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясы үкіметі және 
Алашорданың төрағасы болып сайланды. Алаш автономиясы мен
оның Уақытша Ұлттық Кеңесі, Алашорданың дүниеге келгені мәлім
болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық территориялық
автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 
19 18 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. II жалпықазақ 
съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1 9 1 8
жылы 28 каңтарда "Сарыарқа" газеті арқылы ресми түрде жарияланды. 
Съезде орталық билік – Ұлт Кеңесі – Алашорда үкіметін, халық милициясын
және ұлт қазынасын құру ісіне жете көңіл аударды. Халықтық оқу ағарту ісі 
де маңызды саналды. Съезд арнайы құрылған комиссияға қырғыз – қазақ еліне 
оқу ісін жүргізу тұжырымдамасын жасап, талқыға ұсынуды, сондай ақ тез 
арада қазақ мектептері үшін оқу бағдарламасын дайындауды және жедел 
түрде оқулықтар жазу ісін ұйымдастыруды жүктеді.
Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасында мынадай аса 
маңызды мәселелер де бар еді:
1) Қазақ автономиясы; 
2) Милиция;
3) Ұлт кеңесі; 
4) Ұлт қазынасы; 
5) Халық соты; 
6) Ауылдық басқару. 
Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бөкейхановтың, Х. 


161 
Ғаббасовтың, М. Шоқаевтың, Ж. Досмұхамедовтің баяндамалары мен 
жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады. Қазан-қараша айларындағы 
Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа 
міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы 
Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының 
бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ
съезінде Ұлт кеңесін құру басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. 
Бұл іс жүзінде, Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес 
мемлекеттік құрылым құру деген сөз. Алаш қазақ автономиясын құруды 
арман еткен. Оның философиялық негізі ұлттың рухани жігерінде жатса 
керек. Большевиктер партиясы мен Кеңес өкіметі ұлттық-мемлекеттік 
құрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, 
Алаш көсемдері бұған, керісінше ұлттық бірлік саясатын таңдап алды. 
Сондықтан олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырды. 
Ә. Бөкейханов Қазақ автономиясы құрыла сала, "Қазақ" газеті арқылы 
зиялы қауымға былай деп жар салды: «... Ресей мемлекеті енді жақын 
арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып 
кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза
атқар. Жалпы, жұртқа мұрындық бол!». Ұлттық
 
мүдде идеясы жатқан 
бұл ойлар Әлиханның ұлт мәселесіне терең бойлай білгендігінен 
туындайды. 
Әлиханның саяси тұлғасын көрсететін бір жағдай, жоғарыда сөз
еткен жалпықазақ съезін шақыруға байланысты. Оның түсінігі бойынша 
халық пен халықты, ұлт пен ұлтты жақындастыратын көпір - 
демократиялық мәдени дәстүр. Ол өзінің бір мақаласында: «Қазақты 
автономия қылсақ, Қapaөткел алаштың ортасы, coнда университет салып, 
қазақтың ұлын, қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды»

шығарған,
Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа 
білер еді-ау». 
Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры қазына ж и н а у
і с і болды. «Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз ақ шарасы а қ шаны 
қ а зір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң, орнына салу. Олай болса, 
орданың өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін, ақшасы 
бар жерлерді қарастыру» идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт 
қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану 
еді. 
Әлихан Бөкейханов ұлт мәселесін көтеруде барлық і с і н ақылға 
салып, еуропалық әдіс танытқысы келді. Әлихан Нұрмұхамедұлы мен 
оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең
өзекті мәселе ұлттық теңдік, саяси бостандық еді. Әлихан Бөкейханов 
саяси қайраткер ретінде осы мәселелердің жоқтаушысы емес, бүкіл 
қазақ елінің осы күрес жолындағы көшбастаушысы да болды. 
Әлихан феноменінің ерекшелігі оның өз жұртының қорғаушысы, 
саяси жетекшісі ретінде, ұлттық идеяны көтерушісі ретіндегі қызметінің 
мейлінше айқын көрінуінде, Ә.Бөкейхановтың қайраткер ретінде 


162 
қалыптасуының рухани екі негізі бар. Біріншіден, ол еркіндік пен
теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Қоғамдық көзқарасының 
қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, ұлы Абайдың және ақын-
жыраулардың ықпалы болғаны да сөзсіз. 
XX ғасыр басындағы басқа қазақ қаламгерлеріне қарағанда Ә. 
Бөкейхановтың бір ерекшелігі оның арнаулы еуропалық білімі бар, 
ерудициясы мол, мәселені ерекше кең қоя алады, ұлттық мәселені Ресей 
империясы көлеміндегі жағдайларымен сабақтастыра қарайды. 
Өйткені мұның бәрі қазақ е л і н і ң ХVІІІ ғасырдан бергі өз 
бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізілген 
азапты күресінің қорытындысы болатын. 
Тарих сахнасына Алашорда - Халық Кеңесі үкіметін алып келген
жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың 
ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік 
жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа 
өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол ұлттық 
мемлекеттік құрылымның болуы еді. 
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлы державалық, империялық 
мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік 
идеясынан қорықты. Сондықтан да ұлттық шет аймақтарда бұл ойға 
қозғау салушылардың есімін атауға да тыйым салынды. Міне, осыған 
байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт азаттық қозғалысы 
қайраткерлерінің 
өмір 
жолымен, 
олардың 
артында 
қалдырған 
шығармашылық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз 
еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған сондай 
қайраткерлердің бірі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Әлихан 
Бөкейханов саяси қайраткер ретінде осы мәселелердің жоқтаушысы емес 
бүкіл қазақ елінің осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы 
қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі, азаматтықтың тағы да бір 
құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан 
жылап, қаңғырған күйде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, 
асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған
шамшырақ», - дегенде асыра айтып, қателескен жоқ еді.
Жалпы, 
Алаш 
интеллигенциясы 
арасында 
большевиктер
бағдарламасы әуел бастан-ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, 
большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан ғана емес, тіптен Ресейдің өзін де 
азапты болашаққа әкелетін бағыт еді. Алаш қайраткерлері, ең алдымен, 
қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді кесілді қабылдаған жоқ. 
Қазақ қоғамы жағдайында мұндай шараға бару мүмкін емес-тін, тіптен 
ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ 
бұқарасы арасында түсінбеушілік тудырса, екіншіден, әлеуметтік теңдік 
орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. 
Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын
да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей
таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде орталық 


163 
езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде 
негізінде бірігу ауадай қажет еді. 
«Алаш» большевиктердің таптық жіктелу саясатына ұлттық 
тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә. Бөкейханов: «Біз қарап 
отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ 
болар емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы, 
ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс 
келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірік, жұрт 
қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!», - деп жазды. Бұдан
біз Алаш қайраткерлерінің ұлтты біріктіріп, ұлттық идеяны
қалыптастыруға тырысқанын байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет