Өзін тексеру сұрақтары:
•
Абай дүниетанымын салыстырмалы түрде сипаттаңыз
•
А. Құнанбаевтың моральдық этикалық көзқарасын нақтылаңыз
137
•
А. Құнанбаевтың «Адам бол» принципін қалай түсіндіресіз
•
Абайдың дінге көзқарасын айқындаңыз
•
А. Құнанбаевтың 45 сөзден тұратын қара сөздерінің
маңызы түсіндіріңіз
Өзіндік жұмыс тақырыптары:
•
А. Құнанбаевтың қазақ философиясының қалыптасуындағы
рөлі көрсетіңіз
•
А. Құнанбаевтың қазақ қоғамы жайлы идеясын талдаңыз
•
А. Құнанбаев ақын, ойшыл, демократ дәлелдеңіз
•
А. Құнанбаевтың «Қара сөздеріндегі» дін философиясын анықтаңыз
•
Абай өлеңдерінің әлеуметтік-философиялық мәнін ашып беріңіз
138
-----------------------------------------------------------------------------------------------
5.4. Қазақ философиясында өшпес із қалдырған алып
тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931 ж.)
1858 жылы 24 шілдеде Семей
облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ол – ақын, ойшыл,
композитор, аудармашы, тарихшы. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың
үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім
сонда Абайға немере іні болып келеді. Құдайберді отыз жеті жасында
дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік
тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты
ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын
жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп
өсіреді. Ол жөнінде ақынның өзі: «Қажы марқұм мені «жетім» деп аяп,
қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп
ғылымсыз өстім», деп өкіне еске алады. Ұлы Абайдың ізбасары бола
отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып,
қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім ұлылығын айғақтайтын
басты белгі. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – дін тақырыбына
қатысты ақынның тұжырым, түйіндерін танып-білудің маңыздылығы да
дау тудырмайды. Себебі ғұлама суреткер дін мәселесін шын ақыл мен
салқын сана арқылы сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген.
Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің,
жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге,
адамды аялауға үндеген. Күрделі болмыс иесінің шығармашылық
мұрасын әртүрлі аспектіде тереңдей, кешенді түрде қарастырудың
қажеттілігі де осыдан туындайды.
Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын
Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да
сыншыл әуенімен ерекшеленді. Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия,
этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі
композитор ретінде де танылды. Идеялық мақсат-мұраттары жағынан
Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта
болды. Бұл орайда ХХ ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ
139
зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай
білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың
дамуына үлкен үлес қосты. Шәкәрім шығармаларында демократиялық,
халықтық және гуманистік көзқарастарды насихаттады. Таза да жарқын
махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның
асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Адамгершілік, ар-ұждан
тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани
азық. Мен осы жұмысымда Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын, дінге
деген көзқарасын, пайымдауларын қарастырамын және де «Үш анық»
шығармасының
философиялық
мәніне
тоқталып
кетемін.
Оның
шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет
ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына
сүйенеді. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай
тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы
тұрғысында ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай
өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оның
ойынша, бұл азаматтық өтеудің шарты-туған елдің бүкіл тарихи, мәдени
құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.
Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан
ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Табиғат, Күн – ол
үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея жанның мәңгілігі.
Әл Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс
ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның
мәңгілігімен анықталады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық күн көруден
алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін, жол көрсетуші, мәңгілік
пен шексіздіктің кепілі Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару,
түсіну, жан дүниесімен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке көшу,
басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға
қосылуы. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса,
тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола шығып
кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк
дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп, барлықтың ішінде бар болып жүреді».
Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол
жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алғашқы туындысы болып
табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары
мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім
шектелмей, өз жолы үшінші анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса.
Демек, басты мәселе ар ілімі, мораль төңірегінде. Кәдімгі этиканы
Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі
категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін
140
Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып,
жоғарылайтынына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп
өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат
қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай
нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық кісіге
жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соң соңғы жан
өміріне нана алмай, ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш
екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң
тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның
азығы екеніне әбден нана, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам
атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізілетін
жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа
түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген
соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы ұждан, совесть
деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор
жәрдемі үш анық дегенім осы». Шәкәрімнің "Үш анық" атты шығармасы
негізінен философиялық шығармалардың бірі болыл табылады. Мұнда
философия тарихына байланысты көп мағлұматтар берілген. Бұл
шығармадағы сөз болатын басты мәселе - ар ілімінің негізі болып табылатын
адамдағы нәрсе: ынсап, әділет, мейірім, үшеуі қосылып "Ұждан" деген ұғым
шығарады. Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан ежелгі гректегі
«каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ұждан
ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған
мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті. Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы
негізгі философиялық шығармаларының бірі болып табылады. Мұнда
философия тарихына байланысты көп мағлұматтар аламыз. Оның бұл
шығармасындағы сөз болатын басты мәселе - бар ілімнің негізі болып
табылатын нәрсе: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім- үшеуі қосылып ұждан
деп шығады. Мұны орысша совесть деп атайды... бұған нана алмаған
адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... ұжданы
сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе
қарайта алмайды», - деп жазған философиялық толғау бүгінгі күн талабымен
де үндесіп жатыр.
Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын трактатын жазуға отыз жылдай
уақыт сарп етіпті. Бұл ақынның ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен
тазалығы болса керек. Ол мұнда Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани
қазына көздеріне бас қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да
көптеген Еуропа ғалымдарының еңбектерімен таныс болғандығына көз
жеткіземіз. Ол көп нәрсенің сырын ұғып, өз дүниетаным қорытындысында
Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы танымды және,
екіншіден, дін жолындағы теологтардың дүниетанымын бірінші, екінші анық
деп көрсетеді де:
Іздедім, таптым анығын,
Тастадым ескі танығын,
141
деп, өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы-үшінші анықты
ұстанады. Ол үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль
философиясындағы жан ғұмырына барып ұштасатын ұждан туралы
күрделі проблема. Мұнысы Шәкәрімнің ұзақ жылдарға созылған ғылыми
шығармашылық ізденіс үстінде келіп туған ой қорытындысы іспетті.
Шәкәрім айтады: «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып
келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен
соң да бұл тіршілікке тіпті ұқсамайтын біртүрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз
ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың
қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет өлгеннен кейін өмір жолы дейді. Енді
«осы екі жодың қайсысы анық екенін табу арқылы сау адамға қатты міндет».
Шәкәрім дүниенің түпнегізі деп төрт нәрсені – от, су, топырақ, ауаны айта
отырып, грек философтарының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екендігін
білдіреді. Сондай-ақ дүние бөлінбейтін түпнегіз атомдардан тұратындығын,
оның арабша аты мадда немесе әсер екенін айтады.
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі адам болып табылады.
Адамның мәні оның дүниені танып-білуінде, ол тек адамға ғана, оның
табиғатына тән нәрсе дейді. Ол «Үш анықта» «дүниенің жаратылуы,
барлықтың бәрі өздігінен жаратылып жатыр, оны былай қылатын жаратқан
ие жоқ» деген жол бұрыннан айтылып келе жатса да, бұл идея XVII-XIX
ғасырларға дейінгі Еуропада кең таралып келгеніне тоқталады.
Осыған орай, Шәкәрім өз трактатында айтылып жүрген осы бес нақты
дәлелдерді келтіреді. Олар мына төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |