Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Өзін тексеру сұрақтары:

Ш. Уәлихановтың дүниетанымынның қалыптасуын сипаттаңыз 

Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасын нақтылаңыз

Ш. Уәлиханов энциклопедист – ағартушы, ғалым дәлелдеңіз 

Ш. Уәлихановтың қазақ философиясында алатын орнын анықтаңыз

Ш.Уәлихановтың сот, билер, билігін өзгерту туралы идеясын
қалай түсінесіз
 
Өзіндік жұмыс сұрақтары: 

Ш. Уәлихановтың дінге байланысты пайымдауларын сипаттаңыз

Ш. Уәлихановтың моральдық-этикалық көзқарасын айқындаңыз 

Ш. Уәлиханов ойшыл реформатор дәлелдеңіз

Ш. Уәлихановтың «Шамандықтың қалдығы» еңбегін жазудың
мақсатын түсіндіріңіз 

Ш. Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесін көрсетіңіз 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


118 
---------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
5.2 Ыбырай Алтынсариннің моральдық, этикалық,
ағартушылық идеясы 
Ы. Алтынсарин (1841-1989 ж.) 
1841 жылы ескі стиль бойынша
20 октябрьде Торғай облысы, Николаевск уезінде (қазіргі Қостанай
облысының Затабол ауданы) дүниеге келеді. Әкесі Алтынсары ауыл
молдасын көргені болмаса, басқалай оқу қумаған, момын адам болғаны
белгілі. Ыбырай тәлім тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846
жылдың мамырында атасы Орынборға барып, шекара председателі,
М.В. Ладыженскийге Ыбырайды жаңадан ашылуға тиісті қазақ 
балаларына арналған мектепке алуға арыз береді және ол арыз
қанағаттандырылғаннан кейін, 1850 жылдан бастап мектепке барады. Жеті
жылдан кейін мектепті Ыбырай үздік бітіріп, атасы Балқожа бидің
қасында хатшы болып жұмыс істейді. Жеті жыл оқу, Орынбордағы орыс 
зиялыларынан тәлім тәрбие алу Ыбырай Алтынсариннің рухани өсуіне 
жол ашты. Ы. Алтынсариннің қоғамдық, педагогикалық, ғылыми 
көзқарастарының қалыптасуына В. Григорев, Н.И. Ильминский, Я.А. Яковлев 
сияқты орыс достарының ықпалы үлкен болды. Ы.Алтынсариннің
адамгершілікке тәрбиелеу идеясы сол заманда ғылым мен білімнің ерекше 
рөлін исламның орта ғасырлық артта қалған идеологиясына қарсы күресте 
жастарды білімге, оқуға үйретуде орасан зор рөл атқарды
1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Торғай бекінісінен
қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алғаннан кейін осы
мектептің оқытушысы болып тағайындалынады. Бірақ мектеп ашуға
көптеген мүмкіндіктер жетпеген соң мектептің ашылуы кейінге
қалдырылады. Алайда Ыбырый Алтынсарин қол қусырып қарап отырған
жоқ, өз үйіне бірнеше оқушы қабылдап, оларды оқыта бастайды. 1861 -
1863 жылдар арасында Ыбырай Алтынсарин Торғай бекінісінен бір
кластық мектеп ашу ісін мектептің қабырғасын тұрғызудан бастайды. 
Осы өңірге әскери комендант болып келген Яков Петрович Яковлев
қазақ мұғалімінің оқу ағарту жөніндегі қолға алған ісін қолдайды. 
Ыбырай Торғай даласындағы ауылдарды аралап, мектеп құрылысына 
қаражат жинайды және Троицкідегі таныстарына хат жолдап, керекті 


119 
құрылыс материалдарын және оқу құрал жабдықтарын, кітаптарын 
алдырады. Кітаптардың ішінде Николай Ивановичтің «Самоучитель
русского языка для киргизов» деп аталатын оқу құралыда болған. 
1863 жылы Ы. Алтынсарин 
 
өзі жобалаған мектептің құрылысын
бітіреді және 1864 жылы қаңтардың 8- жұлдызында көп халық жиналып
салтанатты түрде мектеп ашылады. Бұл мерекеде 14 бала мектепке
жазылады. Біраз уақыт өткен соң тағы да екі ауыл баласы қосылады. 
1879 жылы Ыбырай Алтынсарин ресми түрде Торғай облысының
инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысы ол кезде Елек, Ырғыз, 
Торғай және Николаевск уездеріне бөлінетін еді. Орынбор губерниясына
бағынатын Тройцк уезіндегі мектептерді де Ыбырай Алтынсарин басқарады. 
Ы. Алтынсариннің тікелей өз инициативасымен қазақ жерінде
жұртшылыққа арналған бүтін бір мектептер жүйесін құруы – оның теңдесі
жоқ тарихи қызметі болып табылады. Бұл мектептерде ол қазақ тілі
пәнін оқытуды алдына мақсат етіп қояды.
Ы. Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалысымен бірден
жаңа мектептерді ашу ісіне кіріседі. Ең алдымен, облыстағы барлық
уездік қалаларда бір бірден училищелер ашуды ұйғарады. Осы
мақсатпен ол ауыл ауылды аралап қаржы жинайды да, артынша Елек,
Николаев, Торғай және Ырғыз уездерінде екі кластық орыс қазақ
училищелерін ашып, оларды оқушылармен ұстаздармен қамтамасыз
етеді. Осы жылы Ы. Алтынсарин орыс қазақ мектептеріне арналған
Орынбор баспасынан екі оқу құралын - «Қазақ хрестоматиясын» және
«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жарыққа
шығарады. Бұл еңбектер ғылыми деңгейде жазылған асыл мұралар,
қазіргі кезде де қадір–қасиетін жоймаған қымбат қазына. Қазақстанның
экономикалық дамуы үшін аса қажет болып табылатын тұрғылықты
халық өкілдерінен мамандар даярлау ісіне ерекше мән бере отырып,
Ы. Алтынсарин қаржыны кәсіптік және ауыл шаруашылық училищелерін
ашуға жұмсайды. Тек қана халықтан жиналған қаржы ұстап тұрған
кәсіптік училищені Торғай қаласында ашудың сәті түседі.
Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсарин есімімен тығыз
байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша үкіметі тарапынан
кедергіге ұшырайды. В. В. Катаринскийге бір хатында былай деп
хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ интернаттың табысты
боларына губернатордың күдігі бар... ал мұндай маңызды істі
бастамаса, ешқандай ештеңе де болмайды ғой. Ал істің Ырғызда оңға
басатынына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін...». Көп ұзамай бұл
арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар
арнаулы мектеп ашылады. Шындығында, бұл қазақ халқының өмірінде
болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастамасының сәтті
болғанына Алтынсарин қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай
облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуға өтінеді.
Өтініш бергеннен соң екі жылдан соң барып қана интернаты бар
қыздар училищелерін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы


120 
Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ поселкасында және 1896 жылы
Ақтөбеде ашуға рұқсат етіледі. Алтынсариннің талап етуі бойынша
ашылған бұл қыздар училищелерінде 1896 жылдың қарсаңында оқыған
211 қыздың 70 і қазақ, 149 ы қоныс аударушы орыс қыздары еді.
Ыбырай Алтынсарин қажымай, талмай жүріп 1883 жылдың 15
қарашасында Торғай қаласынан қолөнер мектебін ашады. Бұл қазақ
даласындағы техникалық мәні бар алғашқы оқу орны болып табылады.
«Қазақтардың, - деп жазды Алтынсарин, - тез қадаммен отырықшылық
тұрмысқа көшіп жатқанын еске алып... қолөнер ашуды ұсынып едік.
Міне, енді біздің бақытымызға бұл алғашқы тәжірибеміз сәтті жеміс
беріп отыр». 1883 жылы уезд орталықтарында 4 мектеп, бір қолөнер
мектебі ашылады. 1888 жылы Ы. Алтынсарин қолөнер училищесін
бітіргендерді сынақтан өткізді, тиісті мамандықтарына байланысты
куәлік қағаздарын қолдарына тапсырды. Алғашқы мамандардың ішінде
Торғай уезінің Шұбалаң облысындағы №2 ауылдың азаматтары
Мығымбай Көркембаев пен Бижан Айдарбеков ағаш шебері және токарь
мамандықтарын алды.
Осы жылы уезд орталықтарындағы орыс қазақ училищелерінің
жанынан кәсіптік мамандықтарға даярлайтын бөлімдер құрылды. Сөйтіп, 
Яковлевтің көмегімен қолөнер мектебіне қосымша тағы төрт жерден
мамандар даярлайтын болды. Сол жылы ақ аталған мектептер қажетті
құрал жабдықтармен, мұғалім кадрларымен толық қамтамасыз етілді.
Торғай даласында ауыл шаруашылығына мамандар даярлау үшін басқа 
да арнаулы оқу орындарын ашуды мақсат тұтты. 
1888 – 1889 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин денсаулығы бірте 
бірте нашарлай берді. В. В. Катаринскийге хатында: «Сізге соңғы хатымды
жазғаннан кейін мен тағы ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан
анағұрлым қатты ауырдым, жұрт мені жаны қалса тәуір болар еді деп
қауіптенеді. Әлі де ауырамын, ұйқым жоқ десе де болады, тамақ
ішпеймін. Жүрегімнің соғуы күшті, ентіге беремін» - деп жазған. 
Ыбырай Алтынсарин ауруына қарамай Қостанай қаласына келіп,
Торғай губернаторы Барабашпен кездесіп, мына мәселелерді шешуге
келісімін алады: оқу ағарту ісіне халықтан қосымша қаражат жинау, қыз
балалар оқитын училищелер ашу, ауыл шаруашылығы мектебін
ұйымдастыру, Москвадағы Жер шаруашылығы академиясында оқитын
қазақ балаларына стипендия төлеу, Красноуфимскдегі училище
оқушыларына стипендиясын көбейту, тері өңдейтін және сабын
қайнататын заводтар ұйымдастыру және т.б.
Оның ауруы күн өткен сайын асқына берді. Біраз күндер қоныс
аударып, қымыз ішіп, таза ауа жұтып табиғат аясына шығып та көрді,
бірақ көмек болмады. Ұлы педагогтың қатты науқас екені бүкіл Торғай
даласына тарады. Онымен кездесуге көңіл білдіріп, денсаулық тілеуге
жер жерден дос жарандары, ұстаздары, шәкірттері келіп жатты. 1889
жылғы шілде айының 17 күні, күндізгі сағат 11 де, 48 жасына үш ай 
қалғанда Ыбырай Алтынсарин Тобыл өзенінің жағасына жерленді. 


121 
Алтынсарин балаларға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білді. Ол 
шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін.
«Барлық күш – жігерімді олардың мінез – құлқына ықпал етуіне жұмсаймын,
кейін парақор болып шықпауы үшін», - деп жазды. 
Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісін заңды
түрде алғаш бастаушы, революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық
ой пікірдің негізін қалаушысы болып табылады. 
Қазақ халқының тарихына аса көрнекті ағартушы, жаңашыл, педагог, 
жазушы, қоғам қайраткері ретінде кіреді. Торғай жерінде дүниеге келген. 
Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебінде 
1850-1857 жылдары оқып, оны үздік бітіріп шықты. Жастайынан туған 
әкесінен жетім қалып, Ыбырай үлкен әкесі Балқожа бидің қолында 
тәрбиеленді, Орынборда оқып жүрген немересі Ыбырайға жазған сәлем 
хаттың үлкен тәрбиелік мәні болады: «Атамды сағындым деп асығарсың, 
сабаққа көңіл қойсаң басыларсың, ата-анаңды өнер білсең асырарсың, Надан 
болып білмей қаларсың, аһ ұрарсың». Ыбырай Орынборда оқып жүрген 
кезден бастап, өлкеде айдауда жүрген әртекті орыс зиялыларымен араласты, 
белгілі шығысты зерттеуші В. Григорьевтен дәріс алды. Елге оралғаннан соң, 
халықтан қаржы жинап, мектеп үйін салуға кірісті. Мектеп 1864 жылдың 
қаңтарында ашылды. Ал мақсат-тілегін Ыбырай былай деп белгіледі: «Мен 
қазақ 
жастарының 
классикалық 
гимназияда, 
ауыл 
шаруашылық 
академияларда оқып, білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс 
жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін». Бала оқытып тәрбиелеу 
жұмысында ол дүние жүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа 
ала білді. Оған басшылық еткен Қазан университетінің профессоры, 
миссионер Н.И. Ильминский болады. Ол Ыбырайға орыс алфавитімен 
жазылған оқу құралын жасауды ұсынады. 1879 жылы Ыбырай төрт тараудан 
тұратын әйгілі «Киргизская хрестоматия» («Қазақ хрестоматиясы») кітабын 
жазады. Сонымен қатар көптеген әңгімелер, өлеңдер жазып, балаларды 
оқуға, білімге шақырады. Олардың біразы сол хрестоматияға енгізілді. «Кел 
балалар, оқылық» деген өлеңінде ол: 
Сиса көйлек үстінде, тоқуменен табылған,
Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған, 
Өнер-білім бәрі де оқумен табылған.
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық,-деп жазды Ыбырай. 
«Қазақтарға орыс тілін үйренудің бастауыш құралы» атты 8 тараудан 
тұратын оқу кітабында «Зат есім», «Сан есім», «Сын есім», «Үстеу мен 
жалғау», «Етістік», т.б. ұғымдарын тұңғыш рет енгізіп, талдап көрсетті. 
Ыбырай өз халқын мәдениетті, өнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті. 
«Өнер, білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс 
жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды», - деп жазды.
Ыбырай оқытушылық жұмыспен қатар халық училищелерінің 
инспекторы, Торғайдың уездік судьясы да болады. Алтынсариннің тікелей 
араласуымен мектептер, интернаттар, училищелер ашылады, олардың 


122 
жанынан халық қаражатымен кітапханалар ұйымдастырады. Ыбырай 
надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге 
шақырады. Оған «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан 
Хакім», «Қыпшам Сейітқұл» деген шығармалары дәлел болады. Мәселен, 
«Қыпшақ Сейітқұл» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин ағайынды екі 
адамды мысалға келтіреді. Сейітқұл егіншілікпен егін егеді, саудамен тағы, 
басқамен шұғылданады. Сөйтіп басқаларға өнеге көрсетеді. Екіншісі 
ұрлықпен айналысады, ақыры өмірі қорлықпен өтеді. Өзін белгісіз біреулер 
Түркістан жақта өлтіріп кетеді. Ұрлықы жинаған дүниесі талан-таражға 
түседі. Сөйтіп, Ыбырай халықты адалдыққа, еңбекке, отырықшылыққа 
шақырады. Зиянды кертартпа әдеттерден безуді уағыздайды, адамдық 
жолдан сақтандырады. «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кессе 
басың шындықпенен. Қорек тап бейнеттен де – Тәңірім жәрдем, Телмірме бір 
адамға мұңдықпенен», - деп халқына ақыл-кеңес берді. «Таза бұлақ» 
әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин адамгершіліктің маңызында мәселелерін 
үш жолаушының бұлақ басында сусындап отырып, тастағы жазуды оқып, 
соны әрқайсысы қалай талдағаны арқылы халық санасына қозғау салады. 
Сондағы жазу былай екен. «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!». 
Бұл мысал Ыбырайдың халқын адамгершілікке баулуда түрлі әдістер 
қолданғанын көрсетеді. Сонымен бірге патша үкіметінің қазақ балаларының 
ішінен тілмаш тәрбиелеп шығармақ болған әрекетін сынап, қазақ еліне 
тілмаштық емес, өнер керек, білім керек екенін орыс тілінде жазылған 
мақалаларында талай рет атап айтты. Қазақ халқының кішіпейіл, білімге 
құштар, достыққа адал екенін айтып отырды.
Бірақ Ыбырайдың бұл мақсат әрекеті патшалық Ресейдің жергілікті 
халық өкілдерінен тек тілмаштар дайындамақ болған саясатына қайшы келді, 
қолдау таппады. Ыбырай қазақ халқына көшпелілік тұрмыстың тұсау болып 
отырғанын да атап көрсетті. Ол халықтардың өмір бойы көшпелі тұрмыста 
қала беруін қуаттамауымен қатар: «Халық өзінің даму жолында көшпелілік 
өмірден отырықшылыққа ауыспай қоймайды», - деп қорытты. «Халыққа 
білім беру, көзін ашу ісінің өзі осы отырықшылықпен тығыз байланысты», - 
деді. «Қазақ халқы көп ұзамай орыс мемлекеттерімен қоян-қолтық араласып 
кететін болды. Бұл жақындықтан ол тек бақыт табу және ол малшы болып 
қалмайды, сонымен қатар диқаншы да, Ресейдің қасиетті туы астында да 
жауынгер бола алады», - деп жазды Ыбырай. 
Бірақ Ыбырай Патша өкіметінің Орынбор және Батыс Сібір генерал-
губернаторларында дала облыстарын басқару жөніндегі 1868 жылы 
қабылданбақ болған уақытша ережесін сынға алды. Оның қазақ халқының 
тұрмыс-салты, көшпелі өмір сүрген әдет-ғұрпын, шаруашылығын есепке 
алмай, оны күшпен отаршылыққа айналдырмақшы болған, артық жерлерін 
тартып алып, Ресейдің орталық аудандарынан ауып келгендеріне бермекші 
болған әрекеттерін бүкпесіз ашық сынады. Ыбырай Алтынсарин былай деп 
жазды: «Даланы мекендеген халықтардың өміріне жасанды түрде төңкеріс 
жасауға шешім қабылдамас, бұрын алдымен осы халықтың және оның өмірін 
зерттеп білу ақылдырақ іс болмай ма? Бұл халықта отаршылдық үшін қандай 


123 
алдын-ала орындалған шарттар бар? Мұның өзі ағат қадам жасамау үшін 
керек. Өйткені керек халықтың өмір салтын күшпен өзгертіп кейде нағыз 
қабілетті халықтың өзін де енжар селқоз халыққа айналдырып жіберуі 
мүмкін. Башқұрт халқы осындай жағдайға душар болды деушілер көп. 
Шындығында табиғаттың заңында жас баланы естияр адамға айналдыруға 
болмайды ғой». 
Ыбырайдың еңбектері, мақалалары, хаттары олардың дүниеге 
гуманистік көзқарас, тәжерібелі қиялдық анықтаушы тұрғысынан 
жазылғанын байқатады. Мысалы, Ыбырайдың «Орынбор ведомствосы 
қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» 
атты еңбегі. Ол әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ, өйткені бұл мәселелер 
қазақ тұрмысына сай пайда болды, елдің қанына сіңіп, ерте замандардан келе 
жатқан дәстүр. Ыбырай осыны аңғартады: «Білім дегеніміз - өзімізді 
қоршаған шындықты танып білу», - деп түйіндеді Ыбырай. Ол мектептегі 
діни схоластикалық оқуға қарсы шықты. Өзі ашқан мектептерде оқу процесін 
осы тұрғыда жүргізді. Алтынсарин мектеп мен тәрбие өз халқының
тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын
ұсынды. Сондай ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сенімімен
қарады. Ы.Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс
мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жасауға тиіс. 
Ы.Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш
мектеппен шектеліп қана қоймай, ол мектептер құру туралы ойларын
халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын
қалады. Алайда ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас
жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және
Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын
қазақ балалары мен жастарға стипендия тағайындады.
Ы.Алтынсариннің табандылығымен Орынборда 1886 жылы
мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бұл кейіннен Орыс қазақ
мектептеріне мұғалімдер дайындайтын орталыққа айналды. Сөйтіп,
Алтынсарин қазақ халқының өмірі мен салтына сәйкес келетін қолтума
қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді. Бұл жүйенің ең
басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып
есептелінді.
Ыбырай Алтынсарин жастарды оқу білім, өнерге үндегенде құрғақ
насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге
ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан
ұстаздық амал тәсілді қолданылады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік
қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын: 
Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықылас пен тоқылық! - деген жолдарды әдейі қайталай
отырып, оқу – білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген.
Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген «Бір құдайға сыйынып,


124 
Кел, балалар, оқылық» атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама-
қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік
пен надандылықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен
қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда алдымен
оқудың пайдасын жарыққа балап:
Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар. 
Тілегенің алдынан
Іздемей ақ табылар,-
Десе, надандықтың мән жайын : 
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап, - дейді. 
Автор өзі үндеп отырған оқу білімінің тек ізденіс, еңбекпен
табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай
ыждаһат, сабырлық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің
арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын
айтады. Ақын ойынша: оқу білім мәңгілік, ол жұтамайды және
таусылмайды. Ал бұған қарама-қайшы тұратын надандықты ақын:
Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарамас. 
Жайылып жүрген айуандай 
Ақ, қараны танымас... 
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас, -
деп бейнелейді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу білімнің
өмірдегі орнын, қажеттілігін баса көтереді.
Әдебиетімізде бұған дейін оқу білім өнерге бірыңғай шақыратын
мұндай жырлардың жоқ екенін ескерсек, осы «Кел, балалар, оқылық»
өлеңінің мән маңызы ашылып, өлеңін бастан аяқ тың мазмұнды, жаңа
сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл,
ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал жабдықтарының
іс әрекет, қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында,
құлақ естіп, көз көрмен паровоз, пароход, телеграф, телефон, газ, электр,
самолет, т.б. бұларды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел
өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұстанады. Ыбырай сол таныс 
емес техника заттарының іс әрәкеттерін алдымен өзімізде бар нәрселермен
теңеу арқылы ұғындырмақ болды. Айталық, ол паровозды «аты жоқ
құр арба» деп бейнелесе, ал суда жүзген кемені кәдімгі үлкен балыққа
теңейді. Бұл, біріншіден, жұмбақ шешіп үйренген қазақ балаларының
ойлау қабілеті мен соған деген ықылас ынтасын арттырса, екіншіден,
жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты түсінік
алады. Осындай танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ бұл жырлардың
бір үзіндісі төмендегіше болып келеді: 
Өнер білім бар жұрттар 
Тастан сарай салғызды. 


125 
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны 
Мың шақырым жерлерге 
Күн жарымда барғызды. 
Адамды құстай ұшырды, 
Мал істейтін жұмысты 
От пен суға түсірді. 
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді!... 
Рас, еңбек пен өнерді игеруге шақыру халық ауыз әдебиеті
үлгілерінде бұрыннан бар, алайда мұндағы негізгі мақсат көшпелі
өмірдің талап тілектері төңірегінен аса қоймайтын. 
Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл
өлеңдеріне қосып, хрестоматиясына енгізді. Осы қысқа әңгімелерінде ол
жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек
пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін
игеруге шақырады. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі қазақ
халқының мәдени әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын
жастардың өсіп жетілуіне қажетті түзілім міндеті туралы Н. Н. Ильминскийге
жазған хатында: «Қазақ балаларына, меніңше мағыналы анекдоттар,
жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер керек. Өлең жағын мен мүмкін
болғанынша қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды
мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері
туралы, тарих және географиялық ғылыми әңгімелер келтірмекпін». Бұдан
тұңғыш ұстаздың шәкірттерге ғылымның әр саласынан тыңғылықты білім 
беретін пәндік оқуды енгізуді ойластырғанын көреміз.
Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер білімге үндеу,
адамгершілік мінез құлыққа тәрбиелеу болып табылады. Ол ел- жұртқа
қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы
іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп күн 
көретін отырықшылыққа шақырады. Өз әңгімелерінде отырықшылықтың 
артықшылығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Ыбырайдың «Қыпшақ
Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» деген ықшам жазылған қысқа
әңгімелерінде дәл осындай жағдайлар суреттеледі.
«Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде Ыбырай мал баққан халықтың
жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта отырып, Сейітқұлдың
ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Сауда етуге
малы жоқ, ұры қаралықпен күн көруге болмайды. «Жортуыл басы
жолда қалады» деген халықтың даналық сөзі жаман іске аяқ
бастырмайды. Ақырында Сейітқұл тұрақты мекен іздеп, Торғай
төңіріндегі Қабырға деген өзен судың жағасын ұнатып, сол жерді мекен
етеді. Жоқшылықтың зардабын көп көрген жалаңаш жалпы кедейлерді
сол жерге көшіріп алып келеді де, отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып,


126 
егіншілік жұмысты кәсіп еткізеді.
Барымтаны әдет еткен Сейітқұлдың ағасы бұл ынтымаққа көнбей,
Түркістан жаққа қалып қояды. Бір жерді мекен еткен Сейітқұл ауылы
көтеріліп, шаруалары күйлене бастайды. Бес алты жылдың ішінде
Сейітқұл ауылы дейтін іргелі елге айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай
терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтын қорған тұрғызып,
қалалардан киім кешек, азық түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді.
Бұларға кезінде қосылмаған Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға
түсіп мерт болады. Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек 
етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды 
жарқын болашақ үшін қажымай күресуге, көршілер (орыстар) мәдениетін 
қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. 
Өзінің барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын, қарапайым халықтың 
бишаралық халге түскен балаларын ескеріп, сонымен бірге билеуші 
топтардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті. 
Алтынсариннің тарих, этнография, өлкетанудағы бағытта да үлкен маңызды 
жұмыс атқарғанын да көруге болады. Алтынсариннің этика, педагогикалық 
тәрбие және мектеп жүйесі ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, 
балаға сүйіспеншілікпен қарап, оны қадірлеуге және өз халқының мүддесі
үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет