Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет31/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Мұрат Мөңкеұлы

М. Мөңкеұлы қазақ жері талқыға түсіп,отаршылардың ойранына айналған
жылдарда халқына ұран тастап, қарсы күреске шақырды. Ақын «Үш қиян», 
«Сарыарқа», «Қазтуған», «Әттең бір қапы дүние-ай» сияқты толғау-
дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп озбыр 
саясатқа қаймықпай қарсы тұрды. Ата-бабаларының қасық қаны қалғанша 
қорғаған жерін отарлаушылардың табанының астына таптатқысы келмеді. 
Ұлан ғайыр далаға патша үкіметінің өктемдікпен тап беруі Мұраттың ыза-
кегін оятты. Патша жендеттеріне деген өшпенділігі кеудесіне сыймай жыр 
болып құйылды. Бұған дәлел ретінде ақынның «Үш қиян» толғауында: 
Еділді тартып алғаны
Етекке қол салғаны, 
Жайықта тартып алғаны
Жағаға қолды салғаны. 
Ойылды тартып алғаны 
Ойдағысы болғаны, деп күйінсе, «Сарыарқада»: 
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, 
Сарытау, Аштарханның жерін де алды. 
Артынан Еділден соң Нарынды алды, 
Аржақтан Қайып алды Науша қашып, 


106 
Тарлықтың содан бері қаптағаны. 
Тамаша, су мен нуды орыс ұстап, 
Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны. 
Қуалап Исатайды өлтірген соң 
Заманның содан бері тарылғаны, - деп ашына жырлайды. 
Мұрат шығармаларындағы басты сарын жер мәселесі, атақоныс, бас 
бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары ақынның бұл 
толғауларында да айқын көрінеді. Сонымен бірге ортамыздан «жік шығып», 
қазақтың қалған жеріне біреулер көз алартып, бөлшектеуді армандаған
бүгінгі таңда бұл жырлар халықтың өткені мен өксігінен хабар берер
тарихи дерек те. Мұрат ақын патшалық отарлау саясатының нәтижесінде
қазақ халқының өзінің асыл қасиеттерінен, салт-дәстүрлерінен айырылып, 
болашақ ұрпақ, ел, жер қандай халге душар болар екен деп қауіптенді. 
Жаңа заманның қазақ қоғамына енген жаңалықтары, өзгерістері халықтық
сана-сезімге кері әсер етіп, рухани мәдениеттің дамуына нұқсан келтіріп, 
салт-санамыз бен ұлттық дәстүрлерімізден ажырап қаламыз ба деген
күдіктер туғызды. Сол себептен болса керек, өткен өмірді көксеу, торығу, 
аңсау сарынымен жырлады. Мұрат өз заманын адамгершілік жағынан 
азған, отбасы қатынастарының бұзылған заманы дейді. Ол заманның
бұзылуының, қайғы-қасіреттің үйірілуінің себептерін іздеп, өз заманының
күйіне пайымдаулар жасайды. Биліктің құны кетті, батырлық бодалды, 
сопылық жерде қалды, замана бұзылып, қатыны қойнында жатқан еріне
зәкүн айтатын болды, бұрынғы етек-жеңі мол, қазақы мінез ел басшысын 
алмастырды. Мұрат ақын олардың атын атап, түрін түстеп те береді: 
Мен қауіп еткеннен айтамын: 
Ақ борықтай иілген, 
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін, 
Шая ма деп жүрегін, 
Шашын, мұртын қайырып, 
Ащы суға тойдырып, 
Бұза ма деп реңін, 
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!... зар заман ақындары, олардың 
әлеуметтік-философиялық дүниетанымы, ойлары қазақ халқының қоғамдық 
сана-сезімінің қалыптасуына, қоғамдық ойдың дамуына, кейінгі ұрпақты 
гуманистік, патриоттық ұлтжанды рухта тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізді. 
Бұл ақындар заманның адал перзенттері, халықтың тілеуін тілеген, ел 
іргесінің шайқалмай, бірлікке ұюын, рухани қазынасын көздің
қарашығындай сақтауды үндеген, қарапайым бұқараның мұңын мұңдаған, 
жоғын жоқтаған көкірегі шерлі азаматтар еді. Олар ел басына күн туған
тар заманда отты жырларымен ой тастап, өз үнін танытқандығымен, қазақ 
елінің жау жүрек, қайраткер ұлдары болғандығымен қымбат. Айтар 
болсақ, қазақ ақын-жыраулар шығармалары терең мағыналы философиялық 
ойларға толы. Жоғарыда атап өтілген жыраулармен қатар Доспамбет, 


107 
Марқасқа, Үмбетай, Сыпыра, т.б. жыраулардың көзқарастарын атап өтуге 
болады. Жалпы, қазақ ақын-жыраулар шығармалары философия тарихында 
рухани мұраларымыздың бай қазынасы болып табылатыны сөзсіз. Қазақ 
ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл 
философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Олардың айтқан 
жыр-толғауларында тарих шындығы, адам, қоғам, табиғат мәселелері негізгі 
өзекті орын алады. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары халық ауыз 
әдебиетімен, әдет-ғұрып, салт-санасымен тығыз байланыста болып, бар 
болмысында ойлы философиялық, тарихи сабақтастық принциптері қатар 
жүріп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет