Асан қайғы Сәбитұлы
(XIV-XV ғ.ғ. ақыны) - мемлекет қайраткері,
ақын-жырау, философ. Кейінгі ұрпаққа әулие танылып, «көшпелілер
философы» атанған Асан қайғы өзінен қалған қысқа сын-болжаулары, өсиеті
арқылы өзі жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс білік-дерек
береді. Асан қайғы 1361-1370 ж.ж. арлығында Еділ бойында туылған. 1456 ж.
Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа мемлекеттің
ұраншысына айналды.
Асан қайғы ол жыртолғауларында, шешендік сөздерінде хандық
мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін
насихаттайды. Сол кездегі қоғамның әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін
көтерді. Өзінің ғұмырын туыстас руларды бір орталықты, қуатты мемлекет
етіп ұйымдастыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен
толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға таныған, тіпті Алтын
Орданың орнына пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін
болжай алғаны көрінеді. Асан қайғы жырларының заман жүгін көтерер
мәселелердің бірі - ар, адамгершілік туралы ой-толғаулары. Жыр
құрылысына қарап, терме түрінде айтылғанын байқаймыз. Бұл жырлардың
Асан қайғы мораль философиясының қазығы екендігі даусыз.
Еділ бол да, Жайық бол.
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегісіп ұрыспа.
Асан қайғының халық жадында сақталып, айтылып келе жатқан
102
«Жерұйықты іздеуі», белгілі ғалымдарымыздың айтқанындай, «утопиялық
шығарма» емес. Қазақ мемлекетінің тұңғыш рет тарих сахнасына шығуымен
тікелей байланысты туған шығарма.
Алғашында Қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу өзені
мен Талас өзенінің алқабы еді. «Қазақстан» деген атау тұңғыш рет нақ осы
аумаққа қолданылды. Ежелден осы алқапты мекендеген қазақтың Ұлы жүз
тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене
араласып кетті. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан
қанжілік болған қазақ халқы Әбілқайыр хан қол астынан шығып, Қазақ
хандығына келіп жатты. XV ғ. 50 ж. ортасынан 70 ж. басына дейін Жетісуға
200 мың адам көшіп барды. Он шақты жыл айналасында батыс Жетісу
өңіріне осынша адамның жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Қазақ
хандығының алдында үш үлкен тарихи міндеттер қойылды. Асан қайғының
«Жерұйықты іздеу немесе жер-суларға берген сындарында» осы орайдағы
негізгі идеялар көрініс тапқан. Жерге қауымдық меншіктің нысаны қазақ
халқының тек төрт түлікті ғана танып-білумен шектелмей, жер, суды тануға
мәжбүр етті. Сондықтан қазақ халқы өзі көшіп-қонып жүрген ой-қырдың
бәрін бес саусағындай білген. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығын
нығайту рухында Асан қайғының жерге айтқан (Сахараны дана қария бір
мәліметте 6 жыл, енді бірінде - 12 жыл, үшіншісінде - 17 жыл аралаған дейді)
сындарынан үзінділер келтірейік:
«Асан қайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы
тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың
мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті.
Шідерлі деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл
екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос
жылқы шідірлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының өрісі екен», - депті.
...Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс
екен. Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда
дұрыс екен ...», - депті. Асан қайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын,
қонысын көрсем, бұларға жағдай туғызсам деп көп заман өмірін далада
өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да баға беріпті. Қорыта айтар
болсақ, қазақ ақын-жырауларының шығармалары, шындығында да, терең
мағыналы философиялық ойларға толы. Жалпы, қазақ ақын-жырауларының
шығармалары төл рухани мұраларымыздың бай қазынасы болып, зар заман
ақындарының поэзиясы мен әлеуметтік философиясында ақындар өз рухани
үндестігін тапты. Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінде, тарихы мен
өнерінде «ақтаңдақ» тұстар өте көп. Соның бірі - зар заман поэзиясы, оның
өкілдерінің әлеуметтік- дүниетанымдық көзқарастары. «Зар заман» деге -
патшалық отарлау саясатының ең күшіне енген кезеңі. Қазақстанның Ресей
құрамына енуі қазақ халқының тәуелсіздігінен айырылып, қазақ жерінің
нағыз талауға түскен шағы еді. Осыған орай кәсіби шаруашылықтың ыдырау
халық арасында сары уайымшылдық пен болашақтан күдер үзушілік
пиғылдарын тудырды. Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары
халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу
103
сарынымен жырлады. Отаршылдық саясаттың күшейе беруі халықты ұлттық
рухани мәдениетінен де, дінінен де айыру қаупін туғызды.
Осы орайда М. Әуезовтің: «Сыртқы өмірдің осы сияқты салдарынан
қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, сөзінен, өлеңінен, әнінен
еркелік, еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнына арман, зар-шер, қайғы
басқан», - -деп жазған сөздерін атап өтпеуге болмайды.
Бұл тарихи кезең туралы С. Мұқанов та: «Жер отарлаудың мәнісі: қазақ
даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып,жиілетіп, орыс шаруа
поселкаларын орнату, қазақтың бар құнарлы жерлерінен переселендерге
беру, сөйтіп, жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан
айырып, қазақты кедейлендіру, содан кейін аздырып, тоздырып, ұлттығын,
елдігін жою», - деп жазған еді.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі -
Достарыңызбен бөлісу: |