98
айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: «Жалғыздың жоғы
жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар», «Жағаға дұшпан қолы
тимеске, артында туысқанның көбі игі», «Белуардан саз кешсең тобығыңнан
келтірмейтін-қаумалаған қалың туғанның арқасы»-деп ағайынның, туғанның
көп болғанын қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен
жақсылық жөнінде де айта келіп,
«көрінгеннің бәрі бірдей емес», «қырға шықпас жаманның барынан да жоғы
жақсы» деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.
Жауынды күні көп жүрме
Жар жағасы тайғақ-ты,
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
В. Радловтың жазуы бойынша нәзік жанды ақындығымен қатар
Шалкиіз-батыр, жауынгер де болған көрінеді. Мұнің дәлелін мына бір жыр
жолдары көрсетеді:
Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайырылып барып тез сынар
Қайың оқтың жаңқасы,
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер көлік бар,
Көп садақтың ішінде
Көбе
бұзар жебе бар,-
деген сияқты жолдар өте көп кездеседі. Бұдан біздің байқағанымыз, Шалкиіз
толғауларының рухы - батырлық, ерлік, өз отанын сүю, оған қызмет ету.
Шалкиіз мұралары бізге әлі толық жетпегенмен, оның рухани мұрасы
өте бай. Оның сөз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл ойлау мәдениетіміздің
қалыптасуына, сөз жоқ, айтарлықтай ықпал етті.
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі -
Достарыңызбен бөлісу: