Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет27/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Бұқар жырау
(XVII-XVIII ғ.ғ.).XVIII ғ. жыраулары ішіндегі ең көрнекті ірі тұлға Бұқар 
жырау Қалқаманұлы шамамен (1668-1781)ж өмір сүрген. 
«Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуіріндегі 
көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына 
қарамастан, қазақтың ескіде өткен басқа ақын-жыраулары сияқты, Бұқар 
өмірі қақында білеріміз тым аз. Ол тым ерте көтеріліп, Тәуке хан тұсында-ақ 
хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғандығын білеміз. Алайда 
Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілерімен тіл табыса алмағандығы 
аңғарылады». 
Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда 
және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың тіпті сауып-ішер малы, 
мініп-түсер аты да болмаған. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал 
халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезінде Бұқар жай ғана арқалы 
жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп, қабырғалы 
биге, өз заманының ұраншысына айналды. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 
1781 ж. шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының 
етегінде. М. Жүсіптің айтуынша, Бұқар жырау атанған қария 93 жасында 
Абылай ханның алдында жыр толғаған. Сонда Абылай ханға: «Сенен бұрын 
жеті ханды жебеледім. Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен 
оның түстігіне де жарамайсың», - деген екен. Абылай хан жорыққа 
аттанбақшы болса Бұқар жырауды алдырып, «жұлдызым оң ба?» деп айдың, 
күннің сәтін сұрайды екен. «Сары бура келіп, сенің туыңның түбінде тұрып 
пәлен жаққа қарай шабынды» десе, сол айтқан жағына бет алып аттанса 
жауын шауып, жаншып келеді екен. «Сары бура келген туыңның түбінде 
шөгіп, мойнын жерге жабыстырып, жатып алды» десе, аттанбайды екен деп 
Мәшһүр Жүсіп Бұқарды әрі жырау, әрі көріпкел әулие етіп суреттейді. 
Халық: «Өнер алды-қызыл тіл», - десе, Бұқар бұл мақалдың даналығын әбден 
түсінген адам. Ол сөз өнерінің қиындығын да, құрметтілігін де білген. 
Сондықтан да жырау:


100 
«Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады. 
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ», - деген екен. 
Бірде Абылай: «Қазына қайда?», - деп сұрағанда жырау: «Басы жеткен 
жігіттің екі езуі қазына: бір езуі - алтын, бір езуі - күміс», - депті. 
Бұқардың өзі осы қазынаны - сөз өнерін жеріне жете меңгерген еді. «Өз 
заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен,-деп жазады 
Мәшһүр Жүсіп - қар сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай 
бастайды екен». Бұқар мұрасынан біздің заманымызға жеткені 1100 жол 
шамасында. Бұл сөз жоқ, жырау туғызған көл-көсі жырлардың бір бөлігі 
ғана. «Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Аюбтың 
сабыры..., Афлотонның ақылы керек», - деген еді Мәшһүр. 
Шоқан Уәлиханов өзінің «XVIII ғ. батырлары жайында тарихи 
әңгімелер» деген мақаласында Бұқарға қатысты біраз мәліметтер береді. 
Соның бірі - жыраудың Абылай алдында айтылған екі өлеңі. Шоқан бұл 
өлеңдердің жолма-жол тәржімасын жасайды. 
Абылай ажал жастығына бас қойғанда: 
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан жаным-ай, 
Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай. 
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай, 
Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам, 
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай,- 

деп зар айтқан Бұқар әміршісі дүниеден кеткен соң оның басында 
отырып жас төгеді, шын көңілімен жоқтайды. Жырау осы ретпен Абылайдың 
тіршілігі кезіндегі істерін мадақтай келе, оның ерлігін, салтанатын, 
батырлығын, байлығын сөз етеді. Бұқар шығармашылығында өзі өмір сүрген 
заман келбеті, тарихи оқиғалар бар шындығымен дәл түсірілген. Оның 
жырларынан нақыл сөздерге, философиялық ойлы тебіреністерге толы, өз 
заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырған азамат ақын 
болғандығын көреміз.
Бұқар өз заманына оншама ризашылығын білдіре қойған жоқ. Ол өз 
заманы туралы: 
Ай, заман-ай, заман-ай, 
Түсті мынау тұман-ай, 
Істің бәрі күмән-ай, 
Баспақ, тана жиылып 
Фана болған заман-ай! 
Құл-құтандар жиылып, 
Құда болған заман-ай! 
Арғымағын жоғалтып, 
Тай жүгірткен заман-ай! 
Азаматын құлатып 
Жұрт толық болған заман-ай! 
Арғымақтың жалы жоқ- 
Жабылар жалыменен теңелер, 


101 
Жақсылардың малы жоқ- 
Жамандар малыменен теңелер!- 
деп өзінің өмір сүрген заманына наразылығын білдіреді. Заманның 
мұндай аумалы-төкпелі болуын, саналы ой емес, санасыздықтың бел алып, 
адам болмысының азып, танымының таусылып бара жатқандығын, 
біріншіден, қынжылып, наразылықпен жырласа, екіншіден, өткенге өксіп 
қарамай, ескіні аңсамай, болашаққа да назар салмай, өз тұсындағы заманның 
мән-мағынасын түсінуге ғана тырысып, өзіндік танымы жеткен құбылысты 
жалпы халыққа да таныту бар. Жырау дүниеде ештеңе мәңгі емес екендігін, 
күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетеді. Бұқар 
жыраудың философиялық көзқарасы-білімнің толықтырылған, қорытылған 
күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан келешекті болжаудан 
туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет