Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет29/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Дулат Бабатайұлы. 
Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен 
сараңдық, білім мен надандық мәселерін талдап, шығармаларына негізгі 
арқау етеді. Дулат отарлау саясатының қазақ халқының болмыс
тіршілігіне кері әсер еткеніне, көптеген қайшылықтарды алып келгеніне, 
заманның «бұзылғандығына» қатты қынжылады. Әрине, қаймағы бұзылмай
тыныш жатқан қазақ жеріне патша өкіметінің реформасына сәйкес орыс
шаруаларының көптеп қоныс аудара бастауы Дулаттың да әлеуметтік 
дүниетанымына үлкен әсер етіп, болашаққа қазақ қоғамы үшін қатты
қобалжып, халық өміріндегі болып жатқан өзгерістерге үлкен 
сезімталдықпен, өз көзқарасы тұрғысынан қарап, халқы үшін қабырғасы
қайысып, өз заманының күйін толғайды. Дулаттың пайымдауынша, өткен 
өмір бостандық пен молшылыққа толы өмір еді, ру мен тайпа мүшелері тең 
құқылы болды. Ол патриархалдық, хандық заманды көкседі.
 
Бұл ақынның «Ата қоныс Арқадан» деген толғауынан байқалады. Дулат 
ақынның пікірінше, заман өзгерді, халыққа басшы болып ел билейтін 
хандар, ел қорғайтын батырлар келмеске кетті. Өмір тұйыққа тірелді, 
жердің қадірі кетті, адамдарда береке қалмады деп, халықтың басына төнген
қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Оның 
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» еске алуы кездейсоқ емес еді. 
Мұнда халық басына төнген ауыр сынды жоңғарлар жорығын еске салады. 
Дулат тіпті сол заманның өзінде-ақ ел тоналып, жұрт өзінің тұрған 
жерінен безгенде, халық күш жинап, ата-баба қонысы Сарыарқаға қайта 
оралды дейді.
Дулат Абылай хан басқарған дәуірді жоғары көтеріп, оның ел билеген
заманын қазақ халқының басына қонған «алтын заман» еді деп аңсайды. 
Сол сияқты ел басын біріктіретін, қиын сәтте елдің намысын қорғайтын ер-
азаматтардың қашан да болғанын аңсайды. 
Әлеуметтік теңсіздік, зорлық пен зомбылық және қанаушылық жаңа заман 
жемісі: бұл ата-бабаның бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрін, шариғат
заңын бұзғандығынан дейді ақын. Оның пікірінше, мұндай салт-дәстүрдің 
күйреуін, мұсылмандық адамгершілік ережелерінің бұзыла бастауын Дулат 
қазақ даласына басқа пиғылмен басқа дін өкілдерінің келуінен дейді. 


104 
Дулат қазақ халқының қалыптасып қалған көшпелі болмыс тіршілігін
жырлай отырып, жаңадан ене бастаған тұрмыс-салтына, оны бұзатын
құбылыстарға қарсы шығады. Сонымен қатар оның қоғам өміріндегі болып 
отырған өзгеріс, кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу алдындағы
дәрменсіздігін «Бағасы кеткен жігіттің» деген толғауынан байқап көруге 
болады. Ол адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың бұзыла
бастағанын айта келіп, адамдар азды, балалар ата-анасын сыйлаудан қалып
барады деп қынжылады. Дулаттың кейбір шығармалары өмір шындығымен 
тікелей ұштасып жатыр. Ол сол кезеңдегі әділетсіздікке, надан ел 
билеушілерге қарсы шығып, оларды қатты сынауға алды. Дулаттың 
әлеуметтік философиясы жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, 
басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. 
Дулат ақыннан кейінгі, онымен қатар өмір сүрген зар заман 
ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет