Өзін тексеру сұрақтары:
•
Ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық
ой-пікірлер нақтылаңыз
•
Шалкиіз дүниетанымындағы адам мәселесін айқындаңыз
•
ХV-ХVІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығындағы
дүниетаным сипаттаңыз
•
Бұқар жыраудың әлеуметтік философиялық көзқарасын
қалай түсінесіз
•
Ақын-жыраулар шығармашылығындағы моральдық
этикалық философиясыны көрсетіңіз
Өзіндік жұмыс тақырыптары:
•
Зар заман ақындарының әлеуметтік идеяларын талдаңыз
•
Ақын-жыраулардың дінге деген ойларын ашып беріңіз
•
Асан қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын,
«Бақыт мәселесі» және «Жерұйықты іздеу» түсіндіріңіз
•
Шортанбай Қанайұлының саяси-әлеуметтік көзқарасын сипаттаңыз
•
Дулат Бабатайұлының дүниетанымындағы қайырымдылық пен
зұлымдық идеясын анықтаңыз
•
Қазақ ақын-жырауларының философия тарихында алатын
орнын көрсетіңіз
108
--------------------------------------------------------------------------------------------
IV. ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫ
5.1 Ойшыл ғалым Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Қазақ ағартушылығының негізін салушы
Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов (1835-1865)
демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті
өкілі болып табылады. Шоқанның туған атасы Уәли хан Абылай ханның
үлкен баласы. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрында (қазіргі Көкшетау
облысының Володар ауданы) аға сұлтан болған. Шоқан сол жерде дүниеге
келген. Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасына тоқтайтын
болсақ, ол самодержавиелік-басыбайлылық, патша өкіметінің отаршылдық
саясатына
қарсы
шыққан
Ресей
прогресшіл-демократтар
тобына
жақындығын дәлелдеді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді
көкседі. Оның көзқарасына қазақ даласына айдалып келген демократ
петрашевскийшілер сияқты озат ойшыл адамдар игі ықпал жасады. Ф.М.
Достоевский, Г.Н. Потанин, Я.И. Полонский, К.К. Гутковский, С.Ф. Дуров,
т.б, оның достары болды. Шоқан алдымен елжанды, адамгершілігі мол,
интернационалист жан еді. «Ең алдымен өзімнің туған халқымды, сосын
Сібірді, сосын бүкіл Ресейді, содан кейін барлық әлемді сүйемін», - деп
жазды Шоқан. Сөйткен есіл ер әкесінен де, патшалық Ресей әкімшілігінен де
түсіністік таппады. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы,
публицист және қоғамдық қайраткер Шоқан Уәлиханов өз бойында шын
мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы
түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты творчестволық
мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық
қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің
маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г. Белинскийдің,
Н.Г. Чернишевскийдің, А.И. Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін
оқып үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Уәлиханов
творчествосын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни
1855-1559) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады.
Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғысы Шоқанның туған
жерге қайтып оралғанын өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды.
Омскіде Кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде
109
этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында
еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы демократ.
Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға
алмағанымен, көп жағдайда материалистік көзқарасқа жақындады. Оның
діни ұғымның тууы жөніндегі пікірі өте құнды. Қазақ жерінде ол ислам
дінімен қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті.
Діннің гносеалогиялық тамырын ашты. «Ислам діні қазақ халқының ойы мен
сезіміне кедергі жасап, ортағасырлық қараңғылықты уағыздайды, қазақ
халқын орыс мәдениетінен бездіреді», - деп жазды. Ислам дінін таратушы
татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез дамуы үшін қазақ жерінде
орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан босату қажет деп көрсетті.
Шоқан Орта Азия, Шығыс Түркістан елдерінің тарихын, мәдениетін, салт-
дәстүрін зерттеді. Қырғыздардың «Манас» эпосын зерттеп, ол туралы
ғылыми пікір айтты. «Жоңғария очерктерінде» Шоқан ең бай мәдени
ошақтары болған Самарқан, Хиуа, Тәшкен, Ферғана, Бұхара кітапханалары
мен обсерваториясы ХІІІ-ХІV ғасырларда қирағанын өкінішпен айтады. Ол
көшпелілер варвар (тағы) деген еуропацентристік пікірге үзілді-кесілді қарсы
шықты. Мәселен, қазақтардың тілі, ауыз әдебиеті бай, қолөнері дамыған,
олай болса, ол халықты қалайша тағы деуге болады деп, ғылыми әдіспен
тойтарыс берді. Шоқан еңбектерінің бес томдық жинағы қазақ және орыс
тілдерінде жарық көрді. Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің ішінде
Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға арналған тарихи-
географиялық шолуларының маңызы ерекше («Жоңғар очерктерін»,
«Қырғыздар туралы жазбалар», «Алтышаһар немесе Қытайдың Нан Лу
провинциясының хал-жайы туралы»).
Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы
зерттеулері, сондай-ақ қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси қарым-
қатынастарға байланысты мақалаларының ғылыми маңызы зор. Айталық,
«Абылай», «Қырғыздың ата-тегі», «Көне дәуірдегі қырғыздардың қару-
жарағы және әскери жабдықтары», «Далалы жердегі мұсылмандық туралы»,
«Қырғыздардағы шамандықтың нышаны», «Қырғыздардың көші-қоны
туралы», т.б. Біраз еңбектерінде Ш. Уәлиханов тарихшы, этнограф қана емес,
әдебиетші, публицист, тамаша сөз зергері екенін де танытады. Қазақтың
халық поэзиясының теориясы және қырғыздың «Манасы» туралы
аяқталмаған зерттеулері де ерекше назар аударады. Уәлихановтың орыстың
көрнекті жазушыларымен, ғалымдарымен жазысқан хаттары қазақ
әдебиетінің тарихы үшін ерекше маңызды. Ш. Уәлихановтың хаттары мен
күнделіктерінен оның публицистикалық дарыны айқын аңғарылады. «Егер
қырғыз халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, ол данышпан
болып, өз елі әдебиетінің жаңара тууының басы болған болар еді», - деп
жазды Г.Н. Потанин. Ш. Уәлиханов күнделікті көркем очерк мәнерінде
жазған, кейде тіпті лирикалық шегіністермен келіп отырады («Құлжа
сапарының күнделігі», «Қашқария сапарының күнделігі»). Бұл
күнделіктерден бір байқалатыны – табиғатты көз алдыңа әкеліп, қызықты
етіп бейнелей жазуы және оны халық өмірімен тығыз байланыстыра білуі;
110
Құлжа күнделігінде Батыс Қытай халықтарының бастан өткізген тарихи
кезеңдері мен тұрмысы және мәдениеті, көне дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі
үзілмей келген байланысы тап басып айтылған. Мұны Шоқан Тянь-Шань мен
шекаралық Жоңғария халықтарының тұрмысы мен тіршілігі жөнінде
байқампаздықпен жазған.
Шоқан Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер
жазбаған, алайда көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен
тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың
қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген
еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең
алдымен Шоқан Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір
сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың
орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние – күн, ай, жұлдыздар және
жер – алғашқы құдірет болып табылады», - деп көрсетеді. Сонымен бірге
шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеуінен және басқа да еңбектерінен
Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс
болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалынады. Мысалы, «Тәңір (құдай)»
атты мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдарының себебін
халықтың күнкөрісі малға байланысты екендігімен түсіндіріледі.
Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін,
оның
объективтік
заңдылықтарға
бағынатындығын
мойындайтын
философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның
негізгі мәселесінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-
қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау ХІХ
ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың
қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашанда түпсіз
сырға толы ғажайып таңданудың пәні болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді,
өмір мен өлім мәселесін, адамның табиғатқа қатынасын танып-білу
қажеттігінен шамандық туды деп тұжырымдайды. Бұдан Шоқан
Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім мен өмір
мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуының бір
себебі - табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе - адам, адамның
терең ойға және танып-білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның
ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе
есебінде қаралды. Қазақтар туралы барлық зерттеушілердің айтуынша да,
барлық географиялық нұсқауларда да; қазақтар - мұсылмандар, бірақ
шамандық ырым, сенімді де ұстанды. Олар мұсылман дінінде табынумен
қоса шамандық нанымдарға да иланады. Бұл пікірлер шындыққа да келеді,
дегенмен олардың шамандығы неден тұрады? Бірақ, өкінішке орай, қазақ
арасындағы шамандық, бақсылық жөнінде әртүрлі мерзімді басылымдарда
мақалалар жарық көргенімен, осы жай туралы әлі күнге дейін ешкім егжей-
тегжейлі жетік жазған емес.
Жалпы, шамандық дін ретінде, дін ілімі тарихында, әлі толықтай
арнайы зерттелмеген тақырып болып саналады. Шамандық дегеніміз –
әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлгендердің
111
рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Ертедегі адамдардың нәресте – пәк
көңіл-санасы күнді, айды, жұлдыздарды, мәңгілік өзгерістегі бүкіл жарық
дүниені құрмет тұтты, осыларды біз табиғат немесе әлем дүниесі деп атадық.
Шамандық діндегі адам құдіретті күн нұрына қарап таңданды, осыншама
жарықтың құпиясына түйсігі жетпей табынды, қара аспанға нұр сепкен айды
көріп те табынды. Ертедегі адам табиғаттың барлық құбылысына мінажат
етті, өзінің ұғымы жетпейтін, уақыт сияқты мәңгі, түсініксіз күштердің
бәріне бас иді, көк аспанды – көк тәңірі, деп атады. Шамандық сенімнің
дүниеге келуі – жалпылай немесе жекелей табиғатты қадір тұту, қастерлеу
болып саналады.
Табиғаттың енді бір ғажабы – адамның өзі. Сол қабілетті тірі жан, ол
ойлай алатын, жан-жағына бағдарлай, сынай қарайтын жаратылыс кереметі.
Аңғаруға, түйсінуге келмейтін табиғат күштері болмысының өзі құдай деген
құдіреттің дүниеде барлығы емес пе? Адам шаман бейнесіндегі тірі рухқа
және әруаққа табынды. Күнделікті өмірде, табиғаттың адамға әсері, әсіресе
адамның алғашқы пәк-көңіл, нәресте кезінде қатты ықпал етті. Сондықтан да
адам өзін қоршаған жаратылыстың түсініксіз құбылыстарына арналған –өмір
сүру ережелерін ойлап табуға мәжбүр болды. Табиғаттың түсініксіз
құбылыстары кезінде сол ереже-заңдарды басшылыққа ала отырып, әртүрлі
тосын жағдайларда қалай әрекет етудің құралы есебінде қолданды. Ертеден
келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың қайнар көзі, қазір біз шамандық – ескі
наным деп атап жүрген кезінде, бүкіл халық табынған нағыз дін еді.
Сонымен, шамандық сенім о баста жалпы – ортақ көк аспан идеясына,
ал жекелей күн, ай, өзен-су, т.б. жаратылыс таңғажайыптарына негізделді,
демек, табиғатқа бас иді. Кейбір жақтары фетишизмге де ұқсайды, бірақ
бақсылық өзінің негізгі идеясы, мазмұны жағынан, дөрекі, ұсақ адорациялық
– бас ию ағымынан алыс жатыр. Алғашқыда табиғаттың құдіретті күшіне
теңеу арқылы сол құдіретті бейнелеу, әрине, адам санасында тәңірі кейінірек
дүниеге келді, оның айғағы тәңірі сөзінің өзі бағзы замандарда көк-аспан
деген сөздің баламасы екені белгілі. Хормуздағы о бастағы көкке мінажат
қып, отқа табыну да ертеден шамандықта болуы мүмкін еді, бірақ бұрынғы
оңтүстік иран мен солтүстік арабиядағыға қарағанда, анағұрлым ырым-
жораға бай салт-сана негізінде құрылды. Аспан-көкте мекен еткен құдіретті
күштің адамға әсері туралы шамандық қандай түсінікте еді? Шаман дінінде
өлген адамның аруағы тәңірге тәуелсіз құдіретке ие болады, сол себепті көк-
әлем билеушісінің қуаты күшті тек тірі адамдарға ғана әсер етеді. Сондықтан
оларда христиандардағы күнә идеясы болмаған; жер бетіндегі жақсылық пен
жамандық, бақыт пен бақытсыздық тәңірінің құдіретінен, ал рахат пен жаза
күнәнің артын ала жүреді – бұл шамандық нанымдағы түсінік.
Сыртқы әлем – күн, ай, жұлдыздар мен жер алғашқы нанымның
құдіретті күштері деп саналса: осындай негізгі нанымдарға қоса жанама –
көмекші нанымдар да: тау, өзен-су, т.б. болды. Сонымен шамандық
жаратылысты құдіретті күш деп таныды. Аспан – көк тәңірі құдіреті деп
бейнеленгенімен, құдай – Алла дәрежесінде емес еді. Адам көкке, күн мен
айға өзінің үстінен басқарып тұрған күш есебінде табынғанымен, оның әсерін
112
мойындамауға болмайды, жарық дүниедегі олардың үстемдігі адам баласы
туғанан өлгенге дейін-ақ деп түсінді. Адам табиғаттың аясында ғана дүниеге
келіп – туып, соның ғажап, тосын қаһарынан өледі. Өлген сәттен бастап
жаратылыс пен табиғаттың үстемдігі кілт үзіліп, оның өзі аруақ қонғонға,
барлық құдіретті күштерден тәуелсіз кейіпке айналады. Өлген адамның о
дүниедегі хал-ахуалы жерлегендегі, жерлегеннен соңғы ырым-жораларын
салт-санаға тән, бұзылмай орындалуына байланысты еді. Егер өлгенен
кейінгі ырым-жоралар дұрыс орындалса, онда өлген адамның рухы
жайбарақат рахат күйге түсіп, өз үрім-бұтақтары мен туған-туысқандарына
шапағатын тигізіп, жебеп жүреді, ал олай болмаған жағдайда жауығып,
аруағы қарғап-сілейді. Сондықтан осы салт-санаға, тірілердің түсінігінше,
аспан-көк құдіреті аламайтындай, қызғанышсыз кеңпейілділікпен қарайды.
Шамандық діндегі халықтарда, христиан дініндегілерге қарағанда күнә
болмайды, себебі адам күнә жасаудан қорқады, күнәхар болса малы азаяды,
ал ауруға шалдықса, абайсызда отты басып кеткендіктен. Бір сөзбен
айтқанда, шамандық діндарлық кесірге жеткізеді: кесір дегеніміз - мал-
жанның құрып кетуі, ауру -індеттің жағалауы, ұзын сөздің қысқасы,
бақытсыздық жайлайды. Өлгенді шығарып салудағы ырым-жораның
бұзылуы, артынша бақытсыздық әкеледі, ал өлген адам болса, барлық жаза
бақытсыздықта, азат рухы еркіндікте деп есептелінеді.
Ұлылар мен мықтылар өлгеннен соң да құдіретті, аруақты, ал ұсақ-
түйек күйкі тіршіліктің сүйе де, күйе де білмейтін пенделері өлгеннен соң да
рухсыз, әрекетсіз қалады-мыс. Шыңғыс хан өлгеннен соң да, құдайды
құдіретті, ел табынатын аруақты болған десе ді. Қазақтарда аруақты
қастерлеу салты қазіргі күнге дейін өз күшінде. Олар басына қауіп төнгенде,
мұсылмандардың әулие-әмбиелеріне сиынатын аруағын көмекке шақырады.
Өмірдегі барлық сәттілікті аруақтардың көмегі жебеді деп түсінеді.
Қазақтар
аруақтарға бағыштап төрт түліктің қайсысын болсын
құрбандыққа шала береді. Мінажат етіп, аруақтардың басына барып түнейді,
сол жерде құрбандық шалады, өзінің қолы жетпей жүрген көкейкесті
арманын өтеуді тілейді, мысалы, баласы жоқтар бала сұрайды. Ерте
замандарда белгілі ұлы адамдардың моласы қол-көзден жасырылатын,
дұшпандары арамдап, қорламауы үшін немесе адам аяғы баспайтындай
қастерленіп, қорық ұйымдастырылады, бағып-қағылады. Қазіргі қазақтарда
өлгендерге күмбезді мазар орнату - балаларының қасиетті борышы. Бұрынғы
обаларды қазір күмбезді мазарлар алмастырған. Ескі обалар мен күмбезді
мазарлар - қазақтардың ең қасиетті, бас иіп аруаққа құлшылық ететін
орындары. Хун және қидан, т.б. шамандық діндегі көшпелілердің өз
патшаларын жерлеудегі салты жайлы қытай жазбаларындағы деректер бізге
дейін сақталып жетті. Монғолдарға барған Еуропа саяхатшылары жерлеудің
сондай салттары қыпшақтар мен монғолдарда да сақталғанын айтады. Егер
сол көне салтты қазақтардың салтымен салыстырсақ, олардан тамаша ортақ
идеяны, тіпті ортақ салт-сананы табамыз.
Шамандар аспан тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары
есебінде саналды. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты,
113
басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, күйші де, сәуегей және емші,
сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Қазақтар шаманды бақсы дейді, ол сөз
монғолша оқытушы, ұйғырлар бахшы десе, түркімендер осы атаумен
өздерінің ақындарын атайды. Қыпшақтар шаманды «кам» деген, сібір
татарлары да дәл солай деп атайды.
Аурулар, шамандардың пікірінше, дене қимылы салдарынан емес,
тәңірінің құдіретінен, жын-ібілістерге дұға оқып таза жүрмегендіктен киелі
ауруларға шалдығады. Ондай киелі ауруларды: әдет-ғұрыпты, ырым-жораны
және ем жасауды жақсы білетін жоталы аруақты адамдар ған, тек шамандар
ғана емдейтін болған. Кейбір аурулардың иесі болады.
Шоқан діннің, әсіресе қазақ даласында татар және Бұқара
молдаларының таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүрген
зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген
уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа
ештеңе әкелмейді» деп көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың
Мұхаммед ілімін тазартуға болады деген пікірлеріне қарсы шығып, онда
ешқандай реформа болуы мүмкін емес дейді.
Ш. Уәлиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін
түрлерінің ішінде Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді
«гуманды ілімді» деп бағалады. Жалпы алғанда Уәлиханов дүниетанымы,
оның шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен
Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.
Шоқанның
прогресті халықтың материалдық тұрмыс жағдайының
жақсаруының тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық
тұрғыдан түсінудің бірден-бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге
Шоқан Уәлиханов қоғамның топқа, жікке бөлінетіндігін, үстеп таптың
мүддесі қалың бұқараның мұң-мұқтажына қайшы келетіндігін атап көрсетеді.
Ерекше назар аударарлық нәрсе, Шоқанның демократиялық
көзқарастары мысалы, «Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты
еңбегінде патша өкіметі тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи
түрде сұрыпталатын билер артық деген қорытындыға келеді. Себебі би болу
үшін ол адам әділдігімен, шешендігімен көзге түсуі керек. Егер әділ болмаса
оған ешкім билік айтқызуға келмей қояды, ал патша өкіметі сайлаған сот
белгілі уақытқа дейін сот міндетін атқаратын болады; оның іс-әрекетінде
немкетерлік пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз, парақор болатынын
дәлелдейді. Халық дұрыс даму үшін, алдымен оған қажет нәрселер – өзіндік
даму, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы
өзгерістер енгізіліп және сақталып қалу үшін реформалар халықтың
материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық характеріне бейім болуы да
керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша, дерексіз теорияларға
негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған реформалар күшпен
енгізілсе, халыққа орасан зиянын тигізеді. Сонымен бірге Шоқан халық
өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі керек деген ойдан аулақ.
Керісінше, еуропалық, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеру қай елдің
болмасын алдына қоятын мақсаты болу керек деген ойды қолдайды. Әрине,
114
еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халқы ағарту мәселесін іске асыру
қажет. Бұл ретте қазақ жұрты үшін орыс мәдениетінің маңызын Шоқан
ерекше жоғары бағалады. Осы себепті көптеген мақалаларында қазақ
даласында орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді
кеңес етеді. Қазақ жерінде дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз
екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кезде осы қиыншылықтардың
бәрін патша өкіметі шеше алады деп сенді. Ресейдің мәдениетті
көтермелемек тәсіліне үлкен үміт артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын бітіріп,
Еуропадағы ғылыми жетістіктерді жақсы меңгерсе де өз халқынан
ажырамады, халқының мұңын, әсіресе қалың бұқараның жоғын жоқтатады.
Г.Н. Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халқынан ажырата алмады,
керісінше, ол тәрбиеленген еуропалық рух өз елінің қызметшісі болуын
міндеттеді деп жазды.
Ресей үкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе
бастайды. Әсіресе генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс әскерінің
отаршылдық озбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен отставкаға
шығып ел ішіне кетеді. Н.М. Ядринский Шоқан туралы естелігінде: бұратана
халықтың өкілі цивилизация нәрін татып, білім алса да, бөтен мәдениет
халқының ырқын ығыстырғанын көзімен көргенде, біржақты ықпалдың
болашағына сенбей, өз жұртына оралуды жөн көрді дейді.
Қоғамды ығыстырудың жолдары мен әдістерінде Уәлиханов әкімшілік
жолымен жасалатын реформаға шешуші мәселе деп қарады. Сондықтан
колониалды өкімет орындарына бірнеше рет өз проектісімен және
ұсыныстарымен барып жүрді.
Н.Г. Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип»
атты Батыс Еуропа экономистерінің, оның ішінде Ст. Милльдің идеяларын
қарастыратын еңбегіндегі автордың реформа мәселелеріне көзқарастарын
қолдауы көңіл аударарлық нәрсе. Уәлиханов соңғысының жұмыстарымен де
жақсы таныс болған. Чернышевскийдің ойын дамыта отырып, реформа
қарастырылып отырған әлеуметтік қауымдастықтың тұрмыстық, ұлттық,
сословиелік, психологиялық және салт-дәстүр ерекшеліктері ескерілуге тиіс
еді. Революциялық демократтар реформа мәнін теріске шығармағанмен,
алдыңғы қатарға революциялық күрес жолын қойса, Уәлиханов типтік
ағартушылықты ұстанып, халық бұқарасының өмірін материалды және
рухани жағынан жақсарту көзі – реформа деп білді. Қоғамдық прогрестің
бірінші шарты ағарту мен ғылым білімді таратуда, содан соң реформа
жүргізуде деп түсінді. Уәлиханов жалпы әлеуметтік бақытсыздықтың себебін
жаппай сауатсыздықтан іздеді. «Әділетті басшы» идеясын жақтады.
Мәдениет дәрежесінің экономикаға шарттылығы жайлы айтылған жеке
ойлары болғанмен жалпы алғанда ағартушылық позицияны ұстанды. Бірінші
кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою қажет. Олай
болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, әкімшілік және сот
реформаларының мәнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат –
әлеуметтік теңсіздікпен ұлттық қанаудан арылған еркін, тәуелсіз қоғам құру.
115
Шоқан Уәлиханов Сот реформасы туралы былай деді «Сот ісін қайта
құру, әрине, біздің облыстағы бұрынғы әкімшілік құрылымды да өзгеріске
түсіруі мүмкін және орыс үкіметіне де, сол сияқты қазақ халқына да
ауыртпалық келтіріп отырған күрделі де бюрократтық шытырман былық
орнына қазірде орыстың қалалық, селолық қауымдарында жүзеге асырыла
басталған өзін-өзі басқару бастамасы және округтарда тиімді, ұтымды
бастамалардың болатыны күмәнсіз. Отаным үшін осындай маңызды
өзгерістер жасалып жатуына байланысты өзімнің кейбір ойларымды, сот,
әкімшілік реформасымен халықты ағарту ісіне байланысты жазбаларымда
қазақ халқының жоғарғы бастығы ретінде жоғары мәртебелі, Сіздің
ғұзырыңызға ұсынуды өзімнің міндетім деп білемін». Ресей тумаларының
ішінде байырғы орыс тұрғындарының өмір тірлігіне қарама-қарсы тіршілік
ететін, әдет-ғұрпы, әрісі славян тайпасының әдет-ғұрпынан өзгеше, керағар
келетін діні, тегі өзге халықтар аз емес. Бұл жайтқа жүгінгенде, жоғарыда
келтірілген себептерді ескергенде христиандарға, отырықшы орыс
тұрғындарына арналып жобаланған әкімшілік өзгеріс, егер Ресейдің
еуропалық, азиялық бөлігінде көші-қонып жүрген бұратана халықты
басқаруға бүтіндей қолданылса, онда мұндай өзгерістер ешқандай да пайда
келуі былай тұрсын, нағыз тұрпайылық болар еді.
Облыстық басқарманың кеңесшісі Яценко осындай жағдайға
байланысты, облыста сот ісін қайта құру ұсынысына заңнан және дағдылы
сот ісін жіті білетін билер мен соттардан пікір жинау үшін жіберіліп отырған
болар.
Бірақ халық пікірі, әсіресе білімсіз, мәдениетсіз, тұрлаусыз халықтың
пікірі әрқашан да халықтың шынайы көкейкесті тілегінен шыға бермейді.
Қоғамның пұрсатты, яғни мәртебелі тобының пікірін халықтың жоғын
жоқтаушы деп қарауға болмайды, өйткені ақсүйектер мен ауқатты
адамдардың, әуелі жоғары мәртебелі қауым адамдарының мүддесі көбінесе
қауымның, көпшіліктің мүддесіне керағар, қарама-қайшы келеді. Халық
тұрпайы да топас, соның салдарынан халық пікірінің сарыны, бағыты
мыңдаған кездейсоқ жағдайларға, меніңше, ұсақ-түйек күйкі жағдайларға да
байланысты.
Ой өрісі жетілмеген тұрлаусыз адам өзінің сыртқы сезіміне толық ие
бола алмайтын бала мінезді келеді. Ол бала өзінің сыртқы сезімін іс-
әрекетімен қауыштыра алмайды. Алайда өмірдің ішкі, сыртқы жағдайын
жақсартуға тырысу адамға тән қасиет болса да, бұл қасиет адам баласының
өсу дәуірінің бар кезеңіне, бар дәуіріне тән қасиет бола тұрса да, бұған
адамның қолы түбінде бір жетеді. Адам баласы өзін-өзі ұғынбай, өзін
қоршаған дүние жайында түсінігі кем болып, тіршілігін жақсартуға тәуекелге
бел байлап, соқырша қарманып, әйтеуір ұмтылыс жасап тырбанады,
сондықтан да жалғанды шындық, залалды пайда санап, көп қателікке ұрынуы
ықтимал еді. Бұл жайында тарих бетінде үлгі болар мысалдар молшылық.
Сондықтан да қоғамдық мәселеде халық реформасынан аса қажет
мәселе жоқ. Заң шығарушылар мен реформаторлар қоғам мүддесін көздеп
келгені, соны көздейтіні жайында күдік болмаса керек. Бірақ қоғамның
116
дамуына не залал, не пайда екені жайындағы ұғым әр дәуірде әртүрлі болған-
ды, әлікүнге дейін де көптеген тағылық гипотеза, болжам орын алып отыр, ал
ғылым мұның жаңсақтығын, ешқандай негізсіздігін толық дәлелдесе де
керенаулықтан, ескінің аңызына шырмалған әдеттен, дағдыдан арыла
алмағандықтан көптеген жұрт оны ақиқатты аксиома санап, сенім білдіреді,
яғни діншілдік нанымға айналдырды. Біздің заманымызда халыққа етене
жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа –
экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар
экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір
жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты
материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған
сай келеді. Осы ойға жүгінгенде, адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа
ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретін реформа
зиянды болып табылады. Қоғамдық тұрмыс мұқтаждығын жақсартуға
бағытталған қандай да болмасын реформа қоғамның мұқтажы мен қаражаты
белгілі болғанда ғана кездейсоқтыққа ұшырамай, діттеген мақсатына жете
алады. Джон Стюарт Милльдің қандай да болмасын қауымның адамдарына
жаңа құқық берместен бұрын бұл қауым адамдарының ақылдық қабілетін,
өнегелілігін және саяси сана сезімділігін ғылыми тұрғыда мұқият зерттеуі
қажет деуі әбден орынды. Расында, дәрігер ауру адамның сырқатын ғана
емес, оның себебін білгенде ғана емі қонып, жазылатынына сенімді болады
емес пе. Қоғамдық мұқтажды білмегендіктен, гуманистік теорияға шамадан
тыс қызғанышпен қараудың салдарынан, қазіргі белгілі жағдайда мүлдем
қажеті жоқ жаңа өзгерістер, реформалар туындауда. Егер әртүрлі реформаны
қабылдар алдында ауыл шаруашылығындағы өсімдікті егуге қолданылатын
әдістерді пайдаланса, ондай қателіктен тез арылуға болады. Бұл әдіс
бойынша әуелі өсімдіктің өзін толық зерттеп, содан кейін болар қандай
топырақта өсетінін, оған күн көзі, жылу, т.б. жағдайлар қанша мөлшерде
қажеттігін білу лазым. Теорияның тұжырымы өсімдікті қажетті заттармен
қамтамасыз етіп, оған залал келтіретін дүниелерді жою.
Тайпалық организм жағдайында оны қоршаған орта, ауа райы, жер
жағдайы бірінші кезекке қойылуы керек, себебі адамның ояну сезімі, қаракеті
физикалық құбылыс пен әлеуметтік жағдайдың біртұтас әсеріне байланысты
емес пе. Реформа оңтайлы жасалғанда, яғни қоғамдық организм жан-жақты
дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды
реформа болады. Мұндай реформаны ешқандай жағдайда да бөгемей, қайта
қолдау керек.
1793 жылдан бастап Еуропада болған революцияның бәрі де үкіметтің
бостандық үшін болған халық қозғалысының басталуынан туындайды.
Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне негізделіп зорлықпен
ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді.
Бүгінгі тарихшыларымыз біздің қоғамдық дертімізді, аномальдық, яғни,
ауытқушылдық жағдайымызды Петр реформасының халыққа қарсы
бағытталған қасіретті рухынан деп текке айтпаса керек. Уәлихановтың сот
реформасы жайлы ойы - сот ісін кайта құруы, әкімшілік құрылымды
117
өзгеріске түсіруі мүмкін және орыс үкіметіне де, сол сияқты қазақ халқына да
ауыртпалық келтіріп отырған бюрократтық шытырман былықтың орнына
өзін-өзі басқару бастамасы және округтарда тиімді, ұтымды басқармалардың
болатыны күмәнсіз. Қазақтарда құрметті би атағы сайлау жылы немесе
халықты билеп отырған өкіметтің бекінуімен емес, сот рәсімін терең білетін
қазаққа берілуі керек деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |