Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет2/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
 
 
 



КІРІСПЕ
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын 
дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, 
ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы 
маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық 
байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да 
сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени 
мұраны талдап, іріктей білу, халыққа жеткізу кейінгі ұрпақтың абыройлы 
міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға 
талай елдің, ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат 
білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген 
ғұламаларының бірі - қазақ топырағынан шыққан данышпан перзенті Әбу 
Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби 
шығармашылығы, 
оның 
ішінде 
саяси-әлеуметтік 
философиясы Платон, Аристотель, Конфуций сияқты ірі ойшылдардың 
концепциялары негізінде құрылған. Фараби шығармашылығының басты мәні: 
Батыс және Шығыс мәдениеттерін тоғыстыру. Рухани мәдениеттің басты 
белгілері ретінде бөліп алып, шығармашылығындағы жекелік, этникалық, 
аймақтық, әлемдік, жалпы өркениеттілік компоненттерімен біріктіріп 
қарастыру болып табылады. 
Оқу құралының " Әл-Фараби қазақ халқының рухани мұрасы " деп 
аталуының өзі тақырыптың өзектілігін және оны оқып, үйренудің 
қажеттілігін дәлелдейді. Қазақ халқының рухани мұрасы дегеніміз 
халқымыздың рухани дүниелеріне талдау жасау, оның қазіргі кезеңдегі 
Қазақстан Республикасының талабына сай оқып-үйрену деген сөз. Осы 
кезеңге дейін қазақ халқының рухани мәдениеті бір жақты зерттеліп келді. 
Тоталитарлық режим өз дегенін жасап, қазақ халқының ұлы ойшылдарының 
есімдері тарих сахнасынан алынып тасталынды. Егемендік алғаннан кейін 
қазақ тарихы қайта парақталып, арыстарымыз қоғамнан өз орнын алып, 
ғылыми зерттеуде жаңа бағыт, үрдіс пайда болды. Ғылыми пайдалануда жаңа 
үрдістің даму ерекшеліктері көріне бастады. Шоқан, Ыбырай, Абай және 
ұлттық 
зиялыларымыз 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, 
М.Тынышбаев, 
М.Дулатов, М.Шоқай, М.Жұмабаев және тағы басқалары әділ бағасын ала 
бастады. Олардың саяси қызметтері мен өмірбаяндарын, шығармаларын 
оқып-үйрену болашақ ұрпақ үшін парыз. 
Даланың да өз тарихы болды және оның айталық, Еуропа немесе Таяу 
Шығыс тарихынан бір де бір өрімі кем болған жоқ. Көшпенділер өздерінің 
даму жолында ешбір елдікіне ұқсамайтын, қарабайырлықтан аулақ қоғам 
құрды және төл мәдениетін өркендетті. Әрбір көшпенді халықтың өзіне ғана 
тән келбеті, ерекшеліктері болады. Сонау қадім замандарда, алғашқы орта 
ғасыр, жаңа және жаңаша дәуірлердегі дара тұлғалардың шоғырлары әртүрлі 
қоғамдық өмір саласындағы атқарған сан қилы рөлдерін, ғылым мен 
мәдениеттегі, саясаттағы алып тұлғалардың аймағына қарап емес, әлемдік 
өркениеттің дамуына қосқан ерен ой-пікірлерін айқындап, әділ пайымдайды. 



Әдетте, ұлы адамдардың өнегелі өмірі мен қыруар қызметі қашанда 
Отанының тіршілігімен тұтасып жатады. Заманалар көші озып, кейбір саяси 
жүйелер келмеске кетеді, бірақ та ұлы адамдар мен елдің тұтастығы, бірлігі 
ажырамайды. Ол жер бетіндегі мәңгілік әрі өзгермес ақыл-ой
жаратылысының бұлжымас заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет