Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет8/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Сегізінші шарт –
философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және 
қалпын түсіну. 
Тоғызыншы шарт –
Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер 
қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, 
шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда 
түйіндеп айта келгенде, Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек 
ойшылдарынан бастап, өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа 
салады да, соңында өз ойларын айтады. Әл-Фарабидің пікірінше, ғылым мен 
философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап – ол адамның жан 
тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге 
деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған 
күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді 
Фараби. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген 
схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және 
практикалық деп екіге бөлді. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші 
емес заттарды, ал практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын 
заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын
“ең ерекше” игілік – ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың 
қызметі қалай болса, солай беталды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық 
сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс 
әдістері құрайды. әл-Фарабидің айтып көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету 
жолын логикадан бастағаны жөн. 
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың көздеген мақсатына жетуі, 
оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі 
өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені 
танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. 
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул 
әл-мадани” («Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері») трактатында 
қаралады. Бұл трактаттардың тақырыптары әртүрлі болса да, негізінен, бір 
мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. 
Еңбектердің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – тәндік және рухани 
құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. 
Фараби “Азаматтық саясатта” қоғамды талдауды қаладан, ал “Нақыл 
сөздерде” ең кішкене ұядан, отбасынан бастайды. Аристотель сияқты ол да 
үйді бірнеше бөлікке – ер мен әйел, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы 
мен баласы, мүлкі мен иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ 
қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа 
қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз баласының мүдделерін 
қоғам мүдделеріне бағындыруы туралы пікір айтады. Бұл жерде Фарабидің 
қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық 
гуманизмнің биік көріністерін табамыз. 


16 
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. 
Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін 
жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, 
бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен 
Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, 
бірақ Платонның пікірінше, философ өзгермейтін ақиқатты меңзеп, 
мемлекетті басқару, жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық 
деп есептейді, ал әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ 
салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсінуіне көмектесуге 
тырысады. Бұл арада әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның 
пікірінше, дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір 
заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін 
сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында 
адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдылықтарды дұрыс жүзеге асыра 
алады.
Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе 
математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп 
мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды 
үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және 
оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика, метафизика 
және олардың тараулары; 5) азаматтық ғылым және олардың тараулары, заң 
ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, 
қысқаша мазмұнына тоқталды. 
Фарабидің этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі. Фараби 
жасаған қорытындының басты ой түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық, 
үшеуінің бірлігінде Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол 
ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Әл-Фарабидің "Ғылымдар 
энциклопедиясы" трактаттарының ғылым тарихында алатын орны ерекше. 
Бұл трактат бес тараудан тұрады:
1. Тіл білімі. 2. Логика. 3. Математика, оптика, геометрия, астрономия, 
статика, музыка. 4. Физика және метафизика. 5. Азаматтық ғылым және оның 
тараулары, заң ғылымы және ғалам. 
Астрономия, музыка, геометрия, архитектура, т.б. ғылымдар дүниеге 
келді. Мұның бәрі адамды азаматтыққа тәрбиелейтін, үлкен ойға апаратын
ой-өрісін кеңейтетін педагогикалық, математикалық, логикалық ғылымдар 
тарауы деп қорытады. Әл-Фараби қағидасы бойынша көзге көрікті зат, 
кұлаққа да жағымды дыбыс береді. Табиғат дүниесіндегі көріктің ғажабы -
аспан, жердегі заттың дыбыс көркі - музыка. Музыка мақамы ғаламның 
ғажайып үндестік гармониясын түсіндіреді. Осындай дәрежеге көтерілген 
адамдар ғана философиямен айналысуы керек дейді ұлы бабамыз. 
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау 
барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі 
болғандығын көреміз. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы 
педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Оның пікірінше, жас 
ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің: 


17 
1)
баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; 
2)
ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; 
3)
сабақ үдерісінің алатын орнын, ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу 
шарт. 
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның 
бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әл-Фараби өзінің “Риторика”, 
“Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” атты трактаттарында этикалық, 
эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, 
мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін 
дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты 
ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика 
жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты 
орын алады. Ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік 
шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінді. Фараби 
жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық
үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол 
ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық 
хақында: ол өмір шындығының өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты 
құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі деді. Көркемдік тән мен 
жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Әл-Фараби 
әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан 
ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” – ғұламаның әрі музыка 
жайында, әрі физика - математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. 
Мұнда музыка, акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың 
табиғаты, тегі, таралуы, т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер 
айтылған. Музыканың тәжірибелік және теориялық (математикалық) 
негіздерін жасап, физика-математика заңдылықтардың белгілі музыка 
аспаптарында қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әл-Фараби ғылыми 
танымның жалпы (әмбебап) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде 
музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет