Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Үшінші шарт
 

философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт
 - 
философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну.
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат 
– жаратқан иені тану. Ол өзі – ауыспайтын жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық 
нәрселерді барлыққа болмысты шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, 
хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла тағаланы тану. 
Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері - өздерінің шамасынша сол 
жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының 
перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап 
өте алмау, қай кезде болсын тарихи, табиғи нәрсе. 
Бесінші шарт

философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл 
жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету 
дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы 
ғана танып-білуге болады деген пікірлер айтады. 
Алтыншы шарт

Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми 
ұғымдарды талдай білу. 
Жетінші шарт
 –
Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең 
жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель 
еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның 
кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі 
бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе 


15 
тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне 
бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, 
ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы 
үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет