Сулейменов Пиримбек Муханбетович


біріншіден , ғылымның барлық түпкі негіздерін – принциптерін білу;  екіншіден



Pdf көрінісі
бет9/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

біріншіден
,
ғылымның барлық түпкі негіздерін – принциптерін білу; 
екіншіден,
принциптердің осы ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді 
шығара білу; 
үшіншіден,
осы ғылым жайлы бұрын соңды айтылмаған ой -
пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. 
Музыканың математикалық теориясын жасау жолында әл-Фараби 
математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар 
теориясы, 
комбинаторикалық 
талдау 
мәселелері, 
функциональдық 
тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы және т.б. Фараби 
Аристотельдің мұраларын, пікірлерін күмәншілдіктен тазалап, аршып өз 
қалпында 
түсіндіруге 
тырысты. 
Әбу 
Насырдың 
көзқарастарында 
неоплатонизмнің, исламдағы сопылықтың біраз әсері байқалғанымен, ол бұл 
міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің шығыс және батыс арасында, 
тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінің бірі осы. 
Сондықтан да шығыс философтары «Ал муаллим ас-сани» - екінші ұстаз деп 


18 
атаған. «Бірінші ұстаз» - «ал муаллим ал аууал» деп олар Аристотельді 
атаған. Фараби Аристотельдің еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, 
өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін 
барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүниетанудағы құдіретін 
дәріптейді. Кертартпа мұсылман діншілдері ғылымды, дүниетануды 
тұншықтыруға күш салып баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің 
өзі - Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол 
ғылымның философиялық, логикалық іргетасын дұрыстап, қайта қалап 
шықты, ғылымды, оқу және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін 
анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі 
зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалықтар ашты, астрономия 
жайлы ірі еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, 
медицина, химия, минералогия тәрізді жаратылыстану ғылымының
маңызды салалары бойынша күрделі еңбектер жазды, ертедегі дүние 
оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларын талқылады. 
Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, 
т.б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір төбе. Фарабидің өз 
тарапынан зерттеп қалдырған еңбектері: «Ғылымдардың шығуы», 
«Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Ізгі қала тұрғындарының 
көзқарастары туралы кітап», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Жұлдыз 
бойынша болжалдардың дұрысы мен терісі туралы», «Вакуум туралы» 
трактат, «Музыканың ұлы кітабы», «Эвклидтің бірінші және бесінші 
кітаптарына түсініктеме», «Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не 
білу қажеттілігі жайлы», Порфирийдің «Философияға кіріспе» атты кітабына 
түсініктеме, 
«Химия 
өнерінің 
қажеттілігі 
жайлы», 
«Птоломейдің 
«Алмагесіне» түсініктеме және қосымша кітап», «Платон мен Аристотельдің 
көзқарастарының ортақтығы жайлы», «Философиялық сұрақтар мен оған 
жауаптар», «Бақытқа жету туралы», «Адам ағзалары жөнінде Аристотельге 
қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты», «Ақылдың мәні туралы», 
«Түсініктемелер», «Философияның дінге қатысы», «Әріптер туралы кітап», 
«Логикаға кіріспе трактат», «Геометриялық трактат» және т.б. Өзінің барлық 
саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге 
арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 ж. ережеп (ражаб) айында, 
Шам шаһарында (Дамаск) қайтыс болғанда, оны сол елдің әміршісі Сайф ад-
Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир 
зиратында жатыр. Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге 
болады: 
1. Орта ғасырлардағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар 
арқылы (Ән-Надим, Әл-Бейһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, 
Венике, Камерариус, т.б.); 
2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа және Америка ғалымдары 
арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л.Козегартен, Г.Зутер, 
Ф.Диетереций, 
К.Брокельман, 
Дж. 
Сартон, 
М.Штейншнейдер, 
Д.С.Марголиус, т.б.); 


19 
3. XX ғасыр, әсіресе, бұрынғы Кеңес Одағының шығыстанушы ғалымдары 
арқылы (В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Ғафуров, С.Н.Григорьян, В.П.Зубов, 
А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.); 
4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә.Марғұлан, А.Машан, 
О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Көбесов, М.Бурабаев, Ә.Дербісәлиев, 
Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев, т.б.). 
Әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі XX ғасырдың 
60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ 
ғалымдары А.Машан А.Қасымжанов, А.Көбесов, т.б. еді. Бұл күндері ҚР 
БҒМ-ҒА ның жанындағы философия және саясаттану институтында Шығыс 
философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда қазірге дейін 
ғұламаның қазақ және орыс тілдерінде аударылып, ғылыми түсініктемелері 
мен алғысөздері жазылып, жиырмадан астам трактаттары жарыққа 
шығарылды. Бұл бөлім әл-Фарабидің диалектикасы, гнесологиясы мен 
әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп 
келеді. ҚазҰУ-де әл-Фараби орталығы құрылған. Мұнда да әл-Фараби 
мұрасын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан
арылған жаңа, тың бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары 
жүргізілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет