28
айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға
құштарлық,
қатыгездік,
кекшілдік
сияқты
жаман
қылықтардан
сақтандырады.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысы табиғатынан керемет түсініп,
және өз ойын, өзіне істің қалай болып жатқанынайтушының сөздерімен
байланыстыра отырып, елестете білуі, мәнерлі сөйлеу және өзі ойлаған ойды
нақты жеткізе білуі керек, білім мен танымға деген махаббатқа ие болып,
оған еш қиындықсыз және оқудан шаршамай жету керек деп белгілейді. Бұл
Фарабидың «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінен
келтіріліп отыр, ал біз бұдан Фараби мен Баласағұнның ел билеушілерін
анықтауда, оларға баға берудегі ойларының терең ұштасып жатқандығын
аңғарамыз.
Шығармада көтерілген әр түрлі қоғамдық топтарға жататын әр түрлі
адамдар арасындағы қоғамдық мінез-құлық ережелері, билеуші мен
бағынушы арасындағы қатынас қағидалары қоғамның әлеуметтік орнын
айқындауда белгілі рөл атқарды. Өйткені, жүйелі түзілген адамгершілік
қатынастардың қажеттілігін ашты. Мұнда қоғамда сол кездің өзінде бар
әлеуметтік шындық көрініс тапты. Сондықтан да адам мен қоғамның айқын
да нақты философиясы көзге көрініп тұр. Осы секілді мәселелерді қамтыған
әл-Фараби еңбектерін зерделей отырып бұл екі ғалымның ойлары бір жерден
шыққандығын байқаймыз. Әл-Фараби қоғамдағы адамгершілік, ізгілік, т.б.
өзекті мәселелерді зерделей отырып, адамдардың қоғамдағы алатын рөлі мен
орны жөнінде мол пікір қалдырған, мұндай идеялар Жүсіп Баласағұн
еңбегінде кеңінен көрініс тауып отыр. Бұдан біз Жүсіп Баласағұнның,
Фарабидің ғылыми мұраларынан нәр алғандығын көреміз.
Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты
білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін,
қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар
нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды
болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп
жазылған:
Достарыңызбен бөлісу: