Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет20/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Өзін тексеру сұрақтары:

Бәйдібек бидің қазақ елінің қалпытасуында алатын орнын айқындаңыз 

Бәйдібек бидің шешендік сөз өнерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз

Бәйдібек би дүниетанымындағы философиялық ойларн көрсетіңіз 

Бәйдібек бидің рационалдық көзқарастарының қалыптасуын талдаңыз

Бәйдібек би туралы аңыз әңгімелер мен ғылыми зерттеулердің мәнін ашып
беріңіз
 
Өзіндік жұмыс сұрақтары: 

Бәйдібек би заманындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді талдаңыз 

Бәйдібек бидің дау жан жалдарды шешудегі тапқырлығын сипаттаңыз

Домалақ ананың көрегендігін нақтылаңыз 

Бәйдібек би мазарының салыну тарихын сараптаңыз 

Бәйдібек бидің философиялық мұрасын зерделеңіз 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


80 
--------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
4.4. Үш жүздің басын қосқан ойшыл 
 
Төле би Әлібекұлы (1663-1756жж.) 
Қазақ халқының бір орталыққа 
бағынған мемлекеттік қуатты Тәуке ханның хандық құрған тұсында едәуір 
анық көзге түседі: хан маңында өзінің қазақтары ғана емес, қырғыздар мен 
қарақалпақтар да үйірілсе керек. С.Сейфуллин «Билер дәуірінің әдебиеті» 
атты еңбегінде бұл жөнінде былай деп жазады: «Бірігіп өмір сүрген қазақ, 
қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында билік жүргізген 6 ірі бидің аты 
аталады. Ұлы жүзде – Төле би (Дулат Әлібек баласы). Орта жүзде – Қаз 
дауысты Қазыбек би. Кіші жүзде – Әлім руынан Әйтеке би. Қырғызда – 
Көкім би. Қарақалпақта Сасық би, Қатаған, жайма басқа ұсақ руда тағы да 
бір би» (С.Сейфуллин). 
Қазақ, қырғыз, қарақалпақ – үш елді айналасына үйіріп, күшпен емес, 
ақылмен ұстап, елінің күш-қуатын арттырғанда, Тәуке хан батырларға да 
емес, сұлтандарға да емес, жоғарыда аталған билерге сүйенеді. 
Тәуке ханның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда өлшеусіз еңбек 
сіңірген билер тобының басында Төле би тұрды. Мемлекеттік ішкі-сыртқы 
маңызды істерін хан осы билер кеңесі арқылы шешкен. Елді басқарудың жеті 
сала әдет заңын – «Жеті Жарғыны» де Тәуке хан Төле би бастаған ел 
ағаларымен бірлесе отырып жасап, бекіткен.
Төле би Әлібекұлының туған, өлген жылдары (1663-1756), ата-тегі 
туралы әдебиеттерде едәуір мағлұматтар бар. Солардың көпшілігінде Төле 
би қарашоғыр, қара шаруа әулетінен шыққан делінеді. Тек С.Дәуітовтің 
еңбегінде Төле би әкесі Әлібектің де би болғаны туралы айтылады. Біздіңше, 
Әлібектің би болғаны туралы пікірдің жаны бар. Бұл орайда күдікті, көмескі 
ойлардың сейілуіне Шоқан Уалихановтың жазып қалдырған дерегі 
көмектеседі. Ш.Уалиханов қызыл тулы сұлтандар тарихы туралы ел 
аузындағы аңызға сүйене отырып, Ұзын оқты Ондан сұлтанның жас кезінде 
істі болып, әкесінің досы Әлібекке ақыл сұрай келгенін жазады, Әлібектің 
кеңесімен Ондан сұлтан басына төнген қатерден құтылады. Төле бидің әкесі 
– Ондан сұлтанға қысылғанда ақыл беріп, жөн көрсеткен осы Әлібек. 
Тәуке ханның тұсында (1680-1715) өзінің күш-қуатын сезіне бастаған 
Қазақ елі жоңғарларға ауық-ауық күш көрсетіп, өздері де олардың соққысына 
ұшырап отырған. Билердің кеңесімен Тәуке 1691-1694 жылдары орыс 


81 
патшасына өзара достық қарым-қатынас туралы хат жолдайды, елші 
жібереді. Бірақ орыс пен қазақ елі арасындағы бейбіт қарым-қатынас орнату 
жөніндегі келіссөз айтарлықтай нәтиже бермейді. 1698 жылы жоңғарлар Шу, 
Талас бойындағы қазақтарға елеулі соққы берді. Қазақ-жоңғар арасындағы 
соғыс үздік-создық созылмалы сипат алады. 1708 жылы жоңғарлар қазақтар 
мен қарақалпақтарды тағы шабады. Тәуке де, билер де жауға қарсы қол 
бастар батырларға сөз салады. Осы тұста Төле би жауға тойтарыс берудің 
жайын талқылаған барша қазақ батырлары мен билерінің, сұлтандарының 
кеңесін өткізуге араласады.
1715 жылы Тәуке ханның қайтыс болуы бір орталыққа бағынып, 
нығайып келе жатқан Қазақ хандығының әлсіреуіне алып келді. Хандыққа 
таласқан сұлтандар өзгенің өздеріне билік, басшылық жасауын мойынсұнбай, 
әрқайсысы өз ұлысына бас-басына хан болуға ұмтылды. Батырлардың 
көпшілігі тұмсығының астындағыдан арғыны көрмейтін сұлтандардың, 
рубасылардың ықпалында қалып қояды. Төле бидің: «Елге бай құт емес, би 
құт», «Батыр деген барақ ит – екі қатынның бірі табады, Би деген бір бұлақ - 
қатынның ілеуде біреуі табады», - деген даналық сөздері жай ұғар, жөн білер 
билердің аздығы, билігі жоқ, білегі тоқ, жөн білмес, сыңар ру сұлтандар мен 
батырлардың көптігі ел тағдырын қиын жағдайға душар еткен осындай ащы 
шындықты жете сезініп, шамырқанған жаннан шыққан.
1716,1717 жылдары қазақ қолы жоңғарлардан бір емес, бірнеше жеңіліс 
табады. Жекелеген батырлардың қайсыбірде жаудың шағын топтарымен 
шайқасқа түсіп, жеңіске жетіп отыруы соғыс барысына айтарлықтай өзгеріс 
енгізе алған жоқ. 1722 жылы Цин мемлекетімен өзара тыныштық туралы 
келісімге келген жоңғардың жер қайысқан қалың қолы Шона Лаузаның 
бастауымен қазақ даласына лап қойды. Балқаштан Сарысуға дейінгі аралық: 
Түркістан, Сайрам, Ташкент қалалары жау қолында қалды. Жау жағадан, 
бөрі етектен алған осындай алмағайып қиын шақта Төле би қайткенде өз 
ұлысын аман сақтап қалу жолын ойлайды. Қойгелді, Бөлек, Тайлақ секілді өз 
маңындағы батырлардың басқыншыларға қарсы күрестердің қолдап, 
бағыттап отырады. Жауға қарсы қол бастауға қабілетті бар батыр ұландарды 
бауырына тартады. Олардың қатарына күші асқаннан сасып, бас сауғалап 
келген хан тұқымдары да, ақылы мен батырлығы сай түсіп, қарадан қара үзіп 
шыққан, ханға бергісіз ержүрек ел ұлдары да болған. Әйгілі Абылай 
батырдың Төле бидің қолында бой жасырып, тәрбие алуында осындай мән 
бар еді.
Жау соққысынан ес жия алмаған қазақтардың бір тобы Бұхар мен 
Самарқанға, бір тобы Шыршық өзеніне асты, бір тобы Сауран айналып
Хиуаға ауды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Сауран айналған», 
«Қайың сауған» деген атаулар қазақ халқының тағдырындағы осындай ең бір 
ауыр, трагедиялы кезеңнің шындығынан туған.
Босқан, болдырған халық Орта Азия хандықтары тарапынан да қысым 
көрді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет