Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Өзін тексеру сұрақтары:

Қ.Яссауидің хихметті жазуының негізгі мақсатын анықтаңыз 

Сопылық идеяның ірі өкілі - Қ.А. Яссауи сипаттаңыз 

Яссауи еңбегінің діни-тәрбиелік мәнін ашып беріңіз 

Қ. Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің философиялық
маңызын көрсетіңіз 

Яссауи философиясындағы болмыстың жаратылуы идеясын талдаңыз 
Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

 
Ақынның сопылық идеяны ұстануының мәнін қалай түсінесіз

Яссауи философиясындағы өлім мен өмір мәселесін айқындаңыз 

Яссауи сопылық дүниетанымындағы «рух» және «құт»
мәселесін нақтылаңыз

Қ. Яссауидің таным териясын түсіндіріңіз 

Яссауи сопылық іліміндегі «сенім» мен «ақиқат» сипаттаңыз 
 
 
 
 
 
 


66 
---------------------------------------------------------------------------------------------- 
ІII. ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
ДҮНИЕТАНЫМ
4.1 Қорқыт ата дүниетанымы және ақын-жыраулар
шығармашылығындағы философиялық
 ой пікірлер 
Қорқыт ежелгі түркі тайпаларының IX-X ғасырында Сыр бойында ғұмыр 
кешкен ұлы ойшыл, философ, жырау, қобызшы, күйші және Кітаби Қорқыт 
жырларын тудырған, үлкен эпос айтушысы. Ежелгі түркілердің көрнекті 
ағартушысы болған Қорқыт ойшыл, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта 
ерекше рухани із қалдырған халық даналығын жинаушы. IX-X ғасырда орта 
Азиядағы мәдени оянуға Қорқыттың күйшілік дәстүрінің әсері өте үлкен. 
Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық 
болды. Философиялық терең мағынасы бар, бүкіл түркі халықтарына ортақ 
мұралардың бірі, «Қорқыт ата кітабы». 
“Қорқыт ата кітабы” бүкіл түркі-тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті 
жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер 
мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. 
Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан 
да халық: “Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата, бата алған барлық ақын жырау, 
жұрттың бәрі таңғалып тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда”, – 
деп тегін жырламаған. Қандай да қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, 
ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай 
орындаған. Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: “Тәңірге 
сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не 
жазса, сол болады”. “Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың 
өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”, - дейді. 
Әрбір қисыны аяқталған сөзде жырау: «Бұл жырды менің атам айтып еді 
және сөзін де құраған болатын», деп отырады. Қорқыт ата кітабының екі түрлі 
нұсқасы бар. Бірі Дрезден (Германия), екіншісі Ватикан (Италия) нұсқасы.
Дрезден нұсқасында 12 түрлі сюжет болса, Ватикан нұсқасында соның 6-уы 
ғана болған. Қазіргі кезде көп тілге аударылып, көбірек зерттелгені - Дрезден 
нұсқасы. Бұл жырлар жер жүзі туркологтарына мәлім. 
Қорқыт ата кітабы өзінің тарихылығы, сюжеті, образдарының аралығы, 
суреттейтін өмір тұлғасы, салт-сана көрінісі жағынан қазақтың батырлық 


67 
жырларына ұқсас. Сондай-ақ Қорқыт ата кітабында исламнан бұрынғы 
мифология көріністері елеулі орын алады. Мысалы, Аруз батырдың қойшысы 
мен пері арасынан Төбекөз дәу туады. Оны Аруздың жау қолында өскен
Бисат өлтіреді. Сол Бисатты жасында таудағы арыстан асырайды. Бұқат 
батырдың өгізді жеңуі, Домрулдың Әзірейілмен танысуы да мифологиялық 
желі. Бұл сарын «Оғызнамадан» келе жатқан Жетісу, Алтай, Қыпшақ, оғыз 
тайпаларының патриархат дәуірінде туған жаңа төтемдері болатын (арыстан, 
айдаһар, аю, т.б.). Қорқыт ата жырларында көшпелі тайпаларға тән табиғат 
құбылыстарына, яғни жылан, қасқыр, су, тау, ормандарға сиыну болған. Әр 
нәрсенің өз иесі бар деп, ол табиғатпен де тілдесе білген. Сондай-ақ көк 
тәңірге сиыну да туа бастайды. Қазақ аңыздарында аруаққа сиыну осы 
Қорқыттан басталады. 
Қорқыт жырларында батырлық пен әсемдік, нәзіктік пен сұлулық қобыз 
сарынымен үндесіп, үлкен бір философиялық арналарға алып келеді. Қорқыт 
иісі түрік халықтарына ғана танылып қойған жоқ, ол Шығыс ренессансы үшін 
де көрнекті тұлға болды. Қорқыт жөніндегі философиялық аңыздардың бірі 
оның ажалдан қашуы. Қорқыт өзінің Желмаясына мініп ел кезіп жүреді. Қайда 
барса да, алдынан екі адам кездесіп көр қазып жатады. Қорқыт оларға: «Бұл 
кімнің көрі?» деп сауал қойса, олар «Қорқыттың көрі» деп жауап қатады. 
Ақыры ол суда ажал жоқ деп, Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су 
үстінде өткізеді. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде ажал «жылан» кейпінде келіп, 
оны шағып өлтіріпті дейді. 
«Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» дегенде Қорқыт баба ғана емес, сол 
замандағы қоғам арасындағы қайшылықтар, әділетсіздіктер оны осындай 
пессимизмге алып келді. Сондай-ақ бұл сөздерде ертедегі сақ тайпаларының 
наным-сенімдері бар. Яғни, адам өмірін мәңгілік ету. Бұл ертеде өте бір 
философиялық астары бар ұғым. Адам өлген соң қайта өмір сүреді деп 
ойлаған болса, бақсылар Қорқытты дүниеге өлмей, тірі кетті деген. «Өлі 
десем, өлі емес, тірі десем, тірі емес» деген сөз осыдан қалған. Бұл ұғымның 
ізі Шоқан келтіретін «Өлі мен өмірдің достығы» деген ертегі де бар. Сонда 
ата-ана культіне ұсынған Қорқыт пендеге өлім парыз дейтін ислам 
идеясымен келіспегендігін көрсетеді. Қорқыттың өліммен қарсы күресуі және 
одан құтылудың жолдарын іздеп: 
Көкке ұшқан құс жылайды 
Көп жасаған қарт жылайды 
Аспандағы ай жылайды 
Алты жасар бала жылайды, 
деп айтылған өлең жолдарынан өлімге дауа іздеген Қорқыт философиясын 
танимыз. Болмаса (Семетейдің түсі): 
Терек түптен тербеледі 
Теңіз түптен шайқалады 
Бұл немене болушы еді? 
Ақсақ құлан туралы әңгімелегенде: 
Терек түптен жығылады 
Кім тұрғызар, уа ханым? 


68 
Теңіз түптен былғанады 
Кім тұндырар, уа ханым? 
Бұл екеуінің де философиялық жұмбақ мәні бір, екеуі де қорқыныштың, 
үрейленудің сезімін ақылмен жеңу туралы, соны әдемі тілмен айтып жеткізу. 
Жалғыз-ақ қорқыныш біреуінде түс болып кірсе, екіншісінде атақты 
жырының қобыз үнімен, жүйелі сөзбен жұмбақтап айтқан түр де кездеседі. 
Дегенмен Қорқыттың тәңірді мойындауы мына нақыл сөздерінен байқалады: 
«Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі 
пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық 
көрмейді, ажал келіп өлтірмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол 
қайтып келмейді». 
Қорқыттың туған, жүрген, тіпті мазары тұрған жерлер жөнінде толып 
жатқан аңыз-әңгімелер бар. Аңыз бойынша, Қорқытты анасы құрсағында үш 
жыл бойы көтеріп жүріпті. Қорқыт туылатын күн ашық аспан тастай қараңғы 
түнге айналған қорқынышты күн болғандықтан баланың атын «Қорқыт» деп 
қойған екен дейді. Бұл жөнінде ел ішінде тараған өлең жырлар бар: 
Қорқыт туар кезінде, 
Қара аспанды су алған. 
Қара жерді күл алған, 
Ол туарда ел қорқып, 
Туған соң, әбден қуанған. 
Қазақ аңыздарында Қорқыт бір ғана бақсы емес, көптеген күйлер мен 
дастандар тудырған тарихи тұлға. Қорқыт жайындағы аңыздарды жинақтап 
келгенде, оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол
оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы шаман. Ә.Диваев бақсы 
шағатай сөзі, ол балгер, сиқыршы деген ұғымды береді деген. Бұл сөз 
манчижур елінде де бар. Оларда бақсы-ақылшы, ғылым дегенді білдіреді. 
Екіншіден, Қорқыт күйші, музыкант, ең тұңғыш қобыз сарынын тудырған 
адам. Үшіншіден, Қорқыт эпос айтушысы, әйгілі жырау, оның жырлары 
оғыз, қыпшақ өмірінен қалған әдеби тарихи мұра. 
Қорқыт ата шығармалары уақыт өте келе, өзгеріске түсіп, ежелгі 
шамандық миф басқа жанрға ауысып, ескі идеяны жаңа тұрғыда, оған адам 
мен ажалдың, өмір мен өлімнің күресі деген терең философиялық мән бере 
баяндайтын көркем туынды болып шыққан. 
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ музыкасының атасы Қорқыт 
туралы эпостардың мазмұны өте зор, терең, ажалды тоқтату мүмкін еместігін 
мойындағысы келмеген Қорқыт жұрттан беп айдалаға, табиғат аясына кетеді, 
бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. 
Содан қорқып, қарағайдан бірінші рет қобыз жасап, жер бетінде бірінші болып 
күй тартады. Сөйтіп, өлмеудің амалын өнерден табады», - деп айтады. 
Міне, көріп отырсыздар, қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесі өлімнен 
қашқан адам емес, керісінше, өмір сүрген және өмір үшін күрескен, өлімнен 
құтылуды қандай бір құдіретті күшпен емес, өнерден іздеген, ажалмен, 
айқасқан алып рухани тұлға. «Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі ұйып 
тыңдайды. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт күйін 


69 
тыңдапты. Сарыарқа аңдары да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп 
Қорқыт күйін тыңдайды. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген
Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, су ортасындағы кемедей 
қалқып тұрып алып, Қорқытқа кішігірім арал болыпты»- делінеді аңызда. 
Күй тартып отырған Қорқытқа ешқандай ажал жақындай алмайды. Ажал 
күйден, күй тартушыдан өзін әлсіз сезінеді. Қорқыттың әлсіреген шағын 
күтеді. «Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, 
қалғып кетеді. Ізіне түсіп аңдыған қайрақ, жылан күйінде жорғалап келіп 
Қорқытты шағып алады. Қорқыт осыдан ауырып өледі» - дейді халық сөзі. 
Cоның өзінде де ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан
халықтың өлімге деген көзқарасын, «өлім айтып келмейді» деген 
философиялық тұжырымның негізін көреміз. Аңыздың жалпы мазмұны 
қайғылы болғанымен оның идеясы, рухы жарқын әрі оптимистік. «Қорқыт 
өлген жоқ» дейді аңыз. Өйткені ол, біріншіден, ашық күресте мұқалған жоқ, 
екіншіден, оның күйі әлемге тарап, өлмес қасиетке ие болды. Демек, халық 
өзінің аңыздары арқылы «дүниеде өлмейтін нәрсе адам еңбегі, оның өнері» 
деген философиялық ойды тұжырымдайды. 
Қазақ философиясының қайсыбір туындысын алмаңыз, адамның елі, 
жер үшін күресін, оның талантын, қабілетін, ерлігін, көркемдігін, әділеттілігін, 
адамның адалдығын негізгі өзек етіп ала отырып, жеке басының мүддесі үшін 
ғана емес, ел мүддесі үшін жасаған үлкен іс қана адам өмірін ұзартады деген 
ой айтып, философияның ең негізгі мәселелерінің бірі адам мәселесін жоғары 
көтеріп, оның өмірін қызықты, бақытты етуге әрекет жасалынады. Ал өмірдің 
өзі де адамға лайықты болуға тиіс. Осы жерде Қорқыт туралы аңыздың 
философиялық, эстетикалық мәнін, рөлін айта отырып, белгілі шығыстанушы 
ғалым, Шоқанның досы Г.Н. Потаниннің «Қазақ халқы өмірге тек өнер ғана 
сән береді, тек өнер ғана бізге ерте үйірілетін сары уайымнан құтқарады деген 
ой айтады»-деп жазған ойын орынды деп білеміз. 
Қорқыт туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе уақыт 
және кеңістік мәселесі. Бұл аңыздарда Қорқыт өлімнен қашып, бүкіл 
космосты аралайды. «Түсінен шошынған Қорқыт ажалдан құтылу үшін 
ертеңінде дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы 
көреді. Таң атысымен ол тағы да жолға шығады. Не керек, әулие осылайша 
түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын түгел аралап шығады. Не істерін 
білмей ол жердің ортасына бармақ болады. Жердің ортасы Сырдың жағасы 
екен, қазір Қорқыттың моласы тұрған жер екен». 
Қорқыт ата өлімнен қашып, дүниенің төрт бұрышын шарласа да, өлімнен 
құтыла алмасын білген соң өзінің кіндік қаны тамған жер ортасы 
Сырдарияның жағасына қайта оралады. Мұндай жағдайда да төрт бұрышты 
космостың ортасы-кіндігі болады. Ол Қорқыт жайындағы миф бойынша 
Сырдария болып табылады. 
Космологиялық дүниетаным уақыт пен кеңістік қазақтың көне 
мифологиясында, аңыз жырларында көшпелілер өмір салтымен, тұрмысымен 
тығыз байланыстылықта көрсетіліп отырады. «Қорқыт ажалдан қашқаны үшін 
тарихта қалмас еді. Мәселен, Қорқыттың аса ақылдылығы мен даналығында, 


70 
оның кереметтілігінде, қазіргіме айтсақ, әулиелік хоризмінде. Яғни, оның 
ажалмен күресі бергі әңгіме, мәселе төркіні тереңде. Менің пікірімше, 
Қорқыттың ажалға қатысы аңызға айналуы акциденциялық іс. Мәселе 
ажалда емес, мәселе адамның жұмбақтылығында. Қорқыт дүниетанымының 
негізгі мәні мәңгілік өмір емес, ажал және оның болмысы. Қорқыт ажал 
философиясы емес, өмір философиясы туралы толғанды. Мұндай мәселені 
кезінде Фридрих Ницше көтерген. Ницше: «Үнемі қайта айналып келіп 
отыратын берік сезім- өмірдің қозғаушы күші». Ол «Мәңгілік айналым» деген 
идея ұсынған, «Бұрын да, қазір де қалай болса, өмірбақи барлығы да солай 
қайталана беруге тиіс». 
Осы бағытта Бергсон, О. Шпенглер, Ортега-и-Гассет, М. Хайдеггер, т.б 
«Өмір философиясын» проблема етіп көрген. Бұл бағыттың жалғасы ретінде
тұрмыс немесе өмір сүру философиясы дүниеге келді. Олардың көпшілікке
белгілі ғалымдар: М. Хайдеггер, К.Ясперс, Г. Марсель, Ж.П. Сартр, т.б. 
Қорқыт болса VIII ғ. «Ғұмыр философиясы» мен «Өмір философиясын» бірге 
көтерген. Алғашқысы көлеңкеде қалып, екінші акциденция ретінде көрініп, 
Қорқыт есімі ажалмен байланысты қарастырылған. Қорқыттың нысанасы- 
адам, оның болмысы. Аңызда адамның, яғни Қорқыттың еркінен тыс оған көр 
қазып жатады. Бұл жерде адам еркі және тағдыр деген мәселе тұр. Қорқыт 
дүниетанымының басты дені - адам болмысы. Адам табиғатынан, тұрмысынан 
өзінің шектеулі кеңістігінде ғұмыр кешеді. Оның өз шамасы, өз шарасы бар. 
Өлшеулі шамадан асып, шара жасай алмайды. Қорқыт адамның шамасы 
туралы толғанысқа түскен. Адам табиғатынан шамасы шектеулі. Олай болса, 
адам бұл фәниде қалай өмір сүрмек? Міне, Қорқыт дүниетанымының басты 
арналары осында жатыр.
Мұндай проблемаларды XVII-XIX ғ. одан бері де XX ғ. Батыс Еуропа 
елдерінде екі философиялық бағыт өздерінің объектісіне айналдырған, олар: 
ғұмыр философиясы және өмір сүру философиясы. Алғашқысы адам болмысы 
туралы болса, соңғысының өзегі - тұрмыс проблемасы. 
Аңызда Қорқыт жұртшылыққа түсінікті зистенсиялистік мәнде аңызға 
айналған. Аңыз ақиқатқа бастайтын сана, бірақ ақиқаттың өзі емес. Аңызда 
мән толық көрінбей жасырын болмақ. Образбен айтсақ, айсбергтің көрінгені 
аңыз, көрінбегі соның мәні. Аңыз акциденция, мән субстанция. Қорқыт 
дүниетанымы - көрінбей жатқан айсбергтің өзі. Аңызда Қорқыт толық 
Қорқыт емес, ол екі проблема көтерген; ғұмыр проблемасы, ол мәңгілік. Өмір 
сүру проблемасы, ол- тұрмыстың өткінші мәселесі. Өткінші өмірде, шынында 
да, қайда барсаң алдыңнан Қорқыттың көрі шықпақ. Алайда қайда барсаң 
Қорқыттың көрі деген тікелей өлімге, ажалға қатысты мәселе емес. Бұлай деп 
түсіну тым жағдайлық. Бұл аңыздық вариант. Адам ажалдан қорқып өмір 
сүрмейді, адам ажалды ойлап қайғырмайды. Ол өзінің көп іске 
дәрменсіздігіне, әрекеттерінің шектеулігіне, мына өмірге су сияқты сіңіп кете 
алмауына қапаланып қайғырады. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі», қайда 
барсаң да бір қайғы. Көрді көру дегеніміз - өзінің дәрменсіздігін көру, 
болмысынан шыға алмауын сезіну. 
Қайғы деген қорқу емес, Абай «қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды 


71 
арман» деген. Демек, қайғы дегеніміз - арманның ұлғаюы, есеюі.
Қорқыт ата жырларындағы көшпелілер өмірінің таза суреттелуі , 
ондағы тотемизм, шаманизм сарындарына қарап Қорқыттың біздің ежелгі 
философиялық дүниетанымдарымызды асқан шеберлікпен қалыптастыра 
білгенін 
айта 
аламыз. 
Сондай-ақ 
көшпелілер 
философиясының, 
дүниетанымының тууына «Қорқыт ата кітабының» ішінде жазылған 
жырларының тигізген ықпалы зор болды. Ең басты Қорқыт жырларының
негізі, алғашқы философиялық арқауы Сыр бойында дүниеге келіп, басқада 
елдерге тарады. Бұл жерде сеніңкі, меніңкі деген аясы тар ұғымдардан аулақ 
болғанымыз жөн. Жалпы қазақ философиясын, оның дүниетанымдық негізін 
бәрімізге ортақ түркілік фольклор, мәдени мұраларымыздан іздесек 
қателескен боламыз. Осы тұрғыдан қарағанда Қорқыт жырлары - Орталық 
Азия, Кавказ халықтарына ортақ философиялық эстетикалық мұра. Бұл 
елдердің қайсысы болса да Қорқыт ата жырларын өз этносының арғы атасы, 
прототипі деп атауға философиялық құндылықтар қатарына жатқызамыз. 
Қорқыт туралы қазақ аңыздарының көпшілігі шамандық мазмұнда 
көрінеді. Белгілі фольклоршы ғалым С. Қасқабасов «Миф пен ойсананың 
тарихтылығы» еңбегінде: «Қорқыт сөзі мен есімі шамандық миф пен 
дүниетаным аясында пайда болып, қазақ халқы ислам дініне енгеннен кейін, 
ислам мифологиясына кірген бұрынғы Қорқыт бақсы енді Қорқыт әулие 
болып бейнеленген. Бірақ соның өзінде исламның діни қағидаларын, оның 
тағдырға, Аллах ісіне мойынсұну принциптерін бойына дарытқан.» Керісінше, 
ол «Мұсылманшылдық ұғымында құдай бұйырғанына, тағдырға қарсы 
шыққан...».Оның бұл қылығы шамандық - түсініктердің белгісі. Қорқыт 
«Әулие» деп аталғанымен оның бейнесінде мұсылман әулиесіне тән ештеңе 
жоқ. Қайта бәрі керісінше: әулие бола тұра Қорқыт бұрынғы шаман сияқты 
ажалмен алысып Аллах әміріне қарсы шығады. 
Қорқыт ажалдан қашқан жан емес. Ол ажалдың құпиясын, сырын 
түсінуге тырысқан хакім. Оның алдында шешуі жоқ екі мәселе тұрған: бірі - 
ғұмыр, екіншісі - осы дүниеде өмір сүру. Демек, ол өмір философиясы және 
өмір сүру философиясының мәселелерін сол өз заманында, VIII ғасырда күн 
тәртібіне 
қойған 
философ. 
Ақын-жыраулар 
шығармашылығындағы 
философиялық дүниетанымы. "Өнер алды - қызыл тіл" деген қазақ халқы 
шешендікке де жыраулық өнер сияқты зор мән берген. Ақын-жыраулар 
шығармашылығы қазіргі таңда өз өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. 
Ақындарымыз - бен, жырауларымызды халқымыз әрі батыр, әрі шешен-би, 
әрі ақылшы-термеші, әрі философ, заманы туралы ой қозғап, елінің болашағын 
болжап, тебірене толғаулар айтқан жыраулар деп танып келеді. Олардың 
шығармашылықтары өздері жасаған дәуір әдебиетінде орын алады. 
"Бұрынғы жақсылардан өнер алған, биде тақпақ, мақал бар, байқап қара", - деп 
кемеңгер Абай мұкият ескерткен ғой. Олай болса, шешен билерден жеткен 
терең толғанысты, айшықты сөз өрнектеген жыраулар қатарын бағалағанымыз 
орынды. Әрбір халықтың рухани мұрасында әлемдік мәдениеттің жалпы 
қазынасын байытатын құнды ойлар болатыны белгілі. Халықтың бай 
рухани мұрасын зерттеу тек осы мәселемен айналысатындар үшін ғана 


72 
маңызды емес, сонымен қатар бүгінгі күн адамдарынының өзара 
адамгершілік қатынастарын дұрыс пайымдау үшін де қажет, болашақта 
адамзаттың адамгершілік үдерісі заңдарын дұрыс түсінуге де көмек береді. 
Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында ақын-
жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Бұл жерде белгілі философ 
О.А. Сегізбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығы дамуы 
барысындағы үш кезеңге бөлінген жіктемені келтіруге болады: а) шартты 
түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең (XV-XVIII ғ. бірінші жартысы); ә) 
ақындық шығармашылық кезең (XVIIIғ. екінші жартысы - XIXғ. бірінші 
жартысы); б) ақындардың өзіндік сайысы-айтыстың пайда болуымен 
байланысты кезең (XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басы); Асан қайғы (ХV ғ.), 
Қазтуған жырау (XV ғ), Доспанбет жырау (XVI ғ.), Шалкиіз (1465-1560), 
Ақтамберді (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819) 
және т.б.өз дәуірінің философиялық идеяларын білдірген ойшылдардың 
бүтіндей бір шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерін толғандырған мәңгі 
философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан
зор рухани күш-жігерді қорытты. Кез келген даму идеалы сабақтастық 
идеясымен тұтас байланыста екендігі белгілі.
Ақын-жырау көзқарастары қалыптасуының маңызды қайнар
бұлақтарының бірі ертетүркі жазбасы болып табылады. Бастапқы 
ескерткіштердің тас тақташалар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс 
жабдықтарында сақталғаны белгілі. Бізге дейін жеткен санаулы ертетүркі
жазбасы мәтіндерінде түркілердің ата-бабаларының жоғарғы адамгершілік 
қасиеттері туралы этикалық мәселелер молынан кездеседі. Халықпен, 
Отанмен, оның абыройын сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет
ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі саналатын Орхон-Енисей 
жазбаларында өте өткір қойылуымен ерекшеленеді. Ертетүркі қоғамында 
қалыптасқан адамгершілік көзқарастар біздің ата-бабаларымыздың белгілі бір 
мораль мәселелері бойынша ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарынан 
байқалатын 
ойлаудеңгейін 
салыстыруға, 
адамгершілік 
дамуындағы 
сабақтастықты анықтауға мүмкіндік береді.
Ақындардың рухани ойы қалыптасуының келесі бір маңызды идеялық
бастауы шаманизмнің (бақсылықтың) діни-этикалық концепциясы болып 
табылады. Шаманизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық
қолданыста да әртүрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар немесе оның 
ізбасарлары арқылы негізі қаланған діндердің көпшілігімен дүниетанымы
негізінде табиғи, тарихи жолмен қалыптасқан дін болып саналады. Онда 
адамның қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен 
байланысты ерте діни және мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады. 
Шаманизм адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңдерінде материалдық өмір 
мен ұжымдық сананың жалпы заңдылықтары шеңберінде табиғи жолмен 
пайда болып, қалыптасты. Шаманизм ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және 
визуалды дәстүр арқылы жеткізіліп сақталды және бүгінгі ұрпаққа осы дін 
туралы белгілі бір түсінік болуына мүмкіндік береді. Қазақтар мұсылман
болғанымен дәстүрлі шамандық наным-сенімдерін, ертетүркілерден тарайтын


73 
Тәңірге, Ұмайға, Жер-суға табынушылықтарын сақтап қалды.
Ақын-жыраулардың этикалық көзқарастары қалыптасуына ықпал еткен 
маңызды идеялық бастауларының бірі исламның діни-этикалық концепциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет