Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет18/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
болды. Қазақ қоғамында патриархалды - феодалдық дәстүр үстемдігі 
жағдайында мұсылмандық фанатизмнің рөлі төмен болды. Арабтар Орта 
Азияны жаулап алғанға дейін қазақтар Тәңірге (аспанға) табынды. Ислам 
дүниетаным ғана емес, адамгершілік туралы ілім де болып табылады. Ислам 
Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, шетелдік шығыстың 
бүтіндей бірқатар елдерінің ізгілікті дамуына ықпал етті және ықпал етіп 
келеді. Жалпы, исламның этикалық ойы осы дін пайда болғаннан бері өмір 
сүріп келеді. Бірақ теологиялық-этикалық жүйе түріндегі бұл ойдың 
қалыптасуына мұсылманшылықтың негізгі деректері - Құран мен суннада 
көрініс табатын мұсылмандардың моральдық қалыптары жинағы әсер етті. 
Исламдық этикалық ой сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретінде сүйене 
отырып, мұсылман қоғамының тәрбие принциптеріндегі қажеттіліктерін өтей 
алды. Құранның моральдық қағидалары күнделікті өмірдің барлық қырын 
қамтиды: отбасы қатынастары, туыстар арасындағы міндеттер, айналысатын 
пайдалы нәрселер жиыны, өзге дін (христиан, иудей) өкілдерімен қатынас, 
саудамен және қолөнермен айналысу, тыйымдар, парызды өтеу және т.б. 
Ортағасырлық және одан кейінгі дәуірлердегі мұсылман авторлары
шығармаларының барлығы дерлік Құранның бірінші сүресімен басталады. 
Ақтамберді жыраудың, Үмбетей жыраудың, Бұқар жырау мен Қабан 
жыраудың және т.б. адамгершілік-этикалық көзқарастарында исламның 
ықпалы айқын байқалады. Ақын-жыраулар өздерінің адамгершілікке қатысты 
ойларын құдайдың, пайғамбарлардың атынан айтты және бұл қазақ қоғамында 
олардың көзқарастарының ықпалын күшейтті. Бұл әсіресе Бұқар жыраудың 
моральдік - дидактикалық шығармаларында молынан ұшыраса бастады. 
Осылайша, ақын-жыраулар шығармашылығы, негізінен, діни сипатта, оны 
рационалдандыру жолымен, моральдық – этикалық бағытта уағыздау мен 
насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ ақын - жырауларының 
адамгершілік идеяларының және философиялық-этикалық теориялардың 
арасы алшақ емес және қазақ халқы өмірінің тарихи жағдайларына сай 
келетіндей жоғарыдағы идеялардың заңды жалғасы мен қорытындысын 
білдіреді. Ақын-жыраулардың этикалық ойы қалыптасуының ең маңызды 
бастауларының бірі білім мен тәрбиенің, оның ішінде адамгершіліктің де 
қазынасы мен энциклопедиясына айналған мақал-мәтелдер түріндегі фольклор 
болып табылады. Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, данышпандық 
сүзгісінен өткен, мәңгілік өмір сүруге құқылы, біздің заманымызға дейін 
жеткен қазақтың мақал-мәтелдері, ертегілері бүгін де маңызын жоғалтпай, 
өзінің жарқын бейнесімен халықтың адамгершілік-психологиялық дамуының 
тарихи жолын нұрға бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, 
аңыздар мен өлеңдерге, айтыс пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар 
халықтың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмірлік тәжірибесін 
білдіретін ең кеңінен таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың 
өзіндік кодексі де болып табылады. Мақалдардан көрінетін моральдық кодекс 


74 
балалық шақтан кәрілікке дейінгі тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Қазақ 
мақалдарының тақырыбы әлеуметтік өмірдің барлық салаларын қамтиды. Ол 
өмірдің барлық қырын құрамына енгізеді: күнделікті тұрмыстан тарихқа, 
өмірге дейін, халықтық этика нормаларының кең кодексін қамтиды. Көшпелі 
өмір тәртібіне сай қазақ халқының өз еңбек әрекетіне деген көзқарасы 
мақалдарда бейнеленді. Бақыттың көзі ретіндегі еңбекке деген көзқарас көп 
мақалдарда кездеседі. Мысалы, «таяқпен құлын табасың, құлынмен тұлпар 
табасың, тұлпармен бақытыңды табасың». Патриархалды-феодалдық өмір 
тәртібін бейнелейтін қазақ мақалдарын зерттеу олардың идеялық мазмұнының 
өзегі «жаман адам» мен «жақсы адам» түсініктерінен құралатынын көрсетеді. 
Қолдаушы формула « жақсы адам» мен кінәлаушы «жаман адам» отбасылық 
өмірде де, қоғамдық өмірде де моральдық нормалардың бүтін жиынтығын 
білідіретін қорытындылаушы түсініктер болды. «Жақсы» мен «жаман» 
халықтық мораль тұрғысында былайша бағаланады немесе сыналады: «Жақсы 
- іске келеді, жаман - асқа келеді», «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа». Қазақ 
мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресі мәселесі үлкен орын 
алады. Халықтың қолдайтын барлық жүріс-тұрыс нормалары мен принциптері, 
жағымды бағаланатын адамгершілік әрекеттердің барлығы қайырымдылық 
болып табылады. Ал халықтың кінәлайтын әрекеттері мен қылықтарының, 
адамның қоғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін нәрсенің бәрі зұлымдық 
болып табылады. Сонымен қатар, қайырымдылық ақылмен және біліммен 
байланыстырылады, адамгершілік өмірде үлкен мәнге ие болып, зұлымдыққа 
қарсы күресте маңызды құрал ретінде бағаланады. Қазақтың халық даналығы 
адам абыройын түсіретін моральдық принциптерді қатал айыптайды. Сонымен 
қатар керісінше, батырлық, патриотизм, төзімділік сияқты жағымды 
адамгершілік қасиеттер бағаланады. «Ер» түсінігі туралы мақалдар өте көп. 
Мысалы, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Кездескен адамыңды 
сыйла, мүмкін оны соңғы рет кездестірген шығарсың». Қазақтың ақын-
жыраулары ойдың асыл інжу - маржандарын осы мақал-мәтелдерден алып 
отырды. Көп ғасырлық халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға 
толы. Тарихтың бүкіл өн бойындағы өзара қатынастарды реттеп отыратын
адамгершіліктің қарапайым нормалары бүкіл халық жинақтаған тәжірибенің 
нәтижесі мен қорытындысы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет