Сулейменов Пиримбек Муханбетович


I. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ РУХАНИ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет4/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

I. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ РУХАНИ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫ 
 
 
 
1.1
 
Фарабидің философиялық көзқарасы 
 
 
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ ә
л-Фараби
(870–
950ж.)
қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы көне Отырар 
қаласында дүниеге келген. Қыпшақ даласынан шыққан ойшыл-күллі шығыс 
елдеріне таныс болған данышпан ұлы ғұлама энциклопедист, философ, 
математик, астролог, музыка теоретигі, түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең 
мәшһүрі, «Әлемнің екінші-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек 
жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен 
мәдениетінің дамыған кезіне дәл келді. Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, 
Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол 
жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен 
танысып, сұхбаттасты. 
Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол дүниедегі кұбылыс 
біткеннің бәрі бір кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, 
сол заманда әлемнің көптеген мәдени орталықтарында (Хорасан, Бағдад, 
Каир, Дамаскі, Алеппо) болды. 
Фарабидің
 
философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, 
белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктері мен 
сонылығын дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия 
жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан орта ғасыр 
заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теориялық 
сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі – негізінен дүниені бір 
құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің 
данышпандығы мен білімпаздығы, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей 
қала алмады. Араб тарихшысы Усейбидің айтқанына қарағанда, Фарабидің 
философиялық жүйесінде маңызы кейінірек барып біліне, анықтала бастаған, 
бірден көзге түсе қоймайтын жерлері көп, олар қазіргі заманғы терминология 
бойынша айтсақ, материалистік нышанды немесе идеализм мен материализм 
арасындағы ауытқуды білдіреді. Фарабидің философиялық жүйесі орта 
ғасырлар философиясындағы барлық мәселелерді қамтиды деп айтсақ артық 



болмайды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы 
мәселе, адамның тану әрекеті – мәселесі, логика мәселелері, ақыл және оның 
адамның қоғамдық іс-әрекеттеріндегі алатын орны, этика, эстетика 
мәселелері, натурфилософия және ғылымдар әдістемесі мәселелері. 
Фарабидің философиялық және логика-методикалық көзқарастарын 
жақсы түсіну үшін оның ғылымдар топтауын (классификациясын) қарастыру 
қажет. Бұл топтау Аристотельдің классификациясына ұқсайды, алайда 
Фарабиде табиғаттану-математика ғылымдары кең де әртүрде көрініс табады; 
бұл оның орта ғасырлардағы Шығыс философиясының даму бағытын 
бейнелейтін рационалистік және материалистік талпыныстарының нәтижесі 
болып табылады.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы 
трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасындағы үш: 
дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм – реттеу принципі, яғни себептілік 
сыр-сипатын ашу, ғылым-білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін 
теріске шығарған ақыл туралы ілім сияқты басты жайтты атап көрсетеді. Бұл 
үш принцип Фараби философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері 
болып саналады. Әрине, ғылымның даму деңгейі, саяси-әлеуметтік 
жағдайлардың салдарынан бұл мәселелер туралы ой кейде кері шегініс 
жасауға мәжбүр болады. Мәселен, дүниенің мәңгілігін, басының 
болмағандығын мойындау ресми дін өкілдерінің дүниені құдай жаратқан 
деген доктринасына қайшы келеді. Фараби бұл жағдайда құдай бірінші, 
дүние екінші кезекте деген сияқты бұлдыр да бұлтарыс түсінік береді. 
Фарабидің пікірінше қозғалыс – мүмкіндіктен шындыққа көшу, уақыт та 
мәңгілік, ол қозғалыстың сипаттамасы (характеристикасы).
Ақыл туралы ілімі Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына 
қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, 
оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі, яғни жасампаз ақыл (яғни 
бірінші қозғаушы Аристотельше айтқанда, ойлаудың ойлауы) - болмыс 
түзілісіндегі (иерархиясындағы) жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы 
сатыны түпкі себеп – Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатысы – 
аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай 
негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. 
Болмыстың төртінші сатысы – адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны 
форма мен материя алып жатыр. Бұл сызбада, бір жағынан, әлемнің 
жаратылысы мен аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман 
дінінің қағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан, дүниеге материалистік, 
эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. 
Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз ақыл немесе ғарыштық 
(космостық) ақыл ай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, 
ол – жер бетіндегі тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, 
билеуші. Әрбір тіршілік иесінің ақылы тек әлемдік, ғарыштық ақылға 
қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі 
өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген қағида теріске шығып, 
діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жан ауысып, көшіп 



жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі мәселе 
бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан 
өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын 
қолдап, дамытып, жанның мәңгілігін бір адам үшін емес, жалпы адамзатқа 
тән қабілет ретінде қарастырады. Енді бірде қайырымды, парасатты 
адамдардың жаны өлмейді, ал қайырымсыз, надан да пасық адамдар жаны 
оның тәнімен бірге өледі деген идеяны қолдайды. Бұл жағдайда ол жақсы 
адамның артында қалдырған ісінің, ізінің өшпегендігі оның жанының өмір 
сүргені дегенді меңзейтін сияқты. Бұлай деп айтуымызға Фарабидің «Ұлы
Зенонның жоғары ғылым бойынша трактаты туралы» еңбегінде ол дүниедегі 
өмір туралы жазған: «Білім, яғни ғылыми мұра қалдырған адам өлгеннен 
кейін өз қамы үшін ғана харекет еткен адамнан қадірлі, білгіш, көреген 
болады, өйткені көп мал-мүлік күйттеу ғылымға кесірін тигізеді»,-деген 
жолдары негіз болады.
Сондықтан рухани мұра қалдыру, дүниетану қам-харакетіне қарағанда 
абзал да қадірлі, ол ғылымға кесірін тигізбейді. Ол дүниелік өмірде дәрежеге 
жетуге кедергі болмайды. Егер, бәлкім, ғылымның басқа адамдары, оның 
әріптестері бұл мұраны пайдаланса, «ол оған өлгенге дейін де, өлгеннен 
кейін де игілік болып жұғады» (Тарихи-философиялық трактаттар). 
Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің 
теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми- 
философиялық мұрасының құрамдас, оның дүние-танымының ажырамас- 
бөлігі болып табылады. Әлемнің негізгі тұтқасы – адам. Егер оның ақыл-ой 
парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, ол дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті 
дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез-
құлық - бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты – 
адамның басты қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. 
Адамның өсіп-жетілуіне Фараби дағды мен әдетке елеулі орын береді, бұлар 
тәлімгердің ғибратты сөзі мен нақты ісі, жәрдемімен қалыптасады. Қандай 
болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру, т.б.) 
тәрбиешіден үлкен имандылықты, ізетті талап етеді, осылай еткенде ғана ол 
шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады, 
сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс. Ізгі, әділетті 
қаланың басшысы мен ұстаз екеуі-бірдей дәрежеде тәлімгер. Ұстаз- 
балаларды, ал қала басшысы - шаһардың бүкіл тұрғындарын тәрбиелейді. 
Нағыз тәрбиеші - жалпы жұртқа танымал жетекші өзінің бойына он екі тума 
табиғи қасиетті, жүре дарыған алты қасиетті меңгерген дана адам. Оқыту тіл 
ұстарту, білім беру арқылы үйрету жолымен, ал тәрбиелеу сарамандық 
жұмыс пен тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. Білім адамды қуаныш пен 
бақытқа кенелтеді, дүниені танып-біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім 
болмысына қанығады. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер кәсіптерінің 
дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына 
қажырлы еңбек, оқыту, тәжірибе берумен қатар, өзін-өзі тәрбиелеу, күшті 
ерік-жігер арқылы жетуге болады.
Әл-Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектердің (Ақыл-ой 



туралы, Жан туралы, Темперамент туралы, Түс көру туралы сөз, Жанның 
мәні туралы, Ақыл-ой және ұғым, Жасөспірімнің ақыл-ойы туралы кітап, 
Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап, т.б.) авторы ретінде де танылады. Ол 
араб тілінде халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жүйесін 
тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның 
еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ.
Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол 
ай астындағы дүниенің шын мәнінде бар екендігін, оның айдан жоғары 
орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. 
Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен 
формадан тұратын заттар, нәрселер – барлығы ақиқат. Олар негізгі, бастапқы 
материя болып табылатын төрт элементтің сан алуан, әртүрлі 
қосылыстарынан тұрады, түзіледі. Фарабидің материя мен форманың 
бөлінбес, ажырамас бірлігі туралы тезисі дұрыс материалистік сипаттағы 
қорытынды болды. Таным мәселесін қарастырғанда, зерттегенде Фараби 
өз заманындағы жаратылыстану ғылым жетістіктеріне сүйенеді және 
математика, астрономия, медицина, физиология, музыка теориясы және 
басқа салалар бойынша өзінің жан-жақты білім қорын мол, сарқа 
пайдаланады. Мұнда ол таным теориясына рационал сипат беретін ақыл 
туралы ілімді басшылыққа алады. Тану теориясының бірсыпыра мәселелерін 
ғылыми жолмен дұрыс қойып, түсіндіруде Фараби бірсыпыра психологиялық 
мәселелерді қамтып, оң шешімін табуға тырысады. Мысалы, түйсіктің 
табиғаты, олардың сезім мүшелеріне байланысты; жанқуатының және адам 
қабілетінің жалпы схемасы, танудың екі негізгі формасы (түйсік арқылы 
және ойлау арқылы), т.б. Фарабидің таным туралы ілімінің негізгі көздеген 
нысанына ғылымның рөлін көтеру, философия мен діннің қызметін даралау,
бөлу, ең бастысы өзі атсалысқан, қатысқан танудың ғылыми әдістерін 
(методтарын; эксперименттік-теориялық әдіс, табиғат туралы білімдерді 
математикаландыру) жасау және дамыту болып табылады. Әдістемелік 
дұрыс бағдарламаны басшылыққа алып, Фараби көптеген нақты ғылымдар 
(математика, астрономия, акустика, музыка теориясы, т.б.) бойынша және 
оларды дидактикасын жасау жөнінде айтулы табыстарға жетеді. Алайда 
Фарабидің таным теориясы тұтас алғанда өміршең, ілгерішіл бола тұра, 
онда ғылыми қайшылығы бар бірсыпыра даулы қағидалар мен 
идеялардың да болғанын айтуымыз керек. 
Фарабидің ғылыми-философиялық шығармашылық қызметінде 
логика мәселелері үлкен орын алады. Логика ойлау жүйесі мен пікірлерді 
мүлтіксіз дәлелдеуді қажет етеді, сондықтан да Фараби оны шындықты 
табудың және оны негіздеудің бірден-бір әдісі ретінде жоғары бағалайды. 
Логикалық тұрғыдан ол білімді аксиомалар мен алғышарттар түрінде 
өрнектелген бастапқы алғашқы және оларды ой қорыту салдары ретінде 
шығарылып алынған туынды, қорытынды деп екіге ажыратады. Ал 
логиканың заңдары мен ережелері жаңа білім шығаруға қызмет етеді. Тілде 
грамматикасыз күн жоқтығы сияқты, дұрыс ойлауда логикасыз аттап басуға 
болмайды. Фарабидің үйретуінше, адамның адам болуы ақыл, ойлау 



арқасында болса, онда мәдени, жоғары парасатты ақыл себетін логика
адамзат үшін ең қажетті игілік болып саналатын ғылым, өнер көзі болады. 
Фарабидің логика жайындағы трактаттарының мәні өте зор. Онда автор 
категория, семантика, импликация теориясы, т.б. мәселелер жөніндегі 
Аристотельдің бай идеяларын әрі қарай дамыта түседі. Фарабидің 
философиясы өзінің өміршеңдігін, дұрыстығын нақтылы ғылыми 
зерттеулерден тауып, принциптері, қағидалары одан әрі кемелденіп отырды. 
Оның ғылыми ойлау жөніндегі тапқан әдісі жеке, дербес заттарды, 
құбылыстарды нақтылы қарастыру, бақылау жасау арқылы дедуктивті-
аксиоматикалық теория жасаумен ұштастырылады. Бақытқа жол сілтеу 
трактатында және басқаларда әл-Фараби Аристотельдің әрекеттену мен 
қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. Әл-Фараби 
ұстамдылықты жақсы құлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін шамадан 
тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай 
молшылықтан арылуымыз керек және керісінше, жетіспеушілік болса, біз 
молшылық жағына қарай ауытқуымыз керек, сөйтіп мінез-құлқымызда 
ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек. Жоғарыда 
айтылғандар әл-Фарабидің адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» 
«тәңірден» болмай, оларды адамның өзі таңдауға болатын жағдайда белсенді 
әрекет факторына қандай зор маңыз бергенін көрсетеді.
Фараби өзінің дүниеге көзқарасын социология, этика және эстетика 
мәселелерін қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. «Ізгі қала 
тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету туралы» трактаттарында ол 
адам қоғамының шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, 
әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Ол, ең әуелі өзі өмір сүріп 
отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымының өмір сүру 
ортасы ретінде қала халқын алады. Қалаларды жік-жікке бөле келіп, ол кемел 
де үлгілі құрылым ретінде «Ізгі қаланы» таңдайды, оған жақын келетін және 
тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын «қажеттілік 
қаласы» деп қарайды. Фараби әрі қарай «алыс-беріс қаласы» (саудагерлер 
мен алыпсатарлар мекені), «бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын» (ұры-
қарылар, арамтамақтар мекені) бөліп ажыратады. 
Ізгі мемлекет (қала) туралы ілімін жасауда Фараби Платонға еліктеп, 
мемлекетті әрбір мүшелері белгілі қызметті атқаратын адам тәніне ұқсас етіп 
қарастырады. Осыған сәйкес ізгі мемлекеттегі феодалдық құрылыс 
суреттеледі. Идеалистік 
түрде жақауратып 
айтылғанмен, Фараби 
топшылауында адамдар арасындағы теңсіздік, артық-кемшілік анық сезіледі. 
Мысалы, халық – мемлекеттің жүрегі саналғанымен, олар да күнкөріс 
қамын, харекетін жасауға, ойлауға мәжбүр (ішіп-жеу, үйлену-жайлану, т.б.). 
Фараби мұндай теңсіздікті, әділетсіздікті жоюдың бірден-бір жолы 
ағартушылық, адамгершілік тәрбиесін күшейту деп қорытады. Феодалдық 
әділетсіздік езгі мен зорлық-зомбылық өріс алып тұрған, ауыр заманның 
өзінде-ақ, ол зорлықсыз, қанаусыз әділ қоғам болуы мүмкін деген батыл 
утопиялық (қияли) болжам жасайды. Фараби ондай ізгі мемлекеттің тууы, 
ең алдымен, мемлекет басшысына, оның ақыл-парасатына, ғұламалығына, 


10 
талантына, тәрбиесіне тікелей тәуелді деп қорытынды жасайды (ағартушы-
философ әкім идеясы). Кемеңгер ойшылдың бұл пікірін түгелдей теріс деп 
айтуға болмайды. Фарабидің этникалық көзқарастарында көркемдік, 
сұлулық жайында: "Көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиеті, ол 
болмыста нақты түрде бар құбылыстардың әлеуметтік өмірдің көкейдегі 
елесі" (Фараби "Бақыт жолына сілтеу",- дейді. Көркемдік адамның денесі мен 
рухани жан дүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі 
деп санайды. Фараби "Бақыт жолына сілтеу" атты трактатында бақытқа
жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Оған жету үшін адам 
өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс екен, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені 
танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет