Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
Өзін тексеру сұрақтары: 

М. Шоқайдың "Біртұтас Түркістан" идеясын талдаңыз 

М. Шоқайдың саяси-әлеуметтік көзқарасын сипаттаңыз 

М. Шоқай – ағартушы саясаткер, демократ айқындаңыз 

М. Шоқайдың эмиграциялық күрескер нақтылаңыз
• М. Шоқай және тоталитарлық саяси жүйе сараптаңыз 
Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

М. Шоқай және 
 э
миграциялық саяси күрес дәлелдеңіз 

М. Шоқай түрікшілдігі ашып көрсетіңіз 

М. Шоқай және большевиктік идеология қалай түсінесіз

М. Шоқай кеңестік билік сипаттаңыз

М. Шоқай және «Түркістан легионы» байланысын көрсетіңіз


181 
---------------------------------------------------------------------------------- 
6.3. Міржақып Дулатов «Оян қазақ» саяси-әлеметтік көзқарасы 
 
Міржақып Дулатов (1885-1935)
1885 жылы 25 қараша бұрынғы 
Торғай обылысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі 
Жангелдин ауданында,Қызбел ауылында туған. Әкесі Дулат әжептеуір 
ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы 
бар,тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі 
мұсылманша,содан соң орысша оқытып,заң қызыметіне бейімдеп үлгерген 
Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен ә дегенде ауыл молдасына 
береді.Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел солай атап кеткен) өз 
айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі 
оны молдадан шығарып алып,ауылдық мектепке орысша оқытатын Мұқан 
Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді. 
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді»,-дейтін Жақаңның 
тағы бір сөзі оның өнер-білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті 
ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса 
керек. Екі жасында шешеден,он екі жасында әкеден жетім калған жас 
өспірімнің бұдан былайғы тәрбие қамқорлығы Асқар ағасының мойнында 
қалады.1897 жылы ол Торғай қаласындағы екі класстық орыс-қазақ 
мектебіне түседі де, бес жыл оқып,1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп 
шығады.Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала 
оқытады.Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс 
алған 
белсенді,әлеуметтік,саяси,шығармашылық 
қызыметі,міне,осы 
кездерден басталады. Міржақып туралы сөз қозғағанда,біздің де жітірек 
ойланып,оның өмір жолына үңіле қарайтын тұсымыз осы. 
Бұл қай кез еді? Уақыт жағынан алсақ,талай халықтардың үстінен небір 
сұрапыл дауылдарды соқтырып өткен ХХ ғасырдың басы. Ал қазақ 
қауымының хал-жағдайына орайластыра ой жіберсек,бұл кезең даланың 
денесіне жан бітіп,қимылға келе бастаған кезі. Өкметтік-саяси жағынан 
алғанда, бұл кезең патшалықтың қазақ даласында отаршылдықты күрт 
күшейтіп,шаруашылық жағдайы онсызда оңала алмай жүрген панасыз елге 
тізесін батыра түскен жылдар еді. Өткен ғасырдың аяқ кезіндегі аты шулы 
стальин заңынан кейін басыбайлы құлдықтан босатылған орыс шарауалары 


182 
қазақ өлкесіне көшіріліп,патша әкімшілігінің зорлығымен жергілікті 
халықтың оты-суы мол,ең шұрайлы жерлері жаңа қоныстанушыларға тартып 
әперілген. 
Бұл жағдай сол кезде көзі ашылып,ұлттық сана-сезімдері оянып,туған 
халқының өмірін ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау 
салды.Олар адамзаттың тарихи көшінен қаға беріс қалып,марғау жатқан 
елдің тығырықтан шығар жерін іздестіріп шарқ ұрды.Сол қапастан 
құтылудың ең бірінші қамы-іргелі елдің қатарына қосылып,өнер-білімге 
тартылу деп білген олар өздерінен бұрын өткен ағартушы ағаларының 
дәстүрін жалғастырып,қалың бұқара арасында осы бағытта насихат жұмысын 
өрістетті. Алғашында осындай таза ағартушылық сарында туындап,кейін 
саяси сипат ала бастаған бұл қозғалыс ғасырдың бас кезінде патшалықтың 
саяси дағдарысқа ұшырауы,елдің әртүрлі ұлттық аймақтарында,әсіресе біздің 
түркі 
тілдес 
ағайындардың 
арасында 
ұлт-азаттық, 
либералдық-
демократиялық сарындағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық 
әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсете бастаған. 
Міне, осындай тарихи ахуалда ел ішінде жас ұрпаққа білім ұрығын сеуіп 
жүрген Міржақып сияқты көңілі сергек,көкірегі ояу жас мұғалім халықтың 
тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік мәселелерден оқшауланып 
самарқау қала алмағаны, әрине, заңды еді. Қалың қазақы ортадан 
шығып,айналасы- жылдың ішінде уездік мектептен дүниелік пәндердіңң 
негізі жөнінде жалпылама ғана мағлұмат алып шыққан жас жігіттің 
болашақта үлкен білімдар болып шығуы үшін және заманның аяқ алысын 
аңғарып,соған қарай қарекет жасайтын қайраткер болып қалыптасуы 
үшін,өзгені былай қойғанда,мынадай екі қасиет қажет сияқты болып 
көрінеді. Біріншісі-мектептен алған білімдік-танымдық мағлұматтарды 
өздігінен оқу арқылы жүйеге келтіріп жетілдіру және екіншісі-сол білгенін ел 
өмірімен 
салыстырып,оның 
тілек-талабына 
бағындыра 
біліп,соған 
орайластыра іс-қимыл жасауға бейімделу.Жасы жиырмаға толмаған балаң 
жігіттің бойында осы екі қасиеттің екеуі де бар еді.Оның үстіне,іздену 
үстінде түйгенін де, күн сайын көзі көре жүріп,өзгеге айтқысы келген әсерін 
де жұрт көңіліне қонымды өлең шумақтарымен жеткізе алатын,табиғаттың 
бағалы сыйындай ақындық дарын да жігіт бойынан белгі бере бастап еді. 
Сол кездің өзінде Міржақып осынау тың сонарда алдынан із салып 
кеткен Ахмет ағасының есімін де еміс-еміс естіп жүретін.Өйткені жақсының 
аты әрбір қыр асқан сайын өсіп зорайып отыратын қазақ даласында осы 
өңірдің өз түлегі, кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қарқаралы 
жақты дүбірлеткен атақ-даңқы Торғай табанында да жаңғыртып жатпауы 
мүмкін емес еді. Ыстық көңілге соны нысана етті ме әлде қалың өмірдің 
қайнаған ортасын аңсады ма, қалай болғанда да Міржақып алыс та ұзақ 
сапарға аттанып, сол кезде Арқадағы қазақ оқығандарының бас қосатын бір 
орталығы-Омбы қаласына тартады. 
Бұл, жаңағы айтқанымыздай,Россиядағы буржуазиялық-демократиялық 
бірінші революцияның қарсаңында ел іші дүрлігіп, қоғамдық қозғалыс 
қазандай қайнап,бұрқырап тұрған шақ болатын. 


183 
Соның дүмпуімен қазақ даласында да жұртшылық пікірі ел тағдырына 
байланысты ірі-ірі әлеуметтік мәселелер деңгейіне көтеріліп жалпы 
көпшіліктің санасына орныға бастаған.Қарқаралыға алғаш келгенде уездік 
мектептің мұғалімдігінен бастап,аз жыл ішінде қалалық училищенің жетекші 
ұстазына айналған Ахаң бұл кезде бүкіл қыр еліне әлеуметтік қозғалыстың 
беделді басшысы ретінде танылып қалған болатын. 
Кемеңгер ұстаз бен зейінді шәкіттің бірін бірі іштей ұғысуы ма әлде ұзақ 
жорықтарда қол бастаған қас батырмен қатерлі жолға бас байлаған қаһарман 
ұланның семсер серттесуі ме, қалай болғанда да,бұдан былайғы бүкіл 
өмірлерін бір мақсаттың тәуекеліне тігіп,ақтық демдері біткенше жұп жазбай 
өткен екі есіл ердің алғаш рет жүздесіп,кездескен жері осы Омбы қаласы 
болып еді.Олардың бір-бірімен табысу,түсінісу,сырласу сұхбаттарының қай 
мазмұнда, қай бағытта өткенін анық білмесек те,нәтиженің қалай болғанын 
дәлелдейтін дерек-дәл сол Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан 
Қарқаралыға беттейді.
Осында әуелі астыртын жұмыстан басталып,кейін жария сипат алған 
революциялық жұмысқа белсене араласады.«Революциялық» деген сөзді біз 
бұл жерде қателесіп немесе кездейсоқ айтып отырғанымыз жоқ. 
Міржақыптың Ахмет Байтұрсынов туралы жазған өмірбаяндық 
очеркінен алып отырмыз. «ХХ ғасырдың бас кезінде Қарқаралыда тұрған 
Ахмет Байтұрсынов революциялық қозғалыстарға қатысады әуелгі кезде 
астыртын жұмыс істеп, соңынан,1905 жылы 17 октябрьдегі манифест 
жарияланғаннан 
кейін,қазақ 
бұқарасының 
көрнекті 
де 
белсенді 
басшыларының бірі болады».Бұл-осы оқиғалардың қалың ортасында жүрген 
Міржақып сөзі. Енді осы қозғалыстың мәнін ашып көрсету үшін сол 
А.Байтұрсынов турасында 1922 жылы жазылған М.Әуезовтің мақаласына 
жүгінейік: «1905 жылы Қарқаралыға Ахаң менен біраз оқығандар бас 
қосып, үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз,тілек) жіберген.Ол 
петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші-жер мәселесі. Қазақтың жерін 
алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұрады. Екінші-қазақ жеріне 
земство беруді сұраған. Үшінші-отаршылдықтың орыс қылмақ саясатынан 
құтылу үшін,ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында 
болғандықтан, қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы 
тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының 
дертті мәселелері осы болғандықтан, Ахаң бастаған іске қыр қазағының 
ішінде тілеулес кісілер көп шыққан,көпшіліктің оянуына себепші болған». 
Ендеше, сол «Ахаңдар» деген ұғымның ішінде жалынды сөзімен,жастық 
жігерімен жұртты елең еткізетін айтқыш жігіт Міржақып та жүргенін біз күні 
бүгін көз алдымызға айқын елестете аламыз. 
Міржақып Дулатовтың Творчестволық мұрасы жөніндегі Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитеті Комиссиясының қорытындысында 
келтірілген: «1905 жылреволюциялық оқиғалар тұсында ол Қарқаралыда 
шеруге қатысқандар қатарында болады» деген мағұлматты да біз осы 
тұрғыдан түсінеміз. Осындай қызу қимылмен көзге түскен жиырмадағы жас 
жігіт осы сапарында қазақ Конституциялық – демократиялық партиясының 


184 
Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы 
Петербургке барады. Кеше ғана Торғай топырағынан аттанған ауыл 
мұғалімінің әлеуметтік-саяси көзқарастарының қалыптасуына, ой-өрісінің 
кеңейіп, ішкі сенімдерінің беки түсуінің бұл сапардың шешуші маңызы 
болғаны, әрине түсінікті. Саяси күрескерліктің алғашқы сабақтарын Омбы 
мен Қарқаралыда Ә. Бөкейханов мен А. Байтұрсынов мектебінен алынған 
Міржақып астанаға барғанда одан әрі кеңейтіп, пысықтай түседі. Сол 
замандағы ұлттық, демократиялық қозғалыстың, басқа да бірсыпыра 
қайраткерлерімен жүздесіп, танысады. 1907 жылы Петербургте шыққын 
«Серке» шыққан Міржақыптың «Жастарға» деген өленінің басылу сырында 
да осындай сабақтастық қисын бар еді. Ал осы газеттің жарық көре алмай 
кеткен екінші санында Дулатов қаламынан туғын « Біздің мақтанышымыз» 
атты басмақала бар екен. Газеттің шықпай жатып тұнщықтырылуына басты 
бір себеп те осы мақала болса керек.
Өйткені осыдан екі жыл кейін жарық көрген «Оян, қазақ!» атты өлеңдер 
жинағы конфескеленіп, автор патшалықтың қызметкерлерінің тағатын негізгі 
кінәсінің өзі – сол Петербургкте тұтқындалған газет мақаласының идеяларын 
әрі қарай уағызындығы деп көрсетілген. Демек, айтылмыш мақаланы сол 
кездегі қазақ қауымында калыптасып келе жатқан қоғамдақ ой пікірдің, қазақ 
даласында анық бой көрсеткен әлеуметтік қозғалыстың көрінісі деп жоруға 
болатын сияқты. Патшалықтың әкімшіліктің зәресі кетіп, үріккені де сол 
болуы керек.
Міржақып Петербург сапарынан туған Торғайында белсенді қайраткер, 
саяси күрескер ғана емес, сонымен қатар шабытты ақын да болып оралды. 
Сонау мектептегі шәкірт кезінде әредік ойына оралып кететін ұйқасты 
ырғақтарға қанщама мән бермей жүрсе де, одан берігіректе ауыл мұғалімі 
болған кезінде сабақ арасында оймен қалған оңашалықта сүйкей салған 
шумақтарды болашағым осы болар-ау деп ещқашан ойламаса да, мына 
сапардан кейін, өз өлеңі «Петерболда тасқа басылып» газет бетіне шыққанын 
көргенін айтсам-ау деп көкейін тесіп жүрген бір ойын жастарға өлең арқылы 
тәп-тәуір етіп жеткізе алғанын сезігінде, ол өз бойындағы дарын нышанына 
мүлде басқаша қарайтын болады. Енді ол бүгінгідей шабытқа беріледі. 
Ойына түйген жайларды, айналасындағы ел-жұртына айтар сөзін ол дереу 
өлең жолдарына өріп, қағазға түсіре бастайды. Сөйтіп, біріне бірін 
жалғастыра, жеделдете жазып, әр түрлі ішінде әжептеуір жүгін айқын 
түсінген ақын дереу Уфа қаласындағы «Шәрк» баспасынан « Оян, қазақ!» 
деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады.
Дәл сол жылы қазақ халқының өз тілінде, оның болашақтағы бүкіл 
интелектуалдық 
қабілетінің 
жаршысындай, 
көркемдік 
ойлау 
мүмкіндіктерінің алғашқы қарлығаштарындай болып үш бірдей өлең 
кітабының баспа жүзінде жарық көруі біздің рухани-мәдени өміріміздің 
болашағы үшін тарихи оқиға болғанын осы тұста ерекше атап көрсеткіміз 
келеді. Олардың біріншісі - 1909 жылы Петербургтен Кәкітай бастырып 
шығарған Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Екіншісі – Крылов 
шығармаларынан жедел аударып, тағы сол Петербургтен бастырып шығарған 


185 
Ахмет Байтұрсыновтың «40 мысалы». Үшіншісі – өзіміз сөз қылып отырған 
Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ». Бірақ бұл кітап жас авторға халық 
арасында абырой- беделмен бірге патша әкімдерінің тарапынан қуғын-
сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу орындарының бақылауына алынды. 
Ақыры ол туған жерден тайғақтап, өзі көрген Омбы жаққа, Ақмола 
облысындағы Қызылжар қаласына қарай жылыстап кетеді. Осының артынша 
«Оян, қазақ» та кәмпескеленеді.
Қызылжарға барғаннан кейін бақылауда жүрген Міржақыптың ресми 
орындарда белсене жұмыс істеуіне мүмкіндігі болмайды. Сот кеңесінде там-
тұмдап, тілмаштық қызмет атқарады екен. Жеке адамдарға жалданып, 
мұғалімдік қызметін жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінде сабақ 
береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алса керек.
Революция толқыны күшпен басылып, ел ішін реакцияның қара түтіні 
қайта торлаған кезде, әрбір қадамы санаулы болған саяси сенімсіз жігіт басқа 
қоғамдық қаракетке бара алмай, көбнесе шығармашылықққа шоғырланады. 
Тынымсыз ізденіс үстінде тың соналарға ұмтылып, қолға қалам сілтейді. 
Поэзияда қаламы төселіп қалған автор, енді жаңа бір шабытпен проза 
саласында, күрделі жанрды күш сынап көрмекші болады. Ол дереу жазуға 
кіріседі. Айтқандай-ақ шығарма тез жазылады да, дәл сол 1910 жылы 
Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» деген атпен басылып 
шығады.
Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман осылай дүниеге келеді.
Ақынның алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған 
өлеңдерінің негізгі мазмұны “Оян, қазақ!” деген атынан-ақ көрініп тұр. 
Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық 
беташарға түгел сыйғызылған: 
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп, 
Қазағым, енді жату жарамас-ты. 
Патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер-білімінен мақұрым қалуы, 
тұрмыс күйінің күйзелісі, тағы-тағы неше түрлі қасірет атаулы осы төрт 
жолға толық сыйғызылған. 
Жинақтың қара сөзбен жазылған шағын кіріспесінен кейінгі “Қазақ 
халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі”деген өлеңінде халықтың басындағы 
ауыр жағдайды айта келіп, оның тағдырын ойлап толғану, оның елдік 
мүддесіне қызмет ету әрбір саналы азаматтың ең бірінші борышы екенін 
ақын былай деп түйіндейді: 
Адасып қараңғыда сорлы қазақ, 
Ай тумай, күні һәм шықпай, тұр таң атпай? 
Сөндірмей жанған өртті көрген адам, 
Қалайша түру мүмкін жанға батпай?! 
Содан кейінгі “Қазақ халқының бұрынғы мағишаты”, “Қазақ жерлері” 
сияқты өлеңдерінде ақын халқымыздың әрегіректе өз бетімен емін-еркін 
көшіп-қонып жүрген заманын еске алады, оның елдік салтын, жақсы 


186 
дәстүрлерін жырға қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет