199
ҚОРТЫНДЫ
--------------------------------------------------------------------------------------------
Ұсынылып отырған «Әл-Фараби және ұлы дала ойшылдары» атты оқу
құралы ұлы дала өркениетінде өмір сүрген
ұлы ғұламалардың саяси-
әлеуметтік, философиялық көзқарастары жан-жақты қарастырылған. Қолда
бар материалдарға сүйене отырып, дала ойшылдарының ғылым мен өнердегі
қол жеткізген табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке
түсінікті түрде таныту болып отыр. Онда әл-Фарабиден бастап, Ж. Баласағұн,
М. Қашқари, Қ.А. Яссауи, сынды білімі дария, өресі ең жайлау, өз
заманындағы ілім-білімді жете игеріп, ілгері апарған ұлы тұлғалар адамзат
өркениетінің жарық жұлдыздары. Олардың
қоғамдық-әлеуметтік ойлары,
ғылыми зерттеулері мен тұжырымдары түрік тектес елдердің танымның
таусылмайтын тұнық көздеріне бастайтын күретамыр арналар. Жалпы,
қазақ ақын жырауларының шығармалары, терең мағыналы философиялық
ойларға
толы,
ақын-жыраулардың
шығармалары
төл
рухани
мұраларымыздың бай қазынасы болып табылады.
Қазақ ақын-жырауларының шығармаларында әлеуметтік философиялық
өзіндік рухани үндестік бар екендігі анық. Түйіндеп айтар болсақ,
ақындардың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы, ойлары қазақ
халқының қоғамдық сана-сезімінің қалыптасуына, қоғамдық ойдың дамуына,
кейінгі ұрпақты ұлтжанды рухта тәрбиелеуге заманының адал перзенттерді,
халықтың
тілеуін тілеген, ел іргесінің шайқалмай, бірлікке ұюын, рухани
қазынасын көздің қарашығындай сақтауды үндеген көкірегі ояу шерлі
азаматтарды тәрбиелеу еді. Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ ағартушылығы
ойының классикалық үлгісін жасаған болса,
олардың ізбасары ретінде
Шәкәрім Абай салған жол арқылы қазақ ойын өзіндік ұлттық
ерекшеліктерімен таза кәсіби философия дәрежесіне көтере білді.
Бүгінде Шәкәрім қалыптастырған төл кәсіби философия дәстүрі
Шәкәрімнен кейін де жалғаса түсіп, өз үндестігін тауып отыр. Оның
ізбасарлары, яғни Қазақстан философтары биік кәсіби, ғылыми дәрежедегі
жоғарыдан көрініп, ұлттық философиямыздың дәстүрлі ерекшелігін сақтай
отырып, әрі қарай дамуына үлкен зерделі ізденістер жасау әрекетінде. Бұл
бастама өз қолдауын табады деген ойдамыз. Себебі ұлттық философиямыз
тұғырын биік көтеру, ғылыми-философиялық
тілімізді қалыптастыру,
адамзат құндылықтарымен өркениетті мәдениет қатарына қосу, оны
мақұлдату иісі қазақ жұрты философ ғалымдарының аңсары мен арманы, ар-
ұжданы, қасиетті қарызы мен парызы әрі намысы емес пе?!
Қазақ халқы өзінің қазақтығын сақтап қалуы қиын кезеңдерден
құралған үлкен күреске толы болды. Сол күресте зиялы қауымның алар
орны бір төбе биік. «Алашорда» үкіметінің пайда болуымен тәуелсіз
мемлекет атануға бір табан жақындағандай болып көрінген едік, алайда
Кеңес үкіметінің қазақ халқы жайлы ойлаған жоспары басқаша болған екен.
«Алашорда» дербес мемлекет ретінде өмір сүріп
кете алады деген
пікір кейбіреулерде осы күнге дейін күмән келтіріп отыр. Алайда мемлекет
200
жас болса да, өзінің таңдаған бағыты бар, көшті артынан ілестірер
басшыларының барымен сол пікірлерді жоққа шығарады. Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М. Дулатов сынды арыстар елдің болашағын толық
қамтамасыз етер еді. «Алашорданың» заңдары 10 баптан құралып, дін, оқу
ағарту ісі мемлекеттік басқару, жер мәселелері
жайлы өзекті салалардың
барлығын қамтыған еді. Алаш арыстандары ең алдымен мемлекеттік дәстүрді
қалыптастырды. Қазақтарды басқалар сияқты тәуелсіз, еркін ұлт болып өмір
сүруге талпындырды. Екіншіден, оқуға деген ықыласымызды арттырды.
Саяси, мемлекет қайраткері деген ұғымдарды санамызда жаңғыртты. Соның
нәтижесінде қазақ жастары ілім қуып, үлкен шығармашылық биікке
көтерілді. Мәселен, Ғалел Ғаббасұлы, Әлімхан Ермекұлы, Жүсіпбек
Аймауытұлы сияқты жас азаматтар мемлекет басқарып,
өз еркімен саяси
өзгерістерге қарсы тұра алатын дәрежеге жетті.
Қазақтың ХХ ғ. басындағы көрнекті саяси қайраткерлерінің қоғамда
алатын орны ерекше, солардың бірі - М. Шоқай. М. Шоқайдың азаттық
жолындағы күресінің басты мақсаты Түркі тектес халықтардың өзіндік
негізін сақтау болатын. Алайда ұзақ жылдар бойы Түркістан халықтарының
бірлігі мен тәуелсіздігі жолындағы күресі тарихында өз орны бар, оның
рухани көсемі бола білген М. Шоқай да ұрпақтар жадында ұмытылмайды.
Жалпы қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға
белсене араласқан алаштықтар ұлт-азаттық күрестерді
қолдаушы, ұлттық
ояну мен жаңғыру идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, өздерінің
еңбектері арқылы халқын ағартушылыққа шақырған қайраткерлер ретінде
таныла білді.
Дүниежүзілік қауымдастықтың өзінің белгілі бір сапалық деңгейі бар.
Алаш зиялыларының басқа мемлекеттік тұлғалардан артықшылығы олар
саяси астарлы түрде биік сапалық деңгейге көтерілді. Мемлекет құрылу үшін
екі жүзден астам тетік қажет болса, соның барлығын да алаштықтар жүзеге
асырды. Алаш арыстары сондықтан да бірнеше салада еңбек етіп, тұтас бір
институттың қызметін атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: