Өзін тексеру сұрақтары:
•
А.Байтұсыновтың философиялық ой пікірлері мен ұстанған
бағыт –бағдарын нақтылаңыз
•
А. Байтұсыновтың өскен ортасы мен саяси қызметін сипаттаңыз
•
А. Байтұрсыновтың саяси көзқарастарының қалыптасуын түсіндіріз
•
А. Байтұрсыновтың шығармашылығының философиялық негіздері
•
А. Байтұрсынов қазақ мәдениетін, ұлттық өнерін өркендетуге қосқан
үлесін көрсетіңіз
Өзіндік жұмыс сұрақтары:
•
А. Байтұрсынов ғалым –педагог қоғам қайраткері дәлелдеңіз
•
Қазақ қоғамындағы зиялы қауым өкілдерінің қалыптасуын сипттаңыз
•
А. Байтұрсынов «Қазақ газетін» негізін қалаушы айқындаңыз
•
А.Байтұрсынов ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі нақтылаңыз
•
Кеңестік билік кезеңінде қазақ жерінде орын алған қоғамдық-саяси
өзгерістерді сараптаңыз
193
----------------------------------------------------------------------------------------------------
6.5. Ж. Аймауытов мәдени саяси-әлеуметтік көзқарасы
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931ж).
Ол аз ғана өмір сүрді. Сонда да
көп нәрсені бастап, руханилық мазмұнының жаңа беттерін аша білді.
Жазушыны халқына алғаш танытқан ғалым Серік Қирабаев былай дейді: "Екі
заман шекарасында туған халқының ақылы, ойы, ары, баскөтерері болып,
оның қамы үшін, тағдыры мен болашағы үшін бастарын тауға да, тасқа да
соғып, ақыры бір кездерде біздің елді жайлаған зорлық зомбылық дертінің
құрбаны болып кеткен арыстарымыздың қатарында Жүсіпбек Аймауытов та
бар. Жалпы көпшілік ұмыта бастаған, тек есімдері мен істері бірен саран көзі
ашық зиялылардың ғана есінде қалған тұста, олардың біртіндеп емес, топ-
тобымен ел ортасына қайтып оралуы елі мен ерін білмейтін азаматтық ойы
бар жандарды қалай тебірентпес!"
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар
уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында өмірге келген.
Жастайынан білімге құштар болып, алдымен ауылдағы молдадан, кейін
Баянауылда, содан соң қалада дәріс алған. 1914 жылы Семей қаласындағы
мұғалімдер семинариясына түседі де, оны 1919 жылы бітіріп шығады.
Сауатты жас азамат ХХ ғасырдың басында үлкен-үлкен саяси-экономикалық
өзгерістер мен төңкерістерді тек газет бетінен оқып қоймай, оларға тікелей
қатысады. Алашорда мүдделеріне ортақтасты, кейін коммунистік партия
қатарына өтіп, түрлі лауазымды қызметтерді де атқарғаны бар. Халықтың
өркендеуін жеделтуге қатысқысы келді, өзі байқаған дағдарыстардан шығу
жолдарын да іздейді. Елеулі екі романы - "Қартқожа" мен "Ақбілегі" оған куә
бола алады. Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсіпбекті біз қазақ
философиялық ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз.
Оның шығармашылық мұрасы-философиялық толғауы терең рухани
қазынамыз: қазақ болмысы, ұлт аралық қатынастар, дала шаруасының
санасы, әйел теңдігі, адамгершілік нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі
кезеңдегі билік нысаны сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем әдебиет
құралы мен тілі арқылы сөз болды, өзіндік шешім тапты. Ал "Психология"
аталатын оқулығы осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.
194
Біздің кешегі кеңес мемлекеті кезіндегі ойлау таптауырынына салып,
Жүсіпбектің қоғамдық-саяси көзқарастарын, дүниетанымын аяғына дейін
түсініп білу қиын. Өйткені оның арнайы жазған философиялық шығармалар
жоқ. Ал енді романдарын, повестерін, пьесаларын, сын мақалаларын қарасақ
онда көтерген мәселелері, кейіпкерлерінің өмірі мен жүріс-тұрысы, ойлау
желісі, қоғамдық әрекеттері тұнып тұрған философия деуге болады.
Ағартушылықты өзінің ұраны қылып алған Жүсіпбек жаңа рухта жас ұрпақ
тәбиелеуге, адамгершілік, жақсы мінез-құлық қалыптастыру қажеттіктерін
тек қана тәжірбиеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерде теориялық
тұрғыдан да терең зерттеген.
Жүсіпбек Аймауытовтың қызметі жан-жақты: үлкен роман жазған
прозашы, әр түрлі пьесалар жазған драматург, аудармашы, публицист.
Шығармашылық өнердің қай саласында да жемісті еңбек ете білді. Біздің
зерттеп отырған мәселеміз оның қоғамдық саяси ойлары мен гуманизмі
болғандықтан, ойшылдың әр түрлі жанрларды жазған еңбектерін талқылап,
онда Жүсіпбектің көрсетілген бағыттағы ойларын топшылап, оның дүниеге
көзқарасын, ағартушылық ойлау жүйесін айқындай түсеміз.
Адам мәселесінің өзегі, Жүсіпбек Аймауытовтың көзқарасы бойынша,
мәдениет, оқу білім, тәрбиеге келіп тіреледі. Бірақ адамда руханилық пен
адамгершілік жетіспесе, қандай жетістіктерде рахат пен ләззат әкелмейтінің
ол былай көрсеткен: "Бұрын адам хайуан қалпында жүргенде тамаққа
таласып, қандай алысып, жұлысса, бұл күнде жетіліп, мәдениетті болған
адамды сол халден ұзап шыға алмай отыр. Мәдениеттің ілгері басқышындағы
халықтар ғылымының жемісін зорлық, зомбылық, қиянат, озбырлыққа
жұмсап отыр".
Қазақ елінің ерекшелігімен болмысын жете түсінген Жүсіпбек:
"Европаға еліктей бермей, өз бетімізді, жұрттығымыздың белгісін
көрсеткеннен не кемдік табылады? Қаза тексере берсек, европаның өнеге
қылуға жарамайтын жерлері де бар", - дейді. Әрине, батыс мәдениетінің
қазақ халқына мүлдем керексіз демейді, оны да игеру керек, бірақ соған
беріліп, соның жетегінде кетіп, өз ұлттық нақыштарын жоғалтып алмауға
меңзейді. "Қазақ- мәдениеті жөнінде ерте туып, кеш қалған халық. Кенже
қалғанымызды, әрине, көп зиялылар: жер, тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық,
партия, өтірік, мақтанушылық - міне, бізді ілгері бастырмаған осы сияқты
себептер", - деп жазды ол.
Ғылым-білімге дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие
беруді кәсіби мамандығы санаған қаламгер өз шығармаларында осы
мәселелерге де көп көңіл бөліпті. Жазушының мына сөздерінде көп мән
жатыр: "Өнер ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады.
Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де байлық керек, -
дейді ол. - Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу- өгізбен жарысып бәйге ал деген
сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз байлық баянсыз
болмақ: былай болған соң, ғылым мен байлық екеуі де керек; ғылым білімге
қанады. Ғылымсыз білім сыңаржық: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз
білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын
195
не? Ол - тәрбие". Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы,
жұмсалмауы тәрбиеге байланнысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін
адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін.
Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол
білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды..." Міне,
осындай-ізгі ойларға жетелейтін Жүсекеннің "Тәрбиеге жетекші" (Орынбор,
1926 ж.) "Психология" (Ташкент 1927 ж.),"Жан жүйесі және өнер таңдау"
(Москва, 1929 ж.), "Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістер" (Қызылорда
1929 ж.) секілді оқулықтар жазуы тегін емес. Педагогикалық көзқарастары
адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімінен басталады. Өзінің
"Тәрбие"
деген
мақалаларында
Жүсіпбек,
адамның
хайуаннан
айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырп, адам ойындағы тынымсыз
мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды
жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы
керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі
құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазды:
"Алғашқы екі ғасырдың афинияндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт
болған, неге? Данышпан Солоның жасаған ережесі мен тәрбиеленгендіктен.
Рум халқын атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан қылған
кім? Аристотельдің тәрбиесі. Неронды залым қылған кім? Философ
Сенеканын қате тәрбиесі".
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігер мен
ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: "Адамдық көзбен тереңнен
тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның
денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын мінезін, жанын
сауықтырады", - дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеруге
қажеттігін жете түсініп: "тәрбиешіге отанның келешек өмірін тапсыруға
болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе- отанның күзетшісі,
қорғаны", -деп атап өтеді.
Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру
процесін сол халықтың мінез-құлқы мен тұрмыс-салтын әдет-ғұрпын еске ала
отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөлді.
Жүсіпбек ағаның біздің ұрпақтарға қалдырған бай мұраларымен
танысқанда бірден көзге түсетін ерекшелік-автордың адам психологиясын
жете әрі терең білу. Ендеше, оның "Психология" кітабының арқалаған жүгі
ауыр. Осы пәннің қазақ тілінде жазылған оқулығы да осы. Жүсіпбек
Аймауытовтың психологияны зерттеп, көрген мәселелері-одан басқа қазақ
топырағында ешкім көрмеген мәселе. Осы мәселелердің баяндалуынан
қазақтың психолог мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау таппайды.
Бұл бағыттағы еңбегін тереңдете түскен "Жан жүйесі және өнер таңдау"
деген кітабы оның осы салада ізденістерінің қорытындысы іспетті. Соңғы
кездерде ғана Қазақстан қоғамдық ғылымында орын ала бастаған
социологиялық зерттеулер, анкета жургізу сияқты әдістерді Жүсіпбек сол
кездің өзінде-ақ өте шебер қолданған. Ал сарапкер тапқан сарабдал ойлардың
бір парасы төмендегендей: "Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге,
196
қызметке икем болып туады. Басқша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап,
ыңғай, қабілет,яки зеректік болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу
жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға...ыңғайланып жаралады...
Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз
басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек... қайғы сол: өз жолын шу
дегеннен тауып алатын адам сирек болды. Бас мақсатын біржола ұмытып,
әлеумет қызметіне түгел берілетін адам болуы мүмкін емес! Ондай адам
кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды. Біреу бойын тежеп,
бас мақсатын көбірек сағалайды. Айырма жалғыз осында... Қайткенде әрі
жеке адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта
әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? Әр адам табиғатына біткен
қабілетіне, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады".
Қазіргі қоғам қажеттіліктерін алып қарасақ та, азды-көпті қиыншылықтарға
шыдамай, ғылымнан, білім беру жүйесінен, денсаулық сақтаудан саудаға
кетіп жатқан маманндарды кездестіруге болады. Жүсіпбектің бұл ойлары осы
өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мәселелеріне де жақын екенін көреміз.
Барлық шығармашылығын жұмыр басты пенделердің жан дүниесін
зерттеуге арнаған Жүсіпбек өз кезеңіндегі қоғамдық қажеттіліктерді шешуге
келгенде, әр дәуірде өмір сүрген адамдар дүниетанымының әртүрлі
екендігіне тоқтала келіп, оған мынандай түсініктеме берді: "Бұрынғы
оқығандардардың алған тарбиесі,көрген-баққаны, Олардың тәрбиесі
надан,соқыр қазақтың ортасы еді. Көргені Николайдың төрелері еді.
Көксегені шен еді. Еткені тақтан қорыққаннан, не пайда табу үшін жасаған
қызмет еді. Олардың басынан кешіргені қараңғы тар замандар еді. Бұлай
болса, бәріне бірдей ақ жүрек болмадың деп, әділ қызмет болмадың деп кінә
қоюға да болмайды". Бұл тұжырымнан" әркім де өз уақытының перзенті"
деген көне қағида көлденеңдейді. "Жауқазын ерте көктеп шыққаныменен, ол
дағы қалыбынан аса алмайды" деген Абайлық пәлсапамен астасып жатыр.
Өйткені адамзат баласы қоғамның шылауында өседі емес пе... Адамның
рухына еркіндік беру керек. Егер рухы еркін болса, жан дүниесі бай болса,
адам құлдық психологиядан тез арылып кетуге мүмкіндік алады деп сенеді
Аймауытов. Ж.Аймауытовтың гуманистік тұрғыдағы ағартушылық
көзқарастары қоғамдағы әйел мәселесін де жан жақты зерттей
қарастыруынан анық байқалады. Себебі, ең жақсы кісілік қасиеттерінің
барлығы адам бойынан ананың ақ сүтімен дариды. Осы ойларын ол былай
түйіндеген еді: "Баланы бұзуға, түзеуге себеп болмайтын бір шар - жас
күнінде көрген өнеге, ол өнеге әке - шешесінің тәрбиесі болу керек. Ата -
ананың берген тәрбиесі - баланың мінезіне салған ірге. Жасынан сіңген
мінезді есейгенде жоғалту, басқа бір күшпен болмаса, болмайды. "Сүтпен
біткен мінез сүйекпен кетеді" деген сөз ата-атаның тәрбиесінің күштілігін
көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбие мен мінезді түзетуге болмайды деген емес.
Балаға қайырымдылықты, қатігездікті, кішіпейілділікті, астамшылдықты,
әділеттілікті,
әдепсіздікті,
шыдамсыздылықты,
күйгелектікті,
шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі".
197
"Ақбілек" романында бұл тақырыпты өзінше ашуға тырысты. Бас
кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс- бітімімі
мен, өзіндік табиғат тіршілігімен, яғни пендешілік қателіктерімен қаз-
қалпымен белгілейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ
офистердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі
күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап,
шебер береді. Романдағы барлық оқиға Ақбілектің айналасында өтеді және
оның ойы арқылы өрбиді.
Ж.Аймауытовтың қазақ қоғамының даму,өзгеру диалектикасын өте
жақсы түсінген. Идеологиялық қалыбы қанша қатты қысса да оған бой
бермей, ғылымды, әсіресе қоғамдық ғылымда, объективтілік керек екендігін
мойындаған. Өз замандасы М.Жұмабаевтың өлеңдерін "Ұлтшылдыққа"
теліген жақта араша түсіп, былай деді: "Мағжанның туып - өскен тәрбие
алған әлеуметі қазақ. Мағжан тұсындағы қазақтың әлеумет құрылысы қандай
еді? Ата-анаға ру-руға бөлініп, руды ақсақал, би, болыс, тілмаш билеген,
орыша айтсақ, "патриархат" құрылыс еді...
Жан-жағынан жау қысып, өзінің ішінен алауыздық шығып, қазақ
берекеден айырылып, орысқа қарады. Орысқа бағынғанымен де, қазақтың
бұрыңғы әлеуметтік қалпы өзгере қойған жоқ, әлі хандардың билердің, аталы
ауылдың тұқымы билейтін болды."
Сол кездегі қазақ қоғамының ерекшелігін түсіндіре келіп, Мағжанның
тап туралы, тап күресінің болашағы мен ерекшелігі туралы не себепті
өлеңдер мен мақалалар жазбайтындығы жөнінде былай деді "Әлеуметтік
құрылысы өзгереген жоқ: қазақтың кәсібі мал баққан, әлеуметі рубасыға
бағытталған жұртта тап жігі-байлар, кедейлер деген нәрсе анық болмайды.
Міне, Мағжанның туып өскен ортасы, ұяда көргенде осы". Сондықтан да,
идеологтар жасаңды түрде тапқа бөлгенімен Мағжан өмірді шындықты
жырлаған, көргенін, білгенін жырлаған ақын болған соң, өзі түсіне бермейтін
тақырыптарды қозғамағанын алғаш айтқан Жүсіпбек Аймауытов еді.
ХХ ғасырдың басында пайда бола бастаған ұлттық бостандық идеясы,
тәуелсіздік идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес идеясы, міне, осылай,
Жүсіпбек Аймауытовтың көрсеткендей дүниеге келді одан да әрі қарай қиын
да күрделі жағдайларда танып, жетіле бастады. Сол кездегі талпынып
талаптанып өсіп келе жатқан жас қазақ интеллегенциясының сана-сезімі мен
әлеуметтік саяси көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізген ықпалдарды
ол былай белгілейді: "Бір жағынан, үй іші әкеге, әлеумет рубасыға бағынған,
тапқа, жікке бөлінбеген, қазақ ішінде туып өскен болса, екінші татар
медресесінде оқып,түрікшелік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші
патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың
ұлтжандылық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші орыс
зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе,
бесінші батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық (идеализм),
дарашылдық школынан сабақ алса... Сөз жоқ, ұлтшыл, түрікшіл, санашыл,
дарашыл ақын болып шығуы керек".
198
Жазушының замандастарына берген бұл анықтамасы өте нақты,
ақиқатқа жақын. Себебі, оның өзінде де осы аталған көптеген қасиеттер бар,
ол да-сол ұғымның, сол орданың, сол заманның жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: |