Өзін тексеру сұрақтары:
•
М. Дулатов шығармашылығының рухани бастауларын қалай түсінесіз
•
М. Дулатов дүниетанымының қалыптасуының негіздерін түсіндіріңіз
•
М. Дулатовтың шығармашылығы мен қызметін салыстырмалы түрде
сипаттаңыз
•
М. Дулатовтың қазақ философиясында алатын орнын талдаңыз
•
М. Дулатовтың ағартушылық идеяларын айқындаңыз
Өзіндік жұмыс сұрақтары:
•
М. Дулатовтың Оян Қазақ еңбегінің философиялық аспектілерін
суреттеңіз
•
М. Дулатовтың патшаның отарлау саясатына қарсы күресін
сараптаңыз
•
М. Дулатов шығармаларының маңыздылығын ашып беріңіз
•
М. Дулатовтың «Оян Қазақ» еңбегін жазудың мақсатын сипаттаңыз
•
М. Дулатов саяси-әлеуметтік көзқарастарын нақтылаңыз
187
------------------------------------------------------------------------------
6.4. Ахмет Байтұрсынов
-
ұлағаты ұстаз, ғалым
Ахмет Байтұрсынов(1873-1938 ж.ж)
Адамзат бір ғасыр таусылып,жаңа
мыңжылдық басталар тұсты тым дегбірсіздене күткендей. Ол түсінікті де.
Қай межеден де қапы қалмастай боп, абайлап аттағанның айыбы жоқ.
Ондайда “Қайтпек керек?” дейтін сауал “Бұрынғылар қайткен екен?” деген
сауалға ұласады. Сонда төл тарихыңда қобалжыған көңіл алаңын толымды
жауаппен тойтара алатындай тұрлаулы тұлғалар табылғаны қандай ғанибет!
Құдайға шүкір,қазақ даласы қай заманда да ондай марқасқаларға кенде
болмапты. Солардың ішінде дәл осы ғасыр басындағы аңтарылыста жұртына
жоралылық көрсете алған қолбасшы топтың өмірі мен өнегесі біз үшін тым
қымбат. Өйткені ол ұрпақ пен бүгінгі ұрпақ, түптеп келгенде,бір арқанның
екі ұшын ұстап тұр. Ол – жиырмасыншы ғасыр деп аталатын қазіргі жер
басып жүрген ұрпақтардың барған сайын ширыға түскен шытырман
тіршілігінің арқауы.
Байтұрсынов ықыласы ауған қай салада да ең үлкен беделге ие болды.
Әдеби мұрамызды жазуда,зерттеуде,насихаттауда арғы-бергі айтулы
шығыстанушыларымен қатар тұрады. Өнер мен мәдениет теориясын
жасақтауда күллі түркі дүниесінде ең бірінші боп батыл қадамдарға бара
алды. Оның «Әдебиет танытқышы енді қаз тұра бастаған көбең әдебиет
түгіл,әлем мойындаған кемел әдебиеттің өзіне де көрік қоса алатын сүбелі
еңбек еді. Маса мен Қырық мысал өткелекте тұрған ұлт өмірінің ең зәру
мәселелеріне ең дәру жауаптар іздеді. Ол бұрын ұтқыр да өткір шешен сөзге
ғана құлақ асып қалған жұртшылыққа енді істің байыбына барып, мәселенің
мәйегін аршып, еліктіре сөйлеудің орнына ежіктей сөйлейтін шынайы көсем
сөздің үлгісін көресетіп берді. Ағарту ісінде көп мәселеде әлемдік
тәжірибеден алға оза әрекеттенді. Көп халықтарда енді талқылана бастаған
жәйттерге ол сонау ғасыр басында-ақ өз тұжырымын айтты. Кейінгі тәжірибе
оларды дұрысқа шығарды. Қазақ тілдің дамуына жер жаралып, су аққалы
бергі қалған қазақтың қосқан үлесі бір пара да, Байтұрсыновтың бір өзінің
сіңірген еңбегі бір пара. Сол арқылы түркітануға да көркеюіне үлес қосты.
Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш
граматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тіл
188
ашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар. Ұлттық тіл біліміне түпкілікті
Темір қазық болар мәңгілік үлестер. Кейде күллі бір ұлттың талай
ұрпағының қолынан келе бермейтін келелі істерді бір-ақ адамның
тындырғаны таңданбасқа болмайтын жәйт. Кейде, шіркін, сол сабаз қазір
тіріліп келсе ғой дейсің. Бізге ұят болғанымен, ең үлкен мәртебеге енді ие
боп, соны әлі дұрыстап игере алмай жатқан сорлы қазақ тілінің сауабына
бір қалар еді-ау деп ойлайсын. Бұл мәселедегі, бір кездегі өзі айтқан,
торғайға атып, шырғайға тигізіп, шырғайды атып,торғайға тигізіп жатқан
талай олқылықтарымызды, күйзелсе де, түзетіп, күйінсе де үйретіп берер еді-
ау деп армандайсың. Бір ғана «ш» дыбысы мен «ш» әрпіне қанықтыру үшін:
Мынау сорлы шал, бойына назар сал, сақал-шашы ай, қайраты шақ, баладан
ада, қарадан таза, ауқаты-шабақ, сусыны-шалап, аяқта-шарық, қатқан аш,
арық,шабақтан, шалаптан болсын ба қарық? –деп, әлеуметтік тұрмыстың
күллі бір эпопеясын көз алдыңа көлденең тартатын, тіл таныта отырып,
тіршілік танытатын әліппелері, «Бақ-бақ еткен текені қыс келгенде көрерміз,
батырсынға жігітті іс келгенде көрерміз», «Кісі бір көргенде-бұлан екі
көргенде-құлан, үш көргенде-адам», «Ексең егін, ішерсің тегін», «Түбі бірге
түтіспейді», «Ойнаңдар, ойлаңдар» деп жататын тіл ашарлар, шіркін, салт
өзгеріп, сана өзгеріп жатқан қазіргі заманда да көптен шықса ғой. Ахаңдар
қазір арамызда жүрсе, баяғы «Қызыләскер тілашары»сияқты«кәсіпшінің
тілашары», «Іскерлік тілашары», «Кеңсе тілашары», «Демократия
тілашары», «Әділет тілашары», «Тәуелсіздік тілашары», «Билік тілжұмсары»,
«Құқық әліппесі» қосылмасына, тіл тану құралдары тіршілік тану, заң
тану,адам тану қоғам тану құралдарына айналмасына кім кепіл? Сондай
мемлекеттік тілдің жолындағы талай психологиялық тосқауылдың өз-өзіне
аласталмасына кім кепіл? Ал осы ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов та
отбасында омалып қалған ана тілімізді жоқ-жігітін айтып, күні-түні зарлап,
қол қусырып қарап отырып алса, қазақ тілі мен ол туралы ғылымның әлі
күнге кіндігі кесілмей, шырылдаған шарана халде жатпасына кім кепіл? Егер
Ахмет Байтұрсынов осының бәрін сол кезде дүниеге әкелмек түгіл, әлі
ешкімнің қиялына да келе қоймаған ұлттық мемлекет орнап, сол жасап
берсін деп отырып алса, ұлттық мектеп, ұлттық баспасөз, ұлттық тіл тану, ел
тану, өнер тану,өзің өзі тану бүгінге дейін болар болмасына кім кепіл?
Ия Ахмет Байтұрсынов-ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып,
қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершінің бір өзі айналдырып
көріп, қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған
халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда
қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескермейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған
қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес.
Неліктен ол мұншалықты жанкештілікке барып жүр? Бұның жауабын оның
арман мен арпалысқа толы өмірінің ең шынайы інежіресі – өлеңдерінен
ізделікші.
Мақтағандықтан ба? Онда:«Әзірге қолдан келген осы барым, қомсынып,
қоңырайма, құрбыларым, бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық, күн қайда үздік
шығар топты жарып, бар болса сондай жүйрік, қызар деймін, естілсе
189
құлағыңа бүбір барып; әйтпесе, арық арық шауып оңдыра ма, жүргенде
қамыт басып, қажып-талып» , - деп қайғыра қаймығар ма еді?
Масаттанғандықтан ба? Өйтсе: «Қалтылдақ қайық мініп сепесі жоқ,
теңізде жүрміз қалқып кешпесе жоқ, жел соқса, құйын қуса жылжи беру,
болғандай табан тіреу ешнәрсе жоқ; бұл күнге бүгін емес, көптен кірдік,
алды-артын аңдамаған бетпен кірдік, жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,
жақынмен ырылдастық, иттей үрдік... білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
еліріп ерегіске екі үш күндік... кіреді тентек есі түскен кейін, мүшкілін
халіміздің енді білдік...» , - деп күйзелер ме еді?
Даңқ құмарлықтан дейін десең: «Жанға көңіл қалып тұр, жан бұл күйге
салып тұр; тәнге көңіл қалып тұр, тән шыдамай арып тұр; жұртқа көңіл
қалып тұр, жұр жалғанға нанып тұр, өтірік өрлеп, күшейіп, шын жеңіліп
талып тұр; жала деген төбеті балтырыңды қауып тұр; табалаған жаманның
шаян тілі шағып тұр; жаны ашыған жақынның жасы көзден ағып тұр...» , -
деп айтқанырас болса, кімге сеніп атақ іздейді, кімнен даңқ дәметеді?!
Сонда мұншама сарып болып сарысұлуда не мән бар? Сөйтсе, мән бар
екен: «Адамдық диханшысы қырға шықтым, көлі жоқ, көгалда жоқ – құрға
шықтым; тұқымын адалдықтың шаштым, ектім, көңілін көгертуге құл
халықтың« ..., «рахатсыз өтсе де өмір жасым, бұл жөнімнен Құдайым
айырмасын... шалдығаты, шаршайтын жерлер де бар, ...шыққызбайтын
жолыңда өрлерде бар... ел бұнымды білемін ұқпайтынын, көтермеге қалғанда
шықпайтынын, шалыс басып аяқты жығылғанда, «жатқаныңнан тұрма» деп
мықтайтынын... мен өлсем де, өлемін жөнімменен, тәннен басқа немді алар
өлім менен, ...тән көмілер еткен ісім, жабықпаймын, ел – бүгіншіл, менікі –
ертең үшін...»
Міне, гәп қайда! Шын азаматты пендешілікке, шын ерді есерлікке
жібермейтін де осы: ертеңге деген сенім; келешек алдындағы жауапкершілік.
Олай болса Ахмет Байтұрсынов – бірінші кезекте халқының азаттығы,
елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі жөнінде жан аямаған күрескер.
Бұлай болатынын жөні де бар еді.
Ол оқу тауысып, мұғалімдік қызметке кіріскен кез патша әкімшілігінң
қазақ даласын билеуде 1822 жылғы Сібір жарғысының, 1868 жылғы Уақытша
Ереженің күшін тыйып,1891 жылғы Дала Ережесіне көшкен тұсына тап
келді. Алғашқы ереже қазақтарды аталастыққа қарай ауылға, руластыққа
қарай болысқа, тайпаластыққа қарай округке бөліп, қылмысты істі сот
арқылы, дау-шарды билер арқылы шешіп, дәстүрлі үрдіске жақын үрдісте
қалдырды. Екінші ереже үй санына қарап ауылға болысқа бөліп,
әрқайсысының қонысын белгілеп, әлеуметтік істерді орыс шаруаларынша
шешіп, жартылай дәстүрлі үрдіске көшірді, ал соңғы ереже бойынша
қазақтар ендігі жерде ішкі Ресейге өте-мөте жақын үрдісте басқарылатын
болды. Бұл деген сөз әлі күнге көшпелі ауыл қалпында қалған қыр қауымы,
саны жағынан да, дамуы жағанан да көк пен жердей үстем тұрған қауыммен
бірдей талап қойылып, төтен бәсекеге төтеп бере алмай, басымен қайғы боп
өтсін деген сөз еді. Ол аз болғандай, сайлау мен партияшылдықты күштеп
таңып, онсыз да әр губернияға кірме боп кеткен қазақ енді ауыл арасында да
190
ағайындықтан айырылып тоз-тоз боп кетсін деген есеп еді. Мұндайға Ұлт
болып ұйымдасып қарсы тұрудың мүмкіндігі қалмаған-ды. Оған қажетті
дәстүрлі институттардан түгел айырылып біткен қауымға саналы түрде жаңа
үрдіске бет бұрып, жаппай ширап, шыңдалудың басқа амал жоқ еді.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов күллі адамзаттың даму үрдісі түбегейлі
өзгеріп жатқан тұста қазақ халқына басқалардан өзгеше заман болмайтынын
ескертіп, одан да қамсыз қалмауға үндейді. 1912 жылы Орынбордан басылып
шыққан тұңғыш әліппесіндегі: «Құлақ екеу, ауыз біреу. Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай. Ауыз біреу, көз екеу – ол не
үшін бұлай? Көп көріп, аз тыңдауға жаратқан оны солай. Ауыз біреу, қол
екеу – ол не үшін бұлай? Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай», -
дейтін бопса өлең сәбилерге емес, күллі әлеуметке бағышталған тұспал ұран
еді.
Жұртшылыққа ұсынар дәрістері де қызық. Өрбу заңы... Шаруа жайы...
Жер жалдау... Егін егу... Оқу мен оқыту... Олақтық пен салақтық... Тән
саулығы мен жан саулығы... Сүтті сиырдың белгілері... Дағдылы жол мен
айлалы жол... Земство... Сот... Араб әліппесі... Партияшылдық... Рушылдық...
Қазақ салты... Дүние қандай, біз қандай... Уақ қарыз... Жәрдем комитеті...
Кооперация... Қазақтың өкпешілдігі һәм түрлі мәселелері... Қысқасы, қазақ
қауымына не қат, не қажет болса, соның бәрі жайлы...
Өйткені құба даланың бұла перзенті боп ұзақ жүрген көшпелілер, Ахмет
Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, «мал бағу мен барымта жасаудан» асқа
кәсіп көрмегендіктен көп кәсіпке шорқақ. Оны меңгеруге сауат жетпейді.
Сауаттан гөрі де құны жетпейді. Өйткені сол кездің өзінде «қазақта хат
білушілердің проценті мұжықтардан жоғары» болыпты. Алайда сауаттылар
саны, «Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмадың деп өкпелеу жөн
бе?» - деп Ахаңның өзі айтқандай, әлі де болса аз еді.
Оның үстіне, ол сауат қазақтың қам-қаракетінен аулақ жатқан әуейі
сауат еді. Олай болатыны, орыс оқуының көксейтіні қол астындағы
жұрттардың жазу-сызуы, тілі, діні бір болғаны. Мұсылман оқуының
көксейтіні – бір Алланың шарапатынан басқа ештеңеге алаң болмауға баулу.
Сондықтан да, қазақша оқымай, қазақ өзіне керек ғылымды үйренбейді. –
Бұны айтқаны үшін Байтұрсынов пен әріптестерді екі тараптан да құқай
көрді. Патша өкіметі айтып салып, абақтыға қамаса, мұсылманша оқығандар
«қазақша деген қайдан келді» деп үркіп, «орыстың сорпасын ішіп,
шошқаның жілігін кемірген орысша оқығандар... мұсылманша оқығандарды
масқара қылмақ», - деп ғайбаттап, ағайынмен араздастырды. Сонда екі жаққа
да қазақша оқу қажетсіз боп шығады. Неге бұлай? Әркім өзіне керегін
күйттейді. Көптің керегін әркім өз шаруам деп емес, біреудің шаруасы деп
санайды.Ол үшін біреулерге өкпелеп,біреулерді сынайды. «Қазақ балалары
қазақ жұмысына, қолынан келгенше, қарап тұрмай, кірісіп істей берсе, ұлт
жұмысы ұлғайып, толықпақшы. Іс қолынан келмейтініне сөз жоқ, іс қолынан
келетіндері де қарап жатыр... Алға басып, жұрт қатарына керек. Басқадан кем
болмас үшін,біз білімді һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек.
Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында
191
жұмыс істеу керек», - деп ренжиді Ахмет Байтұрсынов.
А. Байтұрсынов ұлт тәуелсіздігі жолындағы «Алаш» қозғалысының
орталық тұлғасына айналды. «Алаш» партиясын құрысты. Тәуелсіздікке
жетудің стратегиясы мен тактикасын жасақтасты. Бұл жағынан
«алаштықтар» асқан елгезектік таныта алды. Жаһангерлік саясатта опа
бермес олқылықтарға ұрынып, ойсырай күйзелген халықаралық ахуалды
қапы жібермеуге тырысты. Бірінші дүниежүзілік соғыс ірі де іргелі
мемлекеттерде алауыздыққа ұрындырды. Бодан халықтар бой көтерді.
Шығыс Еуропа елдері өз тәуелсіздігін ресми түрде мойындатуға кірісті.
Ресейдің батыста да, шығыста да масқара боп жеңілуі шет аймақтардың
метропологияға қарсы, ал метрополияның самодержавиеге қарсы
наразылығын күшейтті. Монархия биліктен кетуге мәжбүр болды. Мұрагер
таққа отыруға тәуекел ете алмады. Биліктің бүйтіп өз-өзінен мүжіліп
біткенше өзгермеуі ескіден уақтылы жирене алмай, жаңаны уақтылы игере
алмай оралымсыздыққа ұрынған қоғамдарға тән болса керек. Ондай қоғам
әлгіндей дағдарыс тұсында бірден сара жол таба алмай, әрқилы елірме
күштерге бел алдырып шөре-шөре ахуал кешетін түрі бар. Ырықтан шыққан
оқиғалар жетегінде Ресейдегі билікке таласқан күштер ауызға ілігер олқылық
іздеп, қол жалғасар одақтас іздеп алас ұрып бақты. Сонау декабристерден
соң ауызға ілікпей кеткен ұлттар теңдігі қайтадан сөз бола бастады. «Алаш»
тап осы тұста атқа мініп, ұлттық автономияға қол жеткізіп қалуға тырысты.
Бұл мәселені де бірінші болып ресми талқыға салуға мұрындық болған
Ахмет Байтұрсынов еді. Ол Міржақып Дулатовпен бірігіп,1917жылдың
шілдесінде Орынборда өткен жалпы қазақтық бірінші құрылтайда
«автономиялы» тәуелсіз қазақ мемлекетін» құруды ұсынды. Бірақ құрылтай
Әлихан Бөкейхановтың « демократиялық, федеративтік және парламенттік
Россия құрамындағы қазақтың ұлттық-территотиялық автономиясы болуы»
жәйлі ұсынысына көбірек ден қойды. Алайда оқиғалардың одан арғы даму
барысы бұл үміттерді де әлсірете түсті. Уақытша үкімет тегеурінсіз болды.
Демократияшыл күштердің беделі кеміп, аралық күштер солқылдақтыққа
ұрынды. Солшыл күштер, әсіресе большевиіктер еңсе көтерді. Байтұрсынов
басшылығындағы «қазақ» газеті: «Мұндай лайсаң заманда закон жоқ, жол
жоқ, қорғалайтын пана жоқ. Әркім өзін өзі қорғайды. Әуелі, өлмеске, екінші,
мал-мүлкімізді талауға бермеске, үшінші, осы лаңның ішіне кірмеске қолдан
келген күшімізді, ісімізді сарп етуге керек. Данышпандар білімін азаматтар
қайратын ұлты үшін аямай жұмсайтын орын осы», - деп дабыл қақты.
Ахмет Байтұрсынов 1920 жылы кеңес мемлекеттік басшыларының
тікелей қолқасымен Коммунистік партия қатарына өтуге мәжбір болды, бірақ
бір жылдан соң енжарлығы үшін шығып қалды. Ол мұндай қатерлі қадамға
бармаса, тек қазақтардың ғана емес, күллі Түркістан халықтарының
мемлекеттік дербестігі көктей солатын еді. Уақытында жасаған мәмілі
арқасында қазақтарға көпұлтты Ресей құрамында таптық негіздегі автономия
берілді. Қалған Орта Азия халықтарына Түркістан республикасы құрамында
автономия берілді. Кейін қазақ автономиясы Ресейдің құрамынан шығып,
дербес республика боп жарияланды. Оған Түркістан республикасының
192
құрамындағы жерлер қайтып берілді. Сөйтіп, таптық негізде болса да, қазақ
жері аумақтық тұтастығын қалпына келтірді . қазақ халқының дербес
мемлекеттікке қақылы екендігі заң жүзінде мойындалды. Бұның бәріне де
Ахмет Байтұрсынов тікелей еңбек сіңірді. Ол үшін дұшпанның жаласына да,
достың табасына да, төзуге тура келді. Бұл шын мәнінде халқының
алдындағы үлкен ерлік еді. Кейін біздің егемендік алып, тәуелсіздік
жариялауымызға да сол жанқиярлықпен жүзеге асқан жағдай бірден-бір
құқықтық негіз болды. Әрине, Ахмет Байтұрсынов өзі армандаған ұлттық-
аумақтық мемлекеттілікке қол жеткізе алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |