Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары



Дата02.07.2018
өлшемі42,5 Kb.
#46194
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары

(1858-1931 ж.ж)
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.

Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.

Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.

Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады.

Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады.

Шәкәрімнің «Кісіге адамшылық неге керек?» өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді.

Кісіге адамшылық неге керек,

Адамдық өзге айуаннан артық демек.


Ит талаған төбеттей қалай дейсің,

Аямай әлі келгенді жұлып жеген жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды.

Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,

Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,

Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,

Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп өзі өлеңінде адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды.

Білімділер сөз жазып зарлағанда,

Ой кзіп, жердің жүщін шарлағанда,

Алдаусыз адам өмірін түзетерлік,

Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді.

Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.

Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі – «Насихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды.

Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.

Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,

Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп отырады.

Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жәй,

Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер,- деп ғылым мен білімнің көпке ортақ байлық екенін түсіндірді.

«Піскен мен шикі» мысал өлеңі ақынның замандасы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен төркіндес, тәрбиелік мән-мағынасы ұқсас.

Шәкәрім поэзиясының биік тұғыры – гуманизм, туған халқына деген махаббат, жан мен тән тазалығы екенін айтып, ұрпақ санасына сіңіру – көкірегі ояу, сезімі сергек, зерделі жастық парызы.

Шәкәрім еңбек тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз шығармаларында еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді.

Жалпы, адам өмірін осылайша жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңге бөліп сипаттау қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан дәстүр.

Жастық қызығын дәріптеген ақын адам өмірінің осы екі кезеңін шендестірумен шектелмейді, бертін келе ұлғайған жастың өзіндік мәні бар екенін насихат қылды.

Әрине, балаң білсе қадіріңді,

Орындап екі айтқызбай әміріңді.

Жасыңнан жаның сырлас жарың болса,

Қыл өткізбей білетін тамырыңды, - деп, адамның егде тартқан тұсында баланың, жардың қызметіне ерекше мән береді, оның тәлімдік-тәрбиелік тұстарына ерекше көңіл бөледі.

Сонымен бірге Шәкірім мақал-мәтел, жұмбақтарды, шешендік сөздерді өз шығармаларына арқау етіп, оның тәлімдік-тәрбиелік танымдық мәнділігін жоғары бағалаған.

Мақал-мәтелдерді ғасырлар бойы халық өткен ұзақ өмірдің шежіресі деуге болады. Мұның шежірелік құндылығы мен көркемдік даналығын шебер астастырып, көздің қарашығындай сақтап, алмастай асыл аз сөзбен түйіндеуінде.

Сонымен қатар, Шәкәрім мақал-мәтелдерді пайдаланып қана қоймай, кезінде өзі жинап , баспаға әзірлеген, кейін баласы Ахаттың көшірмелерінде қалған оның сондай жүз отыз жеті мақал-мәтелі бар. Бұлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақталған.

Шәкәрім шешендік сөздерге де ерекше мән берген. Қазақ халқының, кейбір мақал-мәтелдері мен шешендік сөздерін жинап, газет-журналдар беттерінде бастырады және шежіре жинайды.

Шәкәрімнің құнды еңбектерінің бірі 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты шығармасы жарық көрді. Оның «Қалқаман - Мамыр» ме н «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке кітап болып баспадан шыққан болатынды. Ол шетел, орыс және шығыс классиктері Бичер-Стоу Гариет, Л.Н.Толстой әңгімелері шығыстың классиктері Хафиз және Физули шығармаларын қазақ тіліне еркін аударған. Ақын шығармаларының толық жинағы 1988 ж. «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді.

Шәкәрімнің педагогикалық-ағартушылық және психологиялық көзқарастары туралы айтқанда, ұлы ғұламаның ағартушылық-психологиялық мұрасын зерделеуде белгілі педагогика және психология ғылымдарының тарихын зерттеуші көрнекті ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев пен С.Қалиевтің Шәкәрім Құдайбердиев туралы зерттеу еңбектерін ерекше атауға болады.

Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе, ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындайды.

Шәкәрім Ұлы Абайдың жақын туысы, немере інісі. Ақынның мектепті де Абайдан өткен. Сол себепті ақынның шығармашылық жолында Абай есімі кеңінен орын алады.

Ғұламаның жеке басына тән ерекше қасиетін көрсететін терең философиялық еңбегі – «Үш анық». Ойшыл ақынның бұл еңбегі мектепте «Адам мен қоғам» пәнінен «ХІХ ғ.бас кезіндегі қазақ ойшылдары» деген тарауды өткенде Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі оқытылады. Шәкәрімге дейін қазақ халқында белгілі философиялық дәстүр, данышпандылыққа баулу мектебі болмағанын, алғаш осындай мектептің есігін ашқан, арнаулы дүниетанымдылық еңбек қалдырған Шәкәрім екенін білеміз.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет