И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN

төмен 
потенциалды, жоғары потенциалды.
Конструкциясы бойынша 
олар
 
жазық коллекторлар, фокустаушы 
(
шоғырландырушы
)
 
концентраторлы 
коллекторлар 
және 
вакуумды 
коллекторлар болып бөлінеді.
2.4.2 Күндік жазық коллекторлар. 
Жазық коллекторлар 
(ЖК) тікелей келетін сәулелерді және шашыраңқы 
сәулелерді сіңіреді, оларды жылутасымалдағышты 100 
0
С температураға 
дейін қыздыру үшін пайдаланған тиімді. Ал концентраторы бар коллектор -
сәулеленуді күшейтетін оптикалық жүйесі бар құрылғы, ондағы 
жылутасымалдағыш жоғарғы температураға дейін қызады.
Жазық күндік коллектор
– жазық пішінді, оның жазық мөлдір 
оқшаулағышы бар және күн сәулесін сіңіруге, оны жылу энергиясына 
түрлендіруге арналған жазық сіңіруші панелі бар құрылғы. Олар әйнек 
немесе пластикалық жабыннан (бір, екі, үш қабат), күнге бағытталған жағы 
қара түске боялған жылу қабылдағыш панельден, оның астыңғы жағына 
орналасқан оқшаулағыштан және корпустан тұрады (2.15 сурет). Жылу 
тасымалдағышқа арналған каналдары бар жылу қабылдағыш алюминийден 
немесе болаттан екі түрлі болып жасалынады: (жазық қаңылтыр-құбыр немесе 
штампталған панельдер (құбырлар қаңылтыр ішінде) болады.
2.16 суретте сіңіруші панельдердің бірнеше конструкциясы көрсетілген.


32 
1-күн сәулесі; 2-шыны; 3-корпус; 4-жылу
қабылдайтын қабат; 5-жылу оқшаулағыш;
6-нығыздаушы; 7- жылу қабылдағыш 
пластинаның ұзын толқынды сәулесі. 
2.15 сурет –Күндік жазық коллектор
А) қаңылтыр-құбыр. Б) каналы бар 
гофрирленген қабат. В) каналы бар 
штампталған қабат. Г) тікбұрышты 
каналды қабат. 
2.16 сурет – Сіңіруші панельдердің 
әртүрлі конструкциясының 
сұлбалары
Жазық 
коллекторлардың 
сіңіруші 
панельдерінің 
бірнеше 
конструкциялары бар: 
- құбырлы, парақша қаңылтыр-құбырлы, парақша қаңылтырлы болып 
бөлінетін панельдер; 
- спираль және «жастықша» тәріздес панельдер;
- жылу өткізетін материалы бар панельдер;

- вакуумделген панельдер;
 
- жылулық түтікшелері бар коллекторлы. 
Пластмассалық панельдер 
күн сәулесінің әсерінен тез ескіріп 
кететіндіктен және жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан кең қолданыста 
емес.
Күн радиациясының әсерінен жылуқабылдағыш панельдер қоршаған 
ортаның температурасынан жоғары температураға дейін (70 
0
С...80 
0
С дейін) 
қызады, бұл олардың қоршаған ортаға конвективті жылу беруін және 
айналасын сәулелендіру үрдістерін тудырады. Жылутасымалдағыштың бұдан 
да жоғары температураға ие болуы үшін панельдің жоғарғы беті 
спектральды-селективті қабатпен қапталады. 
Бұл қабат
 
күннің қысқа 
толқынды сәулесін сіңіре отырып, панелдің ұзын толқынды спектр бөлігінде
жылулық сәулелер шығаруын төмендетеді. Мұндай конструкциялар «қара 
никель», «қара хром», алюминийдегі мыс оксиді, мыстағы мыс оксиді және 
басқа да қымбат қоспалар негізінде жасалады. 


33 
Жазық коллектордың сипаттамасын жақсартудың тағы бір әдісі - 
жылуқабылдағыш панель мен мөлдір оқшаулағыш арасында вакуум жасау
арқылы жылу шығынын төмендету.
Жазық коллектордың артықшылығы - 
тік түскен және шашыраған 
сәулені қабылдай алуы және конструкциясының қарапайымдылығы. 
 
2.4.3 Фокустаушы концентраторы
 
бар гелиоколлекторлар. 

Фокустаушы 
концентраторы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет