30
Қондырғының
артықшылығы
–
бірінші
контурдағы
жылу
тасымалдағыштың табиғи айналымын қолдану мүмкіндігі, антифриз
арқасында қыс бойы жұмыс жасауы, жұмыс істеу сенімділігі мен қызмет ету
мерзімінің артуы.
Кемшілігі:
жылуалмастырғыштың қажеттілігі,
қосымша
шығындар, бірінші контурдағы жылу тасымалдағышты жиі алмастыру.
Жылу тасығыштың айналымы мәжбүрлі жағдайда өтетін екі
контурлы гелиоқондырғы
жоғарыда аталған қондырғыға ұқсас,
тек мұнда
бірінші контур қосымша сорғышпен (насос) стансамен, басқару қалқанымен,
жылу реттегішпен, манометрмен, сақтандырғыш
клапанмен және реттеуші
арматурамен жабдықталған (2.13 сурет).
2.12 сурет –бір контурлы
гелиоқондырғы
2.13 сурет –екі контурлы гелиоқондырғы
Бұл қондырғының артықшылығы
:
- мәжбүрлік айналым коллектордың жылу сіңіруі 30 % жақсартады;
- бак-аккумуляторды ыңғайлы орынға орналастыру мүмкіндігі;
- оңтайлы режимде жұмыс істей алуы және басқарудың оңайлығы.
Кемшілігі:
сорғыны үнемі қолдану және сорғы жұмысына жұмсалатын
қосымша энергия шығыны.
Құрамалы гелиоқондырғылар
көп контурлы
болады. Олар бұлтты және
суық күндері гелиоколлектор ЫСҚЕ жүйесін
толыққанды жылумен
қамтамасыз ете алмаған жағдайда іске қосылатын, қосымша жылу
генераторымен жабдықталған (2.14 сурет).
31
1-гелиоколлектор; 2- аккумулятор; 3-басқару қалқаны; 4- сорғы стансасы;
5-кеңейту күбісі; 6-қосымша жылу көзі; 7- ыстық су шығысы; 8-суық
су кірісі; 9-сорғыш.
2.14 сурет – Көп контурлы құрамалы қондырғы
Күндік коллекторларды топтастыру және олардың конструкциясы
.
Жасалу принципі бойынша гелиоколлектор екі типке бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: