53
қондырғы
вертикаль білікті
деп аталады.
2) Айналдырушы күші ретінде кедергі күшін қолданатын қондырғылар
(
драг-машиналар)
, әдетте, желдің жылдамдығынан аз сызықты жылдамдықпен
айналады
.
Ал көтеру күшін пайдаланатын қондырғыларда (
лифт-машиналар
)
қалақшалардың ұштарының сызықты жылдамдығы жел жылдамдығынан
едәуір артық болады.
3) Г
еометриялық толтыру коэффициентінің мәні үлкен
(яғни, қалақша
саны көп) желдік дөңгелектер әлсіз жел кезінде де әжептеуір қуат өндіреді
және қуат максимум мәнге айналым саны аздау кезде жете алады.
Геометриялық
толтыру коэффициенті
аз
ЖЭҚ максимал қуатқа айналым
саны көп болған кезде жетеді және бұл режимге шығу үшін
ұзақ уақытты
қажет етеді. Сондықтан бірінші қондырғылар, мысалы, су сорғыштары
ретінде қолданылады және әлсіз жел кезінде де өзінің жұмысқа қабілеттілігін
сақтап қалады. Ал екінші қондырғылар үлкен айналу жиілігінде жұмыс
істейтін электр генераторларын қолдануды қажет етеді.
4)
Механикалық
жұмыстарды
тікелей
орындауға
арналған
қозғалтқыштарды көбіне
жел диірмендері немесе
жел турбиналары
деп, ал
электр энергиясын өндіруге арналған қондырғыларды жел немесе
аэроэлектргенераторлар
деп атайды.
5) Қуатты энергожүйелерге тікелей қосылған аэрогенераторларда
асинхронизация әсерінен айналу жиілігі тұрақты болып келеді, бірақ мұндай
қондырғылар айналу жиілігі айнымалы
болып келетін қондырғыларға
қарағанда тиімділігі төмен.
6) Желдік дөңгелектері электр генераторымен тікелей немесе буфер
рөлін атқаратын аралық энергия түрлендіргіштер арқылы жалғануы мүмкін.
Буфердің болуы желдік дөңгелектердің айналу жиілігінің толқу
(флуктация) салдарын азайтады, жел энергиясы
мен электр генераторының
қуатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейде
дөңгелектің генератормен жұмсақ жалғану сұлбалары да кездеседі. Жұмсақ
жалғану
электр
генератордың
шығыстық
параметрлеріне
жел
жылдамдығының толқуының әсерін азайтады.
Горизонталь білікті желдік дөңгелектер
.
Мұндай дөңгелектер үшін
негізгі айналдыру күшін желдің көтеру күші тудырады. ЖЭҚ –да көбінесе
екі немесе үш қалақшалы жел дөңгелектері қолданылады. Соңғысы
бірқалыпты жүрісімен ерекшеленеді.
Электр генераторы мен оны жел дөңгелектерімен қосатын редуктор
әдетте тірек мұнарасының жоғары жағында орналасады.
Әлсіз жел кезінде
үлкен айналдырушы момент тудыратын көп қалақшалы дөңгелектер суды
сору үшін және т.б. жел дөңгелектерінің аса жоғары айналу жиілігін қажет
етпейтін мақсаттарда қолданылады.
Вертикаль білікті желдік дөңгелектер
(3.8 сурет
)
желдің
кез келген
бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұндай сұлба тек қана білікті
ұзарту арқылы редуктор мен генераторды мұнараның төменгі жағына
орналастыруға мүмкіндік береді.
54
Бұл қондырғылардың мынадай принципиалды кемшіліктері бар: ондағы
автотербелмелі үрдістер мен айналдыру моментінің пульсациясы салдарынан
олардың
бөлшектерінің тозуға, бұзылуға бейімділігі. Осының кесірінен жел
генераторларының басым көпшілігі горизонталь білікті етіп жасалған.
Вертикаль білікті қондырғылардың көп таралған түрлері:
1)
Табақшалы
ротор
(анемометр).
Табақ тәрізді пішін іс жүзінде
дөңгелектің айналу жиілігінің жел жылдамдығына тәуелділігі сызықты
болуын қамтамасыз етеді.
2) Савониус роторы
Достарыңызбен бөлісу: