И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет45/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN

 
Бақылау сұрақтары 
 
1.
 
Мұхиттың жылу энергиясын қолдану қалай жүзеге асырылады?
 
Тұйықталған циклда жұмыс жасайтын термальдық қондырғының жұмысына 
түсініктеме беріңіз. 
2. «Мұхит-атмосфера» жүйесіндегі температуралық айырмашылықты 
пайдалану қалай жүзеге асырылады? Термальдық қондырғының 
кемшіліктерін атаңыз. 
3. Мұхит (теңіз) деңгейінің периодты көтерілуі мен төмендеуінен 
туындайтын су ағынының энергиясын қолдану қалай жүзеге асырылады? 
Қондырғының жұмысына түсініктеме беріңіз. 
 
4. Су деңгейінің көтерілуі-төмендеуінің бір циклында максимал мүмкін 
қуатты қалай анықтайды?
5. Су ағысынан пайда болатын энергияны қалай анықтайды? 
6. Теңіз ағысының энергиясын пайдалану қалай жүзеге асырылады? 
Түрлендіргіштердің бірінші тобының құрылысынына, жұмыс істеу 
принципіне түсініктеме беріңіз.
7.
 
Толқын энергиясын пайдалану
 
қалай жүзеге асырылады? «Солтер 
үйрегінің» құрылысына, жұмыс істеу принципіне, артықшылығы мен 
кемшілігіне түсініктеме беріңіз. 
8. Коккерелланың контурлық салысының құрылысына, жұмыс істеу 
принципіне, артықшылығы мен кемшілігіне түсініктеме беріңіз. 
9. Тербелмелі су бағандарының энергиясын қолданатын түрлендіргіштің 
құрылысына, жұмыс істеу принципіне, артықшылығы мен кемшілігіне 
түсініктеме беріңіз. 


84 
7 Биомассаны энергия көзі ретінде пайдалану 
 
Өсімдіктер мен жануарларды құрайтын заттарды
биомасса
деп 
атаймыз. Биомасса өсімдіктерге түскен күн сәулесінің әсерінен өтетін 
химиялық реакция - 
фотосинтез
әсерінен қалыптасады. Нәтижесінде азық-
түлік өнімдері ретінде, құрылыс материалдары, мата және басқа да өнімдер 
алуға қолданатын органикалық заттар пайда болады. Биомассаны көп салада 
қолданады, соның ішінде энергетикалық сала да қолданудың маңызы зор. 
Биомассаның негізі – көміртегінің органикалық қоспалары, олар оттегімен
қосылып, жану кезінде немесе табиғи метаболизм (зат алмасу) үрдістері 
кезінде 
жылу
бөліп шығарады.
 
Химиялық немесе биохимиялық үрдістер 
әсерінен биомасса 
газ тәріздес метанға, сұйық метанолға, қатты ағаштық 
көмірге
түрлене алады. Оларды 
биоотын 
деп атайды.
Адамзат биомассаның жалпы көлемінің 0,5 % ғана азық-түлік ретінде 
қолданылады. Биомассаның энергетикалық потенциалы үлкен (күн сайын Жер 
шарында 120 млрд т құрғақ органикалық заттар түзіледі, бұл 40 млрд т 
мұнайға пара–пар). Олардың қайта жаңғыратын қасиеті одан энергия алу 
технологиясының дамуына ықпал етеді. Қант өндіретін елдерде қант 
өндірісінің қалдықтарын қолдану арқылы отынға деген сұраныстың 40 %
қанағаттандырады. Еуроодақ елдерінде жаңғыртылатын энергия көздерінен 
алынатын энергияның 55 % биомассадан алынады. Португалия, Испания, 
Франция, Германия, Дания, Италия сияқты елдерде биомасса энергиясын өте 
тиімді пайдаланады. Швеция, Австрия елдерінде біріншілік энергияға деген 
сұраныстың 15 % биомассаны қолдану арқылы қанағаттандырылады. Азия 
мен Африканың дамып келе жатқан елдерінде биомасса энергияның негізгі 
көзі болып отыр. Планета халқының 50 % биоотын ретінде ағаш, көң, өсімдік 
қалдықтарын үй шаруашылығында қолданады, өндірілетін энергия 300 ГВт 
шамасын құрайды.
Биомасса көздері ретінде келесі топтарды атауға болады: 
- ағаштар, ағаш қалдықтары, торф, жапырақтар және т.б.; 
- адамның тіршілігінің қалдықтары, бұған өндірістік қалдықтар да 
қосылады; 
- ауылшаруашылық өндірістердің қалдықтары (өсімдік шаруашылығы 
мен мал шаруашылығының қалдықтары); 
- ауылшаруашылығында арнайы өсірілген, өнімділігі жоғары өсімдіктер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет