95
мәселе де шешімін табары сөзсіз, себебі әлемде
кремний алудың хлорсыз
технологиялары қарастырылуда.
Сонымен қатар, «үлкен
» күндік энергетика қомақты мөлшерде
материалдарды
(металдар, әйнек, бетон и т.б.) қажет етеді. Күндік панельдер
мен концентраторлар үлкен аумақты көлеңкелейді, бұл топырақ
деградациясына әкеледі. Гелиостаттардың жоғары ауаны қыздыруы
жергілікті микроклимат қалыптастырады:
станса жанындағы аудандарда
жылу балансы, ауа ылғалдылығы, жел бағыты өзгереді.
Гелиожүйелерде қайнау температурасы төмен сұйықтарды қолдану
экологиялық қатер туғызады (әсіресе хроматтар пен нитриттер). Олар улы
заттар болғандықтан ағып кету орын алған жағдайда жер асты суларының
ластану мүмкін.
Желдік энергетиканың қоршаған ортаға әсері.
Шағын желдік
энергетикалық қондырғылар (1 МВт дейінгі ЖЭҚ)
табиғатқа қауіпсіз деп
саналады. Қуатты ЖЭҚ-ның негізгі зиянды кемшіліктері - адамдар тұратын
қоршаған ортада тудыратын аэродинамикалық шу мен құстардың жаппай
қырылу қаупін тудыруы. Қуатты ЖЭҚ мұнарасының түбіндегі шу 95 дБ...100
дБ, бұл пневматикалық перфоратордың шуымен пара-пар. Сондықтан құстар
аталған жерлерден аулақ болуды қалайды. Алайда, 200 м қашықтықта ЖЭҚ
шуы ас бөлмедегі тоңазытқыш дыбысымен сәйкес келеді.
Егер де орнитологиялық сараптама қорытындысы бойынша жел
стансасының орналасатын жері таңдап алынса,
онда құстардың жаппай
қырылу қаупі болмайды. Америкалық желдік электрлік қауымдастығының
пікірінше, желдік энергетика қарқынды дамытқан кезде ЖЭҚ-мен
соқтығысудан құстардың қырылуы адамдық факторлардан (аңшылық, үй
хайуанаттары, пестицидтер, электр тарату желілері, биік ғимараттар т.б.)
болатын қауіппен салыстырғанда 1 % аспайды.
КЭС сияқты қуатты өндірістік ЖЭС-ларға да үлкен
аудан керек, ол
жердің рельефі мен мен желдің жылдамдығына байланысты 0,06 км
2
/МВт...
0,2 км
2
/МВт аралығында болады. Қуаты 1000 МВт болатын ЖЭС-ларға
ауданы 60 км
2
...200 км
2
жер керек. Тығыз қоныстанған өндірістік аудандарда
мұндай жер көлемін қарастыру үлкен қиындық туғызады, себебі бұл жерлер
шаруашылық қажеттілікте қолданылуы мүмкін. Теңіздің жағалауға жақын,
тайыз жерлерінде
ЖЭС салса, онда территория мәселесі шешілер еді. Бірақ
бұл жағдай балық аулауға, кемелер қозғалысына кедергі келтіруі, теңіз
жануарларына шудың әсер етуі мүмкін.
Қуатты ЖЭС сол аудандарда ауа қозғалысына әсер етуі мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: