И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет52/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN

 
және 
олардың қалқалық
 
эффектісінің биіктігі 100 м...150 м жотаның әсерімен 
пара-пар болуы мүмкін.
Желдік 
турбиналардың 
қалақтарынан 
электромагниттік 
толқындардың шағылысуынан туындайтын кедергілер 
бірнеше километр 
қашықтықта орналасқан аудандардың телевизиялық және микротолқынды 
радиотаратуға, басқа да түрлі навигациялық жүйелердің сапасына әсер етеді. 
Бірақта бұл сұрақтардың техникалық шешімі қарастырылған.


96 
Қарастырылған мәселелерден бөлек ескеретін жағдайлар: 
- биіктігі 60 м...80 м, одан да жоғары болатын қуатты ЖЭҚ жергілікті 
жердің ландшафына әсер етіп, оның бастапқы келбетінің өзгеруіне әкеледі, 
қоршаған ортамен үйлеспеушілік пайда болады, көруге ыңғайсыздық
жағымсыз кейіпке енеді. Бұдан ландшаф дизайнерлерінің қызметінің 
қажеттілігі туады. Мысалға, екі немесе бір қалақты ЖЭҚ-на қарағанда үш 
қалақты қондырғылардың сыртқы келбеті сәндірек болып келеді; 
- ЖЭҚ-да апаттық жағдай болса, онда сынған қалақтар 400 м...800 м 
қашықтыққа түсуі мүмкін, бұл жағдай да айналасына залал келтіруі мүмкін. 
Биоэнергетикалық қондырғылардың экологиясы. 
Жалпылай
 
алып 
қарасақ, биотехнология табиғатпен «тату». Жерді тікелей қолдану қарқын 
алған жағдайда экологиялық залалдардың пайда болу мүмкіндігі
жоғарылайды, яғни, биошикізат өзінің қолданыстағы жағдайын өзгертуі 
топырақтың құрамындағы көміртегі балансының өзгерісін тудырады, суды 
қолдану режимі бұзылады, топырақта органикалық заттардың азаюына, 
әсіресе энергетикалық плантацияларда топырақтың құнарсыздануына және 
эрозияға ұшырауыне әкеледі.
Биоэнергетикалық қондырғылар басқадай ҚЖЭК-нің агрегаттармен 
салыстырғанда айтарлықтай экологиялық қауіпсіз болады. 
Сонымен қатар, 
олар қоршаған ортаны қалдықтардың барлық түрінен ластанудан сақтайды. 
Мысалға, анаэробты ферментациялау – мал шаруашылығы қалдықтарын қайта 
қолдану үшін тиімді, сонымен қатар, ол экологиялық тазалықты да 
қамтамасыз етеді, яғни, қатты «органика» өзінің иісін жоғалтып, кеміргіштер 
мен жәндіктерге жағымсыз болады, ферменттеу (ашу) үрдісі кезінде ауру 
тудыратын бактериялар жойылып, нәтижесінде сапалы тыңайтқыш алынады. 
Бұл жағдай қаладағы сұйық қалдықтар мен қатты қалдықтарға, орман 
шаруашылығының қалдықтары мен ағаш өңдеудегі қалдықтарға да қатысты. 
Сондықтанда биоэнергетиканың дамуы экологиялық жағынан да тиімді.
Алайда жылу алу үшін биомассаны «тікелей» қолдану 
табиғатқа 
жағымсыз әсер етеді. Ағаштарды жағудан қатты заттар көбейеді, органикалық 
компонентер, көміртегі тотықтары, канцерогендер мен улы заттар бөлінеді, 
атмосфераның жылу алмасу балансы өзгереді. Бірақта биогаз ағашпен 
салыстырғанда тазарақ отын. Биогазды өндірісте, тұрмыста қолданғанда 
метанның жарылу қауіпі болғандықтан қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
Биомассадан этанол алу кезінде жоғары мөлшерде қосымша өнімдер 
(жууға қолданылған сулар, басқадай қалдықтар) пайда болады. Олардың 
шығу мөлшері этил спиртінің шығымынан бірнеше есе (10 есеге дейін) көп 
болғандықтан, олар қоршаған ортаны ластайды. 
Экологиялық мәселеден бөлек қоғамдық аспектілері де бар. 
Ауылшаруашылығында 
биоотынға 
деген 
сұраныстың 
жоғарылауы 
биоматериал өндірісінің дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде азық-түлік 
өндірісінің төмендеуіне және оның құнының қымбаттауын туғызады. Бұл, 
әрине, халыққа ұнамайды.


97 
Геотермальдық энергетиканың экологиялық аспектілері. 
Әдетте 
геотермальдық энергия алатын мекендерді, скважиналарды «байыппен» 
қолдансақ, яғни, жердің терең қабатында күрделі үрдістерді болдырмасақ, 
табиғатқа келетін залалдар мөлшері төмен болады. Мысалы, Исландия
астанасы Рейкьявик қоршаған ортамен тиімді байланыс жасай отырып
термальдық су арқылы ғимараттарын жылытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет