87
қатар, бұл несие түрі "өзін-өзі жоюшы"
болып табылады,әдетте, ол арқылы
жүзеге асырылған шаруашылық операциясы оны жеткілікті түрде толық өтеу
үшін ақша ағынын туындатады. Несиенің бұл түрі, әдетте, тек қысқа мерзімді
кезеңде беріледі.
2. Контокорренттік несие – бұл банктік несиелеудің классикалық түрі. Бұл
терминде несиені былай түсінуге болады, банк немесе басқа кредиттік институт
клиенттерге ұсынады және клиент содан кейін шартта белгіленген сома
шеңберінде оны қажетті көлемде пайдалана алады. Контокорренттік несиені
пайдалану кезінде контокорренттік шот ашылады, қаражаттарының қозғалысы
онда түсімдер, төлемдер және соманы көрсетеді. Осы шоттан клиент өз төлем
құжаттарын төлей алады.Осындай несиенің
мақсаты- егер оның ағымдағы
немесе есеп айырысу шотындағы қаражаты болмаған жағдайда қарыз алушыны
төлемдерді жүргізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтқанда,
несие есебінен несиелік мекемелер клиенттерінің айналым активтерін құру
жүргізіледі.
3.
Несиелік желіні ашу.
Өйткені қысқа мерзімді банктік несиеге
қажеттілік оны нақты мерзімді кезеңде пайдаланумен байланысты бола
бермейді, ол туралы шартты кәсіпорын банкпен несие желісін ашу түрінде
алдын ала ресімдей алады.
Осы шартта, оған нақты сұраныс қажет болғанда
мерзімі, шарттары және банктік несиені ұсынудың шекті сомасымен
байланыстырылады. Әдетте, банк несие желісінен пайдаланылмаған лимит
көлемінде несие беру бойынша өзінің қаржы міндеттемелері үшін комиссиялық
сыйақының мөлшерін (комиссиялық пайызды) белгілейді. Кәсіпорын үшін
несиенің осы түрінің ерекшелігі, ол қарыз
қаражатын өзінің оған нақты
қажеттіліктеріне қатаң сәйкес пайдаланады. Әдетте несие желісі бір жылға
дейінгі мерзімге ашылады.Банктік несиенің бұл түрінің ерекшелігі ол сөзсіз
келісімшарттық міндеттемелер сипатында емес болып табылады және
кәсіпорынның – клиенттің банктің қаржылық жай-күйі нашарлағанда жойылуы
да мүмкін.
4.
Револьверлік (автоматты түрде жаңартылатын) несие
. Ол белгілі
бір кезеңде берілетін несиелік қаражатты кезең-кезеңмен "таңдау"
ретінде
рұқсат етілетін банктік несиенің бір түрін сипаттайды,сонымен бірге ол
міндеттемені кезең-кезеңмен ішінара немесе толық өтеу(негізгі борыш
сомасының амортизациясы). Міндеттемелерін өтеу шотына енгізілген қаражат
несие шартының әрекет ету кезеңінде кәсіпорын ішінде қайта қарызға алынуы
мүмкін (белгіленген несиелік лимит көлемінде).Негізгі
борыштың қалған
өтелмеген сомасын төлеу және одан қалған пайызы несие шартының қолданыс
мерзімі өткен соң жүргізіледі.Бұл несие түрінің несиелік желіні ашумен
салыстырғандағы артықшылығы,әдетте, банктен салынатын пайыздық
мөлшерлеме деңгейі жоғары болғанмен, оның
ең төменгі шектеулері болып
табылады .
5.
Достарыңызбен бөлісу: