352
қызылша қантымен біріктіріп қолданған жөн. Дене температурасында крахмал
едәуір ісінетіндіктен, пилюля оңай ыдырайды.
Балшықты минералдар
(бентонит, ақ балшық). Сұйықты сіңіру қасиеті
бар (су, май және т.б.). Массаға
кептіргіш қасиет береді, кепкен соң
пилюлялардың қатты болуын қамтамасыз етеді. Органикалық заттар қатысында
жеңіл ыдырайтын заттардан пилюляларды дайындағанда,
көмекші зат ретінде
қолданылады.
Алюминий тотығы гидраты.
Пилюля құрамына күміс нитраты, калий
перманганаты тәрізді заттар енгенде қолданылатын бағалы көмекші зат.
Дәрігер жазылымда көрсетпеген жағдайларда,
көмекші заттарды таңдау,
фармацевтке жүктеледі. Оларды дәрілік заттардың қасиетіне мөлшеріне
байланысты таңдайды.
Дәрілік заттарды үш топқа бөлуге болады: Бірінші топқа - лиофильді
немесе лиофобты құрғақ ұнтақтардың қоспасы жатады. Олар ылғалданған кезде
пластикалық емес: күміс нитраты, калий перманганаты, алкалоид тұздары, темір
тұздары, йод, калий йодиді, фенобарбитал және т.б.
Екінші топқа - ылғалданған кезде тұтқыр
немесе серпімді қасиетке ие
болатын,
лиофильді
ұнтақтар
қоспасы
жатады.
Оларға
кальций
глицерофосфаты, пилюлялық массаға дәрілік зат ретінде енгізілетін өсімдік
ұнтақтары мен экстрактылары.
Үшінші топқа - лиофобты сұйықтықтар, эвтектикалық қоспалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: