Оқулық шымкент, 2018 жыл


 Шаншуға арналған дәрілік түрлер



Pdf көрінісі
бет302/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

5.2 Шаншуға арналған дәрілік түрлер 
Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе 
кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін 
дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын 
шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады. 
Қазіргі кезде медициналық өнеркәсіп денсаулық сақтау орындарының 
инфузиялық препараттарға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Глюкоза 
ерітіндісімен қажеттілік 7%, натрий хлоридының изотондық ерітіндісінен - 10%, 
тұзды ерітінділермен - 20-30% қанағаттындырылады, ал натрий гидрокарбонаты 
ерітіндісі өнеркәсіпте тіпті шығарылмайды. Сондықтан, негізі күш өнеркәсіпке 
қарағанда инфузиялық өнімдерді 40 есе жоғары өндіретін дәріханаларға түсіп 
отыр. 
Инфузиялық 
ерітінділер 
дәріханалардың 
экстемпоралдық 
рецептурасының, 12-25%, аурухана және ауруханааралық дәріханалар 
экстемпоралдық рецептураның 40-45% құрайды.
Дәрілік заттарды тері арқылы енгізуді (1785 жылы) дәрігер Фуркруа айтқан 
болатын. Ол скарификатордың көмегімен теріде кесік істеп және алынған 
жараларға дәрілік заттарды ысқылаған. Алғаш рет дәрілік заттардың 
ерітінділерін тері арқылы жіберуді 1785 жылдың басында Владикавказ әскери 
госпитальдің дәрігері Лазарев жасаған. Ол үшін барометрлік түтіктің бір бөлігін 
поршенімен алып, бос ұшына инеге дейін созылған күміс үштік бекіткен. 1852 
жылы чех дәрігері Правац қазіргі заманғы шприц конструкциясын ұсынған. 
Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі 
(тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт 
ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады. 
Тері ішілік (іnjectіones іn tracutaneae) инъекция.
Инъекцияның бұл 
тәсілінде ине тек эпидермисті тесу арқылы сұйықтық (0,2-0,5 мл) эпидермис пен 
дерма арасындағы кеңістікке енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет