Оқулық шымкент, 2018 жыл


Шаншуға арналған дәрілік түрлердің артылықшықтары



Pdf көрінісі
бет304/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Шаншуға арналған дәрілік түрлердің артылықшықтары: 
-
тез терапевтік әсер көрсетеді; 
-
дәрілік зат дәл дозаланады; 
-
енгізілетін дәрілік заттар бірден қанға түседі. Дәрілік заттарды өзгертіп
кейде тіпті бұзатын асқазан-ішек жолдары, бауыр сияқты ағзаның 
қорғаныс барьерлерінен өтпейді; 
-
ес-түссіз жағдайындағы науқасқа дәрілік затты енгізуге мүмкіндік береді; 
-
жағымсыз иісі мен дәміне және асқазан-ішек жолдарын тітіркендіруіне 
байланысты жағдайларды болдырмайды; 
-
қанды көп жоғалтқан кезде, оны сұйықтықтарымен алмастыру мүмкіндігі 
(қан алмастырғыштармен). 
Шаншуға арналған дәрілердің кемшіліктері:
-
инфекция енгізу қаупі; 
-
шприц инесімен ұлпаны жарақаттану нәтижесінде ауырсынуы, осмостық 
қысымының өзгертуі, рН-мәнінің ауытқуы және т.б;
-
майда қан тамырларының қатты заттармен немесе ауа көпіршіктермен 
бекітілу қаупі - эмболия; 
-
дәрілік затты ағзаға енгізу үшін арнайы білімі бар медициналық 
қызметкердің қажеттігі. 
Шаншуға арналған ерітінділерді ұлпаларға және ағза сұйықтарына енгізу 
терінің және шырышты қабаттардың табиғи қорғаныс баръерлерін бұзып 
енгізетіндіктен оларға жалпы «Инъекционные лекарственные формы» 
мақалаға сәйкес келесі талаптар қойылады: стерильдік, апирогендік, 
тұрақтылық, механикалық қоспаларының болмауы, кейбір ерітінділер 
фармакопеялық мақалалардағы нұсқауларға сәйкес изотонды, изогидрлі және 
изоионды болуы керек.
Стерильдік деген не? Бұл сұрақ оқулықтың 5.1 бөлімінде келтірілген. 
Апирогендік. 
Апирогендік
 
- шаншуға арналған ерітінділерде пирогенді 
заттардың немесе пирогендердің болмауы. Пирогенді заттар деген - (грек. Руr- 
от, латын generatіo - рождение, туу) - микроорганизмдердің ыдырау өнімдері, 
өлген микроб клеткалары. Химиялық құрамы бойынша пирогенді заттар 
орташа молекулалық салмағы 8000000, бөлшектерінің мөлшері 50 мм ден 1 
мкм болып келетін табиғаты жағынан липолисахаридті жоғары молекулалы 
қосылыстар. Пирогенді заттар негізінен грамм теріс микроорганизмдерден 


383 
түзіледі. Құрамында пирогендік заттары бар ерітінділерді ағзаға енгізгенде 
пирогендік эффект (дене температурасының жоғарлауы, тынышсыз жағдай) 
қозады. Жиі пирогендік реакциялар қантамырға енгізетін, жұлын-милы және 
ми-сауыт ішілік инъекцияларда жиі кездеседі. Бұл кезде артериалық 
қысымның төмендеуі, қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер 
мен ағза жүйесі азап шегеді. 
Пирогендер-термотұрақты 
заттар, 
олар 
тек 
құрғақ 
ауа 
стерилизаторларында 250
0
С температурада 30 минут бойы қыздырғанда ғана 
бұзылады. 
Қысым астында бумен әсер еткенде (120
0
С), рН мәні 8,0 ерітіндіде 
пирогендер 5 сағатта, ал рН-мәні 3,2 ертіндіде 2 сағатта (бұзылады) жойылады. 
Осыған байланысты шаншуға арналған препараттар дайындаудың барлық 
сатысында, соңынан стерильдеуіне байланыссыз, қатаң асептикалық жағдайда 
сақталуы тиіс. 
Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылту) бірнеше әдістері 
бар: химиялық, физика-химиялық, энзиматикалық (фармацевтік технологияда 
қолданылмайды). 
Химиялық әдіс. 
Сутек асқын тотығы ерітіндісінде 100 
0
С температурада 
1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий 
пермаганатының 0,5-1% ерітіндісіне 25-30 минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші 
шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет