403
- кейбір заттардың бактерицидті антисептикалық қасиеттері болғандықтан,
асептикалық жағдайда, жаңа қайнатылған шаншуға арналған суда дайындап,
стерильдемейді. Оларға фенотиазин туындылары жатады: аминазин,
дипразин, имизин ерітінділері.
Бұл заттардың сулы ерітінділеріне тұрақтандыру мақсатында 1 л
ерітіндіге келесі жазалым бойынша антиоксидантар қосады:
Аскорбин қышқылы
2,0
Сусыз натрий сульфиты
1,0
Натрий метабисульфаты
1,0
Натрий хлориді
6,0
Бұл заттардың тітіркендіргіш әсері бар және кілегей қабаттарды
тітіркендіріп, дерматиттер тудыруы мүмкін, сондықтан жұмыс істеген кезде
қолға резина қолғап киіп, ауа тартқыш астында жұмыс істеу қажет.
Шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптардың бірі
механикалық қоспалардың болмауы. Бұл бөлшектер жағымсыз патологиялық
өзгерістер тудыруы мүмкін, мысалы: қан тамырларын бекітуі, аллергияға
ұласатын жергілікті қабыну реакциялары. Ыдыстар мен инвентарды мұқият
өңдеу процесін жүргізу жағдайларын қамтамасыз ететін жоғарыда көрсетілген
барлық факторлардан басқа, ерітінділерді сапалы фильтрлеуге ерекше көңіл
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: