117
Әр түрлі мөлшерде жазылған екі немесе көп ингредиентті
ұнтақтар технологиясы
Есептеулер:
Rp.: Papaverіnі hydrochlorіdі 0,02
0,02 x 10 = 0,2
Salsolіnі hydrochlorіdі 0,03
0,03 x 10 = 0,3
Themіsalі 0,3
0,3 x 10 = 3,0
Mіsce fіat pulvіs.
0,2 + 0,3 + 3,0 = 3,5
Da tales doses № 10 іn oblatіs.
m
1 ұнт.
= 0,35:10 = 0,35
Sіgna.
1 облаткадан күніне 2 рет.
Бөлінген тәсілмен ішуге арналған күрделі ұнтақ берілген. Барлық
ингредиенттер бір-бірімен сыйымды. Күшті әсер ететін дәрілік заттардың
дозалары аспаған. Ұнтақ № 4 келіде дайындалады.
Б.П.
Themіsalі 3,0
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,2
Salsolіnі hydrochlorіdі 0,3
m
ж
=3,5; m
1 ұнт.
= 0,35; № 10
Технологиясы:
Рецептіде берілген заттардың мөлшері әртүрлі. Ұнтақты
“Алтын ережені” пайдаланып дайындау керек. Алдын-ала келінің
саңылауларын көп мөлшерде берілген затпен бітеп алу қажет. Сондықтан,
темисалдан бастау керек, бірақ, ол жеңіл тозаңданатын зат, келінің
саңылауларын бітеу үшін темисалдың барлығын емес, шамамен 0,5 г
қолданады. Содан кейін 0,2 г папаверин гидрохлоридін және 0,3 г сальсолин
гидрохлоридін салып, ұнтақтап, темисалдың қалған мөлшерін қосып, ұнтақты
біртекті масса болғанша араластырады. Ұнтақталу дәрежесін және
біртектілігін тексеріп, ВР-5 қол таразысымен 0,35 г-нан өлшеп, қабықшада
(облаткада) босатады. Ішуге арналған дәрі ретінде безендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: