Қҧлындар алдында, әдетте биенің мазасы кете бастайды, берген азықты
жемейді, бҥйіріне қарайды, жата береді. Биелер кӛбінесе тҥнде я
таң ата
қҧлындайды. Биелер қҧлындайтын кезде, оларды байқау ҥшін атшылардың
ішінен тәулік бойына кезекшілер бӛлінеді.
Жылқыны ҥйірлеп баққанда, биелер жылдың суық кезінде қҧлындайтын
болғанда, қҧлындауына 7-10 кҥн қалғанда буаз биелерді табыннан алып, кең,
жылы сарайға, немесе осыған ыңғайлы басқа қораларға кіргізеді. Қораларда
қҧрғақ тӛсеніш тӛселеді.
Егер қҧлыны тҥзу келсе, биеге кӛмектік керегі жоқ. Біраз кҥшеніп,
толғатқан соң қағанақ шығып жарылады, сонан соң қҧлын шығады.
Биенің
дҧрыс қҧлындауы 30-40 минутқа созылады. Бие тез қҧлындай алмаса, қҧлыны
теріс келсе, мал дәрігерін немесе фельдшерді шақыру керек. Қҧлын туысымен
оны қағанақтан босатады. Егерде қағанақ ӛз бетімен жарылмаса, қҧлын
тҧншығып кетпеу ҥшін оны жарады. Сонан соң қҧлынның кіндігін тҥбінен 7-8
см қалдырып дезинфекцияланған қайшымен кеседі. Кіндіктің кесілген жерін
йод тҧнбасын қҧйған я карбол қышқылының 5 пайыздық ерітіндісінің немесе
басқа дезинфекциялағыш ерітінді қҧйған стаканға малып қояды. Қҧлынның
ауыз-мҧрнын, қҧлағын шаранадан арылтып таза сҥлгімен сҥртеді. Туғаннан соң
біраздан кейін қҧлын енесінің емшегіне ҧмтыла бастайды. Оған емшекті
табуына кӛмектесіп ауыздандыру керек.
Туғаннан кейін қҧлын кейбір себептерден ӛз бетімен енесін еме алмаса,
оған енесінің сҥтін
еміздікпен қолдан береді; қҧлын шыйраған соң оны ӛз
бетімен емуге ҥйретеді.
Дҧрыс қҧлындаған биенің шуы жарты сағаттан соң тҥседі. Шу
уақытында тҥспесе, мал дәрігерінің кӛмегі керек болады. Шуды тәжірибесі жоқ
адамдар тҥсіргенде бие ауырсынуы, тіпті ауырып та қалуы мҥмкін.
Тҥскен шуды былғанған тӛсенішпен бірге ӛжреден шығарып, жерге
кӛміп тастайды; биенің жырмашын, желінін, қҧйрығын
және артқы аяқтарын
таза сумен жуады.
Қҧлындаған биенің қан айналысын орнына келтіру ҥшін оның денесін
сабан бумасымен ысқылайды, егер ат қора суық болса, биеге жабу жабады. Бҧл
шара оны суықтан болатын аурулардан сақтайды. Қҧлындаған соң алғашқы 2-3
кҥнде биелердің рационынан сҧлы мҥлдем шығарылып, оның орнына кебек
беріледі, бҧл кезде оларға ең жақсы пішен беріледі. Қҧлындағаннан кейін
биенің сусынын қандыру ҥшін оған бірнеше жҧтым су,
кейде кебектен
жасалған быламық береді. Сонан соң 2-3 сағаттан соң тағы да суарады, мҧнда
оларға жылылығы 10-12 градус суды жарты шелектен артық бермейді. Суық
сумен суарса, биеге суық тиюі мҥмкін. Кейде тҧмса қҧлындаған жас биелер
қҧлындарын алмай қояды. Мҧндай биелерді қҧлындарына бірте-бірте ҥйретеді.
Жас биеге қҧлынын тептірмеу ҥшін оның аяғын шідерілейді. Сонан кейін
жылқышылардың біреуі оның тізгінін қысқа ҧстап, екіншісі қҧлынды енесіне
жіберіп ауыздандырады. Бие қҧлынын емізіп ҥйренгеннен соң оны жалпы
табынға қосып жайылымға шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: