Кіріспе.Топырақ туралы тҥсінік.
Топырақтану ғылымының дамуы.
Топырақ жер бетінің беткі қҧнарлы қабаты. Атақты ғалым В.Докучаевтың
сипаттамасы бойынша ―Топырақ - тҥрлі климат жағдайларының (жарық, жылу,
ауа, ылғал) әсерінен ӛсімдіктер мен жануарлардың, және адамдардың
қатысуымен ӛңделген және ӛзгерген, ӛсімдіктерді қоректік заттармен
қамтамасыз ете алатын қҧнарлығы бар жер бетінің ең жоғарғы қабаты‖.
Топырақтану - топырақ және оның қҧрылымы, қҧрамы, тҥрлі физико-
химиялық, механикалық қасиеттерінің таралу заңдылықтарын, тҥзілуін,
табиғаттағы орнын, тиімді пайдалану және жақсарту жолын зерттейтін ғылым.
Адам ҥшін, тамақ, шикізат қазба байлық, қазына кӛзі жер болып
табылады, сондықтан адамзат жерді қасиетті санап Анаға балаған. Сол себептен
топырақтың қҧнарлығын кемітпей, оны ҥздіксіз арттыра отырып пайдалану
жолдарын адам баласы ҥнемі іздестіріп келеді.
Топырақ туралы 1-ші анықтаманы 1879 жылы Санкт-Петербургте болған
табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минерология бӛлімінің
мәжілісінде В.В.Докучаев баяндама жасап берген.
Қазіргі тҥсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ҧнтақталған
қҧнарлы қабаты, тірі және ӛлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері
бар ерекше қҧрылым. Топырақтың негізгі қасиеті оның қҧнарлығы.
Топырақтың қҧнарлығы дегеніміз - оның ӛсімдіктердің қоректік элементтерге,
суға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы. Ӛсімдіктер қҧнарлы топырақ
қабатынан тамыр жҥйелері арқылы қоректік затты алып, суды бойына cіңіріп,
жапырақтарға тҥскен кҥн сәулесімен ауадағы кӛмірқышқыл газы арқылы
жҥретін фотосинтез нәтижесінде денесіне ӛте мол органикалық, биофильді
минералдық заттар жинап, едәуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар
бҥкіл жан-жануар, адамзат тіршілігі ҥшін ӛмір ӛзегі болып табылады.
Қҧнарлы топырақ - ауыл шарушылығындағы негізгі ӛндіріс қҧралы
болып табылады. Егіншілік, мал шаруашылығының ӛркендеуі топырақ
қҧнарлығына тікелей тәуелді. Сондықтан адам топырақтың қҧнарлы қабатын су
және жел эрозиясынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып,
топырақ қҧнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асырады.
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера)
шекарасында жайғасып, солардың бір-бірінің ара қатынасынан дамып,
геосфераның ерекше қабығы педосфераны - яғни жердің топырақ жамылғысын
тҥзейді.
Топырақ - биосфераның негізгі компоненті. Ол жер бетіндегі тіршіліктің
дамуына қолайлы орта.
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың ҥздіксіз ҥлкен геологиялық және
кіші биологиялық айналымы ӛтеді.
1. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен аналық тау
жыныстарынан пайда болған топырақтан ӛсімдіктер қоректік элементтер алады.
Олардан суға ерімейтін кҥрделі органикалық қосылыстар тҥзіледі.
Биологиялық кіші зат айналымының негізгі нәтижесі - қоректік
элементтердің топырақтың жоғары қабатында шоғырланып, қҧнарлы
топырақтың тҥзілуі.
2. Геологиялық ҥлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер
бетіндегі тау жыныстарының ӛзгеруі мен қозғалуын қамтиды. Соның
нәтижесінде борпылдақ ҥгілу қабаты пайда болып, топырақтың тҥзілуінің негізі
қаланады.
3. Топырақ, ауа және су сферасының химиялық қҧрамын реттейді.
Фотосинтез арқылы ӛсімдіктер тотыққан кӛмірді сіңіреді де, кӛміртегі
тотығынан қҧралатын органикалық қосылыстарды тҥзейді. Ӛсімдік СО
2
мен
судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға О
2
-бӛліп шығарады.
4.Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бҥкіл биосфералық қҧбылыстар
реттеледі. Топырақ - адамзат ҥшін ӛлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық немесе
қҧрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.
Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың ғалымы В.В.Докучаев
(1846-1903) болды. В.Докучаевқа дейін топырақ агрономия мен геологияның
негізгі бір саласы ретінде зерттеліп келді.
ХІХ ғасырдың басында кейбір жҥргізілген тәжірибе жҧмыстарына сҥйене
отырып, неміс ғалымы О.Таэр ӛсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі
теориясын ҧсынды. Осыған байланысты химиктер И.Берцелиус, К.Шпренгель
т.б. топырақтың қара шіріндісі - гумуспен айналысты. Олар гумустың кҥрделі
органикалық заттардың бірнеше топтарынан тҧрып, әртҥрлі химиялық қҧрамы
мен қасиеттерге ие екенін анықтады. Сонымен А.Таэрдың ӛсімдіктердің
органикалық қоректенуі теориясы енді ӛсімдіктердің минералдық қоректену
теориясымен алмасты. Минералдық қоректену теориясының авторы неміс
ғалымы Ю.Либих болды. 1840ж. оның ‖Химияны егіншілік пен физиологияда
пайдалану‖ деген еңбегі жарық кӛрді. Осыдан кейін тыңайтқыштардың
ӛсімдіктерге тигізер пайдасы жӛнінде тәжірибелер кең ӛріс алып, оның
әсерлері анықталды. Яғни, топырақтың жыртылған қабатындағы N, P, K (азот,
фосфор, калий) мӛлшері анықталды. А.Таэр, Ю.Либих (неміс химигі)
М.Бертолло, Ж.Бусенго (француз химигі) топырақты ӛсімдік тамырлары
тарайтын орта деп, ол минералдық және органикалық заттардың қосындысынан
тҧрады деп пайымдады. Топырақты сапасы жағынан жақсыға, ортаға, жаманға,
бидайға, сҧлыға, картопқа т.б. жарамды деп бӛлді.
Осы кездерде агрономия мен топырақтанудың геология бағыты ӛріс ала
бастады, оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары Ф.Фаллу,
Ф.Рихтогофен болды. Олар топырақ деген тҥсінікке жер бетінің ҥгілу қабатын
жатқызды. Алғашқыда топырақты тек геологиялық дене деп келген бҧлар,
кейінірек топырақ қҧрамындағы органикалық заттарды, топырақтың
агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Сонымен топырақтанудың -
агрогеологиялық бағыты қалыптасты.
Ресей қара топырағының пайда болуы жӛніндегі алғаш дҧрыс болжамды
орыстың ҧлы ғалымы М.Ломоносов (1763) айтқан. Ол ―Жер қабаттары туралы‖
кітабында ―Қара топырақтың пайда болуы, минералды емес, табиғи екі
патшалықтан ӛсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз
мойындаймыз‖ деп жазды. В.В.Докучаев бір ғасырдан кейін осыны ғылыми
негізге алды.
1886
жылы
Петербургтің
орман
институтының
профессоры
П.А.Костычев (1845-1895) топырақтанудан алғашқы оқулық жазды. Ол топырақ
қасиеттерін
ӛсімдіктер
мен
микроорганизмдер
ӛмірімен
тікелей
байланыстырды. 1886 жылы ―Ресейдің қара топырақты облыстары‖ - деген
еңбегін шығарып, онда топырақтың қҧнарын сақтап, ҧлғайтудың шараларын
ҧсынды. П.Костычев - топырақтануды тек агрономиялық қана емес, сонымен
қатар оны биологиялық ғылымға да жатқызды. В.В.Докучаевтың шәкірті
Н.М.Сибирцев,
П.А.Костычевті
топырақтанудың
ғылыми
негізін
салушылардың бірі деп бағалаған.
Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы Ресейде арнайы қара топырақ
жӛнінде комиссия қҧрды. В.В.Докучаев қара топырақтың геология-
географиялық және физико-химиялық зерттеу бағдарламасын жасады. 1877-
1878ж. далалық геология-географиялық зерттеу жҧмыстары В.В.Докучаевтың
басқаруымен жҥргізілді. Қара топырақты облыстарға, негізінен ат кӛліктерін
пайдаланып, мыңдаған шақырымдық маршруттар жасалды. Бірнеше жҥздеген -
топырақ және геологиялық шҧңқырлардың сипаттамасы жасалды, жер бедері,
ӛсімдіктері туралы да мағлҧматтар жиналды. Физико-химиялық талдауға әр
жердің топырақтары мен тау жыныстарының ҥлгілері алынды.
Сонымен, 1877-1878 жылдары далалық жҧмыстар, ал 1879-1881жылдары
химия-аналитикалық және ғылыми ӛңдеу жҧмыстары қолға алынды. Соның
нәтижесінде 1883ж. В.В.Докучаев ―Орыстың қара топырағы‖ деген ғылыми
еңбегін жазды. Бҧл еңбегінде – қара топырақ зонасы мысалында ҥлкен
теориялық тҧжырымдар жасады.
Топырақ табиғаттың ерекше минералдар, ӛсімдіктер мен жануарлар
сияқты табиғи және тарихи денесі екенін анықтады. Топырақты жер бетінің
жоғары кӛпжылдық топырақ тҥзуші факторларының ҥздіксіз әрекеттері
нәтижесінде пайда болған дене деп қарады.
Топырақ тҥзуші факторларға - климат, ӛсімдіктер мен жануарлар
дҥниесін, топырақ тҥзуші аналық жынысты, жер бедерін және аймақтың
геологиялық жасын жатқызды және бҧл факторлардың ҥйлесімді сәйкестігіне
байланысты ӛзгеретінін дәлелдеді. Сонымен қатар В.В.Докучаев топырақты
зерттеуде негізгі әдіс ретінде салыстырмалы-географиялық әдісті, яғни
топырақты оны тҥзуші факторлармен қоса зерттеу әдісін алды. 1889ж.
―Топырақтану‖ журналын шығарды, бҧл журнал кҥні бҥгінге дейін Ресей
ғылым академиясының журналы болып шығуда.
В. В. Докучаевтың шәкірттерінің зерттеу жҧмыстарының жаңа
бағыттарымен жаңа ғылымдар туындады: В. И. Вернадский геохимия мен жер
биосферасы туралы ілімнің негізін қҧрады; Б. В. Полынов (1877-1952) жер
қыртысы геохимиясы туралы ілімді жасады; Г. Ф. Морозов орман туралы ілімді;
Г. Н. Высоцкий орманның топырақтарға және қоршаған кеңістікке әсері туралы
ілімді жасады.
К.К.Гедройц (1872-1932) т топырақтанудың химиялық саласын дамытты.
Яғни топырақтың коллойдтары мен сіңіру қабілеттілігін, сор топырақтар мен
сортаң топырақтарды зерттеуде аса ірі теориялық жетістіктерге жетті. А. Ф.
Лебедев топырақтар мен жер қабатындағы ылғал туралы ілімді; А. И.
Прасолов, Е. Н. Иванова, И. П. Герасимов топырақтар классификациясы мен
картографиясын жетілдірді; С. А. Захаров топырақтар морфологиясына, Г. Н.
Высоцкий топырақтардың су режиміне зерттеулер жҥргізеді. Ғылымда ерекше
бағыт, Г. Ф. Морозов, Г. Н. Высоцкий, С. И. Коржинский, Г. И. Танфильев
жҧмыстарында негізі қаланған – орман топырақтануы туындады.
Топырақтанудың биологиялық бағытын - академик В.В.Вильямс (1863-
1939) қалады (ТСХА), ол топырақтың қҧнарын арттырудың егіншіліктегі шӛп
танапты жҥйесін ҧсынды.
В.И.Вернадский - ―Топырақ - аса кҥрделі, әрі ӛлі, әрі тірі дене деген -
сондықтан оны зерттеу ӛте қиын. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар
әдісі қажет болса, екінші жағынан биологиялық ғалымдар әдістерін қолдану
қажет. 1948 жылға дейінгі топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға
жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғары оқу орындарында геология
топырақтану факультеттерінде дайындалды.
1948 жылы Бҥкіл одақтық ауыл шарушылық академиясының тамыз
сессиясында топырақтану ғылыми бір ауыздан биологиялық ғылымдарға
жатқызылды. Осы кезден бастап мамандарды дайындау оқу орындарының
биология топырақтану факультетінде дайындала бастады. Сонымен
топырақтану ғылымы аса кҥрделі және ӛте қажетті ғылым. Халық санының кҥн
сайын ӛсуі, олардың әл-ауқатының кӛтерілуі ҥшін топырақтанудың маңызы
жылдан-жылға арта бермек.
Алғаш рет Қазақстан топырақтары туралы араб оқымыстылары Ибн-
Хардадбах, Ибн-Хаукаль, Ибн-Русте және басқалардың еңбектерінде Х ғасырда
байқалады. Олар сор топырақтарды және саздарды Сырдарья ӛзенінің (Отырар
маңайында) аңғарынан белгілеп кӛрсетті. Петр І және Екатерина ІІ заманындағы
экспедицияға қатысушылардан, П. И. Рычковтан (1762), П. С. Палластан (1770),
И. П. Фалькіден (1770-1771) және басқалардан ӛте кеңейтілген және нақты
ғылыми мәліметтер тҥскен.
И. И. Лепехин (1795), С. Г. Гмелин (1806), Э. А. Эверсман (1840), Ш. Ш.
Уәлиханов (1855), П. П. Семенов-Тяньшанский (1855-1857), К. М. Бер (1856),
Ф. Рупрехт (1866), Г. И. Танфильев (1902) және басқалар, топырақ-ӛсімдік
жамылғысының аймақтық орналасуын атап кӛрсетті, топырақтардың кейбір
сипатты ерекшеліктерін белгіледі, жекеленген ӛлкелерді аудандарға бӛлуге
әрекет жасады, мысалы Каспий ойпатының маңы (Борщов, 1865).
Ш. Ш. Уәлиханов Балқаш маңайындағы сор топырақты жолақ-тарға,
сортаң сусыз Семей ӛлкесінің даласына, Тянь-Шань тау етегінің жер ӛңдеу
ерекшеліктеріне, ол жердегі қазақ диханшыларының ӛз егін алқаптарына ―суды
ағыны жылдам ӛзендерден, арықтар арқылы шығаратынына, тары мен бидай‖
егетініне кӛңіл бӛлген.
1861ж. Э. А. Эверсман Орал казак жасақтарының территориясының (Батыс
Қазақстан) алғашқы схемалық топырақ картасын жасады, онда қаратопырақ,
сортаңдық, жайылма топырақтар және т.б. кӛрсетілген. Ф. Ю. Левинсон–Лессинг
(1890) ―Қырғыз даласының топырақтары жәйлі ес-кермелерінде‖ Ақтӛбе
облысының солтҥстік бӛлігінің топырақтарына қыс-қаша сипаттама берді.
Кейінірек А. Я. Гордягин (1894-1899) Батыс Сібірдің оңтҥстігіндегі (Петропавлдан
Кӛкшетауға дейін) топырақ-ботаникалық зерттеулер нәтижесінде қаратопырақтың
ормандалған және далаланған зоналарын, зонашықтарға тән кебірлер және сҧр
орман топырақтарын бӛліп кӛрсетті. 1902 ж. Г. И. Танфильев Ертіс етегіндегі
жазықты аралап қаратопырақты, кҥрең топырақты, сортаң және сорды сипаттады.
Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысын жҥйелі зерттеу, 1907-
1916 жж. К. Д. Глинканың басшылығымен қолға алынды. Топырақты зерттеуге
Ресейдің белгілі топырақтанушылары С. С. Неструев, А. И. Бессонов, Р. И.
Аболин, М. И. Рожанец, Г. М. Тумин, В. И. Искюль, Ф. И. Левченко, Б. А.
Скалов, А. И. Хаинский, А. Райкин, Н. Д. Емельянов және т.б. жҧмылдырылды.
1909-1915 жж. К. Д. Глинка басшылығымен Л. И. Прасолов, А. И. Бессонов,
С. С. Неуструев Қазақстанның таулы жҥйелерінің негізгі тік топырақтық
аймақтарын және топырақтар типтерін анықтады.
1918-1928 жж. И. В. Ларин, Н. А. Димо, Р. И. Аболин, И. П. Герасимов, Е. Н.
Иванова, Е. В. Лобова, Т. Ф. Якубов, В. А. Дубянский және басқалар Қазақстанның
топырақтарын, ӛсімдіктерін және топырақты-ботаникалық аудандарының табиғи-
тарихи жағдайларын нақты сипаттады
Топырақтық зерттеулерге Қазақстанның барлық облыстарының ҥлкен
территориялары қамтылды және маңызды ғылыми нәтижелер алынды.
Экспедиция жҧмыстарының нәтижелері бойынша алғаш рет топырақ
жамылғысының географиялық таралуының жалпы заңдылықтары орнатылды
және топырақ аймақтарының шекаралары белгіленіп, топырақ-тардың негізгі
типтері мен әр тҥрінің морфологиялық және химиялық қасиеттері зерттелді,
әлемдік танымға ие болған топырақтардың жаңа типтері: сҧр, қоңыр-сҧр
топырақтар бӛлініп негізделді. Зерттеулермен топырақ аймақтарының және
биіктік
белдеулерінің
ширектік
структурасы
анықталды,
топырақ
классификациясының
схемасы
белгіленді.
Қазақстанның
жазық
территорияларында солтҥстіктен оңтҥстікке дәйекті ауысатын: қаратопырақты,
кҥрең, қоңырқай және сҧр немесе ақсҧр тҥсті топырақтық аймақтар айқындалды.
Топырақтану ғылымы - жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына
қосыла тҧрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде алатын орны ерекше.
Қазақстанда топырақтану ғылымының негізін қалаған О.Оспанов (1906-
1993) болды. Ол 1932ж. Москвада ТСХА-да топырақтану және агрохимия
мамандығын алған. Ол В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының
аспирантурасын бітіріп, 1936ж. геология-минерология ғылымдарының
кандидаты дәрежесін алған. Қазақ Ғылым Академиясында Қ.И.Сәтпаевтың
орынбасары болды. Ол Қазақстанда топырақтану секторын ҧйымдастырып
проф. А.И.Безсоновты (1875-1962) басшылыққа (1939) шақырды. Бҧл ҧжымға
КСРО-ға В.Докучаев атындағы топырақтану институтының директоры
Л.И.Прослов бастаған белгілі атақты ғалымдар И.П.Герасимов,
М.А.Глазовская, Е.В.Лобова т.б. қосылды.
В. В. Докучаев идеяларының негізінде кӛрнекті отандық ғалымдардың
еңбектерімен жасалған топырақтану, мықты кең танымға иеленді, топырақтардың
орысша атауы – қара топырақ, сортаң, сҧр топырақтар, және де қазақша – тақыр
халықаралық терминдерге кірді.
Осы кездегі зерттеулер еліміздің топырақтану саласына зор ҥлес қосып,
кейбір осы аймақтағы анықталған топырақ аттары бҥкіл әлемдік топырақтану
терминдеріне енді. Мысалы. С.С.Неуструевтің Шымкент уезіндегі тау
етегіндегі топыраққа қойған «Серозем-Сҧртопырақ» атауы, Перовск (Қызыл-
Орда) уезіндегі Қазалы маңындағы топырақ аты «Сҧр-қҧба» қазірде әлемдік
терминдерге айналған.
Қазіргі кезде топырақтану ғылымында кең ауқымды бірқатар ғылыми
бағыттар пайда болды олар топырақ географиясын, физикасын, химиясын,
биологиясын, морфологиясын және минералогиясын зерттейтін болып
бӛлінеді. Топырақтардың тҥзілуі – топыраққа әртҥрлі факторлардың (ауа-
райының, ӛсімдіктердің, рельефтің (жер бедері), геологиялық шӛгінділердің
және елдің жасының) ӛзара әсерінің кҥрделі ҥрдісі болғандықтан
топырақтарды зерттегенде басқа ғылымдағы білімдер қолданылады.
Табиғи жағдайларды: ӛсімдіктерді ӛсіруді (егіншілікті, шалғындықты,
орманшылықты,
орман
шаруашылығын),
мелиорацияны,
агрохимияны,
географияны зерттеуге байланысты – топырақтану кӛптеген пәндердің негізі
болуда; метеорология, ӛсімдіктер физиологиясы, ботаника, дендрология, геология
және басқада ғылымдармен тығыз байланыста дамуда.
ХХ ғ. 20-жылдарынан бастап Қазақстандағы топырақ зерттеулерін
ҧжымдастыруға, жергілікті тҧрғындарды отырықшылдыққа кӛшіруге және
шаруашылықтарда жерге орналастыру жҧмыстарын жҥгізуге байланысты жаңа
қарқынға ие болды. Қазақ КСР-ның Жерге орналастыру Халық комиссариатының
топырақтар бюросы, Су шаруашылығы басқармасы және Мемлекеттік Жерге
орналастыру тресті республиканың әр аудандарында ірі масштабты топырақтық-
ботаникалық және агроэкономикалық зерттеулерді іске асырды. Оған
қазақстандық жас топырақтанушылар У. У. Успанов, Я, Ф. Дубовник, С. П.
Матусевич, И. А. Бесполуденов,
А. В. Мухля, А. Ф. Большаков, В: М. Боровский, А. Г. Рубинштейн М.С.,
Гаель,М. С. Малюгин, Е. С. Останин, В. В. Федоров қатысты.
1935 ж. Қазақ тыңайтқыш және агротопырақтану институты В. Р.
Вильямс атындағы Қазақ жер ӛңдеу институты болып қайта қҧрылды және
мҧнда М. А. Глазовская, И. П. Герасимов сияқты белгілі топырақтанушылар
жҧмыс істеді.
Қазақстанда топырақтану институты 1945ж ғылыми академиясының
қҧрамында ашылды.Топырақтану институтының ғалымдары (У.У.Оспанов
В.М.Боровский, М.А.Погребинский, М.С. Рубинштейн, К. Д. Каражанов, Н. Л.
Якупова, Р. Х. Киевская, Т. Ф. Некрасова, И. К. Асанбаев, К. Ш. Фаизов, С. И.
Соколов, С. А. Никитин, Ж. У. Аханов, Л. И. Пачикина, Н. Т. Колесникова, В.
А. Корниенко, Ж. У. Мамытов, М. А. Орлова, Р.Джанпеисов, М.Михайличенко,
т.б.) ―Қазақ ССР-ның топырақтары‖ сериясынан, Республика облыстарының
топырақ жамылғысының кешенді сипаттамасына арналған 14 томдық
монография басып шығарды, онда ҥлкен региондар және табиғи зоналар
топырақтары жайлы мәліметтер, топырақтар систематикасы мен диагностикасы
қҧрастырылып, мелиорация, эрозия, микробиология, минералогия және басқа
мәселелер жӛнінде тҥпкілікті қорытындылар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |