«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Топырақтың минералдық қҧрамы



Pdf көрінісі
бет14/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
1.6 Топырақтың минералдық қҧрамы 
Минералдар.
Тҧрақты химиялық қҧрамы және белгілі бір
физикалық қасиеттері бар, химиялық тҧрғыдан алғанда біртекті денелерді, 
минералдар 
деп атайды. Пайда болу жағдайларына байланысты минералдарды 
ҥш топқа бӛледі: 
магмалық, шөгінді, метаморфтық.
Магмалық 
бастапқы минералдар жоғары температура және магмадағы 
қысымының әсерінен қҧралады. 
Шөгінді
жыныстардың туынды минералдары тау жыныстарының 
ҥгітілуге ҧшырап, қабатталып жиналуынан пайда болған. 
Метаморфтық 
жыныстардың минералдары жоғары температура мен 
қысым жағдайында ӛтетін физика - химиялық процестердің әсерінен тҥзіледі. 
Бірақ тау жыныстарының жаппай балқуы болмайды. 
Минералдардық қазіргі заманғы классификациясының негізіне, бірінші 
кезекте, химиялық қҧрамы алынған. Осы классификация (жіктеу) бойынша 
минералдарды кластарға, ал кластарды топтарға бӛледі. 
1
класс - саф элементтер
2
класс - сульфидтер; 
3
класс 

галоидтер; 
4
класс - тотықтар және гидрототықтар; 
5
класс - оттегі қышқылдарының тҧздары; 
6
класс - органикалық қосылыстар; 
1-класс. 
Бҧған табиғатта еркін кҥйде болатын, барлық қарапайым 
минералдар жатады: , 
алтын, күміс, платина, 
ал металлоидтердан - 
күкірт, 
графит, алмаз, 
топырақтануға бҧл минералдардың айтарлықтай ықпалы жоқ. 
2-класс. 
Бҧл 
кластың 
минералдары 
топырақтарда 
және 
тау 
жыныстарында, 1 класс минералдарына қарағанда жиірек кездеседі. Кейбір 
сульфидтер қалпына келу процестері ӛтіп жатқан топырақтардан, табылуы 
мҥмкін. Кӛп таралған сульфидтерге 
Пирит 
немесе 
темір, күкірт, колчеданы 
(ҒеS
2
), 
 халькопирит, 
немесе 
мыс колчеданы 
(СuҒеS
2
),
 сфалерит 
(ZпS).жатады, 


Пирит 
немесе 
темір, күкірт, колчеданы 
(ҒеS
2
). Қатты кҥйдегі минерал, 
магмалық және ҥгітілген жыныстарда кездеседі. Пирит рудалары кҥкірт 
қышқылын ӛндіретін ӛндіріс ҥшін негізгі шикізат кӛзі болып табылады, оны 
кҥйдіру жолымен ӛңдейді. Осы жағдайда кӛмір қышқыл газы тҥзіледі, содан 
соң оны тотықтандырып SO
3
- ке ауыстырады, ол одан әрі Н
2
O сумен қосыла 
отырып кҥкірт қышқылын тҥзеді. 
Халькопирит, 
немесе 
мыс колчеданы 
(СuҒеS
2
). Бҧл минерал друздық бос 
қуыстарда, гидротермалдық жылғаларда дамыған. Ҥгітіле келе мыс сульфатына 
және темірге айналады. Мыс сульфаты СO
2
немесе карбонаттармен оттегі және 
судың қатысуымен әрекетесе отырып 
малахит 
және 
азуритті 
тҥзеді. 
Халькопирит - мыс ӛндіретін кен кӛзі болып табылады. 
Сфалерит 
(ZпS). Бҧл минерал гидротермальдық жагдайда тҥзіледі. Цинк 
алдамшысы - цинк ӛндіретін басты кен кӛзі. 
3 класс 
Бҧл
 
класқа галоид қышқылдарының тҧздары жатады. Олардың 
ішіндегі топырақ тҥзілу процестерінде ҥлкен роль атқаратын тҧз қышқылының 
минералдарын атап ӛтуге болады. 
Галит 
немесе тас тҧзы (NaС1). Табиғатта біртекті тҧтасқан қабат 
тҥрінде кездеседі. Бҧл қабат кӛп жағдайда перм жатыстарында 
орналасады. Кейде тас тҧзы ерітінді (рап) тҥріндеі де кездеседі, бірақ уақыт ӛте 
келе осы ерітінді кристалға айналып қатты кҥйге ауысады. Таз тҧзы химия
және тамақ ӛндірісіндеі кеңінен қолданылады. 
Сильвин 
(КСІ). Бҧл минерал кеуіп бара жатқан тҧз кӛлдерде немесе 
теңізден бӛлініп қалған қойнауларда тҥзіледі. Бірақ осындай жағдайлардың 
бәрінде де силъвин тҥзіле бермейді. Себебі минералдың қҧрамына кіретін 
калий элементінің біраз мӛлшері топыраққа сіңіп кетеді. Сильвин негізінен 
тыңайтқыш ретіндеі қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет