«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет12/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

қатты фаза 
(минералдық және органикалық), 
сұйық фаза
(топырақ ерітіндісі), 
газды фаза 
(топырақ ауасы) және 
тірі фаза 
(топырақтағы тірі организмдер). Бҧл фазалар 
бір-бірімен ӛте тығыз байланыста болады.Сонымен бірге, топырақ – ашық, 
жылжымалы жҥйе, ӛйткені ол биосфераның басқа жҥйелерімен ҥздіксіз қарым-
қатынаста болып тҧрады. Топырақтың фазалық қҧрамы оның қҧрылымына 
байланысты. Қҧрылымы жақсы топырақтың кеуектіліктері кӛп болады, соған 
сәйкес оның қҧрамында су мен ауа жеткілікті тҥрде кездеседі. Тығыз топырақта 
керісінше, саңылау аз, сондықтан онда газдық және сҧйық фазалар аз кездеседі. 
Топырақ қабатынан тӛмен қарай фазалық қҧрам ӛзгереді, ал ең жоғарғы 
гумустық қабат тасты немесе дәнді қҧрылымды болып келеді және ӛзінің 
кеуектілігі кӛп болғандықтан басқа қабаттарға қарағанда ауаға бай болып 
келеді. Топырақтың негізгі компоненттеріне әдетте минералдық бӛлшектер 
жатады, детрит - ӛліп қалған органикалық заттар, ӛсімдіктер және жануарлар 
тіршілігінің қалдықтары, сонымен қатар кӛптеген тірі ағзалардың 
(микроорганизмдердің, омыртқасыз жануарлардың ӛкілдері – қарапайымдылар, 
жауын қҧрты, моллюскалар, насекомдар, омыртқалы қазушылар, личинкалар 
және т.б.) детритофагтардан редуценттерге дейін, дитриттерді гумусқа дейін 
ыдырататындар. Топырақтың тірі және ӛлі компоненттері бір–бірімен тығыз 
байланыста болады.
Топырақтың табиғи дене ретіндегі ерекшелігі – ол ӛте кҥрделі зат 
қҧрамдары және негізгі кӛрсеткіштері ӛзгерулерінің заңдылықтарының бар 
болуы. Сонымен қатар ерекше, тек топыраққа ғана тән органикалық заттары 
(қарашірінді), химиялық элементтерінің әр тҥрлі қҧрамдарының болуы. 
Топырақтың қатты фазасы 
кӛлемінің топырақтың табиғи 50-60%-ын 
алады. Қатты фаза қҧрамына топырақтың минералды және органикалық 
бӛліктері жатады, ал минералды бӛлік топырақтың қатты фазасының негізін 


қҧрайды. Топырақтардың қҧнарлы қара шіріндісіне (гумусқа) бай беткі 
қабатының ҥлесіне бҥкіл қатты фазаның 90-95%-ы, тӛменгі қабатына 99 % және 
одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың минералды қҧрамы негізінен топырақ 
тҥзуші жыныстардың минералдық қҧрамын сақтайды. Топырақтың қатты 
фазасы оның негізгі, матрицасы, топырақ тҥзілу ҥрдісінде аналық тау 
жынысынан қалыптасады. Ол полидисперстік және поликомпоненттік органо-
минералдық жҥйе болып табылады, қҧрамындағы ірі жыныс сынықтар кӛлемі 
0,001 мм ҥлкен болса, сол сияқты жоғарғы дисперстік бӛлшектер кӛлемі 1 мкм 
кіші. Топырақтың қатты фазасы қалдық минералдардан тау жынысының 
сынығынан, ӛсімдіктер қалдықтарынан, олардың тҥсімдерінің аз мӛлшерде 
ыдырауы, гумустан, екінші балшықты минералдан, жай тҧздардан және оксид 
элементтерінен қҧралады. Қатты фаза грануметриялық, минералогиялық және 
химиялық қҧраммен, қҧрылыммен, кеуектілікпен және басқа қасиеттерімен 
сипатталады. 
Топырақтың сұйық фазасы – 
бҧл топырақтағы ылғал, топырақ 
ерітіндісі. Топырақтағы қҧрамы және кӛлемі бойынша оның ӛте жылжымалы 
бӛлігі топырақтың кеуектілік кеңістігін толтырып тҧрады. Сҧйық фазаны -
топырақ денесінің ―қаны‖ деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және 
кӛлденең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар бӛлінеді.
Топырақтың газды фазасы –
бҧл ауа, судан бос топырақ саңылауларын 
толтырып 
тҧратын 
оттегі, оның 
қҧрамы 
атмосфералықтан 
едәуір 
айырмашылығы бар және уақытқа байланысты ӛте динамикалы болып келеді. 
Топырақтың тірі фазасы - 
бҧл топырақты мекендейтін және топырақ 
тҥзу процесіне қатысатын тірі ағзалар. Оларға жататын микроорганизмдер, 
микро- және мезофауналар, ӛсімдіктердің тамыр жҥйелері. Әрбір ағза тҥрлеріне 
тән 
белгілі 
қызметтер: 
кейбір 
ағзалар 
органикалық 
заттардың 
фотосинтетикалық ӛнімдерін атқарады (жоғарғы сатыдағы ӛсімдіктер), ал 
кейбіреулері жылда ӛлетін ӛсімдіктер органының диструкция қызметін 
атқарады (топырақ мезофаунасы және жануарлар); тағы бір бӛлігі деструкция 
ӛнімінің терең тасымалдауын қамтамасыз етеді.
Табиғатта топырақтар осы барлық фазалардың бірлігі арқылы бір 
физикалық дене сияқты қызмет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет